Жаңа заманның жаңа тұлғалы ұстазы
Касенова Алина
Ұстаздың ұлы тұлға екені хақ. Алайда бұл мәтелді өз ісінде кемелдікке жеткен ұстаз ғана ұлы деп толықтырар едім. «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз» дейді орыс педагогі Константин Ушинский. Ал бүгінгі ұстаздың тұлғалық дамуында айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын іс – заман талабына сай болу… Константин Ушинский бұл мәселені сонау 19-ғасырда да атап өтіп, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» -деді.
Қазіргі әлем елдерінің, қоғамның, технологиялардың, ғылымдардың жоғары қарқындылықпен дамуы өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті, сыни ойлау деңгейі өскен жастарды талап етеді.
Оқушылар өмірдің өзгермелі құбылыс екенін түсініп, түрлі жағдайда саналы таңдау жасай алу, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттеріне ие болулары қажет. Цифрланған, шексіз даму үстіндегі әлемде оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алу үшін ұстаздың өзіне де заман талабына сай даму қажеттілігін тудырды.
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлем елдерінің біраз бөлігінің білім беру жүйесін қайта қаратты. Соның ішінде Қазақстан да дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған білім беру жүйесіне ауыстырды. Ойлаудың жоғары деңгейіне негізделген пробламалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Білімді дайын қалпында емес, оны оқушы тұлғасына бағыттап беру функционалды сауаттылыққа әкелетіні тәжірибе жүзінде де дәлелденген. Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі қайталау мен жаттауға негізделген репродуктивті білім тек жаттау мен есте сақтау дәрежесімен шектелсе, конструктивті білім оқушыларды алған ақпаратын түсіну,
талдау, ой қорыта алу, алған білімін қолдану сынды дәрежеге жеткізеді.
Қорытындылай келе, мұғалімдер оқушыларды жаңа әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады деген тұжырымға келдік. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыру мұғалімге маңызды жауапкершіліктерді жүктеп, оқытушының кәсіби құзыреттілігін талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігі кемеліне жеткен ұстаз – заман талабына ұстаз екені анық.