Ақсақалдың даналығы

Меделбай Қарақа Дарханқызы

Бір ауылда бай әрі ақылды, дана ақсақал қария өмір сүріпті. Оның байлығы мен даналығын естіп, жан-жақтан адамдар келіп, одан ақыл-кеңес сұрапты.

Бір күні жас жігіт ақсақалға келіп, былай деп сұрапты:
— Ата, мен өз өмірімде көп қателіктер жіберіп жүрмін. Маған өмірдің мәнін түсіндіріп, қалай дұрыс жолда жүруді үйретіңізші.

Ақсақал жігітке күлімдеп қарап, жауап беріпті:
— Сенің сұрағыңа жауап бергенімді қаласаң, алдымен бір тапсырма орындауың керек.

Жігіт қызыға сұрапты:
— Қандай тапсырма, ата?

Ақсақал жігітке кішкене бос шыны ыдыс беріп, былай депті:
— Міне, осы ыдысты ал да, ауылдың шетіне барып, оны үлкен тастармен толтыр.

Жігіт тез арада тапсырманы орындап, үлкен тастарды ыдысқа салып келіпті.

Ақсақал:
— Енді, ыдыс толды ма?

— Иә, толды,- деді жігіт

Ақсақал күлімсіреп, тағы да тапсырма беріпті:
— Енді, сол ыдысқа ұсақ тастарды сал.

Жігіт тағы да ақсақалдың тапсырмасын орындап, ұсақ тастарды үлкен тастардың арасындағы бос орындарға толтырыпты.

Ақсақал тағы да сұрапты:
— Енді толды ма?

Жігіт ойланып:
— Иә, енді толды.

Ақсақал тағы бір тапсырма беріп:
— Енді осы ыдысқа құмды толтыр, — депті.

Жігіт құмды әкеліп, ыдыстың ішіндегі барлық бос орындарды толтырыпты.

Ақсақал соңында тағы да сұрапты:
— Енді толды ма?

Жігіт:
— Иә, енді нақты толды.

Ақсақал ақыры жауап беріпті:
— Міне, өмір де осындай. Үлкен тастар — сенің ең маңызды нәрселерің: отбасың, денсаулығың, достарың, бос уақытың. Егер сен оларды бірінші орынға қоймасаң, қалғандарының еш маңызы болмайды. Ұсақ тастар — жұмыс, үй, машина сияқты, бірақ үлкен тастардан кейінгі орында тұратын нәрселер. Ал құм болса ұсақ-түйек нәрселер: телефон, әлеуметтік желілер, ойындар. Егер сен өміріңді тек құммен толтыратын болсаң, үлкен тастарға орын қалмайды.Яғни отбасың, достарың, денсаулығың, бос уақытың өміріңідегі ең құнды қазыналарың. Осы қолда бар қазыналарыңды бағалап, қадірлей білсең сен өмірдегі ең бақытты жан боласың. Ал жұмысқа, машинаға, үйге барлығына сен дұрыс мақсат қоя білсең ғана жетесің!- деген екен.

Жігіт ақсақалдың ақыл-кеңесін түсініп, өз өміріне тура қарауға, дұрыс шешім қабылдауға бел буыпты.

Осы әңгімеден кейін жас жігіттің өмірі біршама өзгерген екен. Ол өмірдің құндылығын түсініп, ақылды, бай қуатты тұлға болыпты.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *