Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық өнер негізінде этномәдени тәрбие беру әдістемесі
Мақала тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық өнер негізінде этномәдени тәрбие беру әдістемесі
Аннотация. Жылы мақалада бастауыш сынып оқушыларына этномәдени білім берудің мәні ашылады. Оқушылардың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру үдерісі неғұрлым тиімді болатын түйінді ерекшеліктер қарастырылады. Сондай-ақ мақалада этномәдени білім берудің негізгі миссиясы – мәдениетаралық қарым-қатынастың, мәдениеттер мен ұлттар диалогының гуманистік ұстанымдарын жаңғырту көрініс тапқан.
Түйінді сөздер: этномәдени тәрбие, этномәдени тәрбиенің ерекшеліктері.
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.
Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ғылыми – педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс–тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды.
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады. Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді.
Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев , С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ш.М.Мұхтарова, С.Қ.Абильдина, Ж.М.Акпаров, т.б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуын, оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған Д.С.Ешмұратованың зерттеулерін атап өтуге болады.
Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері – қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі – ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.
Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын, оның адамгершілік мұраттарын, халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары, салиқалы көзқарастары, білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен.
Сонымен, этномәдени тәрбие — бұл ұрпақтардың мақсатты өзара әрекеттестігі, соның нәтижесінде өскелең ұрпақтың бойында этникалық сана-сезім, этнос өкілі ретінде өзіне адекватты қарым-қатынас, өз ұлтына деген мақтаныш сезімі, өз халқының ана тіліне, тарихы мен мәдениетіне деген оң көзқарасы қалыптасады., сондай-ақ басқа этностардың өкілдеріне деген құрмет пен толеранттылық.
Қазіргі уақытта негізгі ұлттық құндылықтар мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесінің, яғни оқушылардың сабақтық, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-әрекеттерін айқындайтын мектеп өмірінің біртұтас кеңістігінің негізінде жатыр. Білім берудегі тәрбие үдерісінің сапасы мектеп оқушыларының тәрбиелік деңгейімен, тәрбие үдерісінің нәтижесі болып табылатын жалпы тұлғалық мәдениеттің қалыптасу деңгейімен тікелей байланысты. Негізгі құндылықтарды тұлғалық құндылық мағыналары мен бағдарларына айналдыру процесі баланы сол немесе басқа құндылықтың мәнін ашу үдерісіне қосуды, оған деген өзіндік көзқарасын анықтауды, осы құндылықтарды шығармашылықпен жүзеге асыру тәжірибесін қалыптастыруды талап етеді. іс жүзінде.
Кез келген елдің, жалпы өркениеттің болашағы өскелең ұрпақты оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың нәтижелілігіне, оның интеллектуалдық, рухани, адамгершілік қасиеттеріне байланысты.
Мектеп этномәдени бірегейлікке қол жеткізуде әлеуметтік-мәдени қызмет саласы мен этномәдени тәрбиенің негізі ретінде ерекше маңызды рөл атқарады. Оқушы өзін қайталанбас тұлға ретінде танудың алғашқы тәжірибесін мектеп өмірінде алады. Оқушылардың табиғи қабілеттерін дамыта отырып, мәдениетті жағдайда мәдениетті байыта отырып, мектеп жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына негізгі алғышарттар жасайды. Мектеп жас ұрпақтың өз ұлттық мәдениетіне, тіліне деген қажеттілігін, өз халқымен сәйкестендіруге деген ұмтылысын қалыптастыратын арна болып табылады. Ол әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде туған өлкенің тарихына, өз халқының рухани-адамгершілік құндылықтарына, ұлттық салт-дәстүрлеріне азаматтық көзқарасты тәрбиелейді.
Сондықтан мектепте оқушының интеллектуалдық қана емес, азаматтық, рухани және мәдени өмірі де шоғырлануы керек. Мектепке барлық азаматтары өтетін жалғыз әлеуметтік институт ретінде қарау қоғам мен мемлекеттің құндылық-адамгершілік жағдайының көрсеткіші болып табылады. Мектеп жасындағы бала эмоционалды-құндылықтық, рухани-адамгершілік дамуға, азаматтық тәрбиеге барынша бейім. Сонымен қатар, өмірдің осы кезеңіндегі даму мен тәрбиенің кемшіліктерін кейінгі жылдары толтыру қиынға соғады. Бастауыш мектепте балаларды туған тілдерімен этномәдени тәрбиелеудің негізгі идеясы оқыту тілі – қазақ және басқа халықтардың тарихи бірлігі, Отанның ұлылығы мен байлығы және оқушыларды Отанын қорғауға, ұлттық қандас бауырластыққа, жеке тұлғаның рухани жетілуіне, мейірімділікке, еңбекке тәрбиелеуге дайындау идеясы тәрбие.
Ана тілін үйрену кезінде әрбір білім алушыға сол немесе басқа этномәдениет пен дәстүрдің өкілі ретінде өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі; этномәдени ортамен тең диалог үшін жағдайлар жасалады; өсіп келе жатқан тұлға этномәдени, жалпыұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген өркениеттік процестерге тартылады.
« Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемесі» тақырыбындағы жүргізілген жұмыстар туралы ғылыми – педагогикалық көзқарастарымды ұсынып отырмын.Ұлттық тәрбие- түйінді мәселелері көп, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, көп ізденуді талап ететін үрдіс . Ұлттық тәрбие беру бағытындағы жүргізілетін жұмыстың түрлерін шығармашылықпен түрлендіріп, жаңаша оқыту бағытында пайдалану өз нәтижесін береді
«Жас ұрпақты осы 1 сыныптан бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік- ұлттық рухта тәрбиелеу» деген тақырыптың ауқымында дөңгелек стол, пікір алысу, тәрбие сағаттарын ,сауалнама өткізудің тиімділігі бар. Ұлттық сезімдердің арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажеттігін ашық тәрбиелік іс-шаралар мен Абайтану сабағында жүзеге асыруға болады. Себебі бір ғана Абай бейнесі, шығармалары, аудармалары арқылы, әр оқушының өз жеріне,отандастарына сүйіспеншілік, орыс достары арқылы халықтар арасындағы достық қарым-қатынастың- ұлттық тәрбие берудегі таптырмас құрал екендігіне көз жеткіздім.
Жас ұрпақты ерлікке , мәрттілікке , ұлтжандылыққа үйрету –ұлттық тәрбиенің негізі.Оқушылардың жаңа ұжымын қабылдап алған сынып жетекші, әлбетте, ең алдымен балалардың жанұядағы тәрбие жағдайларын зерттейді. Қажет болған жағдайда ата-аналарымен тығыз байланыста болып, үй жағдайларын жете зерттеуі тиіс. Оқушылардың күн реттелімі мен жанұядағы еңбек міндеттерінің орындауына ата – аналардың қалай қарайтынына , балалардың сабақ даярлайтын орны мен шағын кітапханасының бар -жоғына , санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуына, оқушының бос уақытын қалай өткізетініне айрықша назар аударамын . Оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытындағы жүргізілетін жұмыстың теориялық мәселелерін сөз еткенде , Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя» повесін мысалға алуға болады.Ерлік барлық жанға қажетті категория.Олай дейтініміз. Б. Момышұлы « Ерлік- өзінің ең жаман мінез-құлқын жеңе білу» деген тұжырым жасаған. Міне , мұндай асыл қасиеттерді қазақ ата-аналары өз отбасында тәрбиелеп,өз еркімен дамыта аларлық дәрежеге жеткізген. Осы қағиданы басшылыққа ала отыра, ата-аналардың өз уәдесінде тұру, өз кемшіліктерін мойындау да ерлік іске жататынына мысалдар келтіремін. Ата-аналардың отбасындағы сыйластығы әдептіліктері баланың іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен байқалып тұратынын әр кездесуде ата-аналардың есіне салып отырудың еш артықшылығы жоқ. Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің негізі- ата-анасы. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойындағы ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілділік, қасиеттері қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық , батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады.Сондықтан да оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттердің ұлттық тәрбиенің бастауы екеніне көңіл бөлемін. Ата-аналармен әңгіме, жиналыс өткізу кезінде әр ата-анаға оның баласын қандай деңгейде , қандай қасиеттерімен көргім келетіндігіне басты назар аударамын, ол үшін әр ата- анаға баланың жанында үнемі болмасаңыз да, сіздің бейнеңіздің бала үшін қандай маңызы бар екендігіне көздерін жеткіземін. Себебі, кез-келген бала үшін оның ата-анасы қандай болса да,сол күйінде оны жақсы көріп ,аяушылық көрсететінін алысқа бармай-ақ, тастанды балалардың жүрек жарды лебіздерінен байқауға болатынын түсіндіріп отырудың еш артықшылығы жоқ.
Қазіргі кездегі педагогика бойынша ұлттық тәрбиенің қайнар көзі халықтың береке –бірлігінде, ынтымақ –ықыласында , елдігімен-ерлігінде екендігінде ешкімнің дауы бола қоймас. Олай болса, әрбір ата-анаға осы жүйені ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет. Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негізін айқындауда психологиялық, философиялық, педагогикалық тұрғыда зерттеу барысында әр кезеңде туындаған ұлттық тәрбие ұғымына талдаулар жүргіздім.
- Ұлттық тәрбие арқылы -Отанын сүйетін,оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш,отаншыл азамат қалыптасады.
2.Ұлттық тәрбие арқылы-адамгершілік және саяси принцип, сезім,оның мазмұны-Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш сезімі қалыптасады.
3.Ұлттық тәрбие арқылы-тұлғаның бойындағы Отан үшін қызмет етуге дайын, шын берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті дамиды.
4.Ұлттық тәрбие беру-адамның туа біткен, биологиялы қасиеті және ол-әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіснешілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.
- Бүгінгі жаһандану процесі тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм ұғымы- халықтар мен ұлттардың өз Отанына , мемлеке тіне деген сүйіспеншілімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілік сақтау үшін барлық күш-жігер жұмсау.
Жоғарыда берілген анықтамаларды сараласақ, әр кезеңде де ұлттық тәрбие беру ұғымы Отанға деген сүйіспеншілік тұрғысынан қарастырылады. Қазақтың тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәрбие жүргізілген. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уалиханов жақсы зерттеген және өзінің патриотизмге берген тұжырымдамасында жақсы берілген . Біз бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспнешіліктен барып халыққа деген махаббат екендігін білеміз.
Сондықтан , ұлттық тәрбие беруде ата-аналармен сыныпта әулет және тумаластармен қарым-қатынас сабақтарын жүргізу тиімді. Ол үшін алдымен ата-ананың осы тақырыпқа сәйкес іс-әрекеттеріне арналған тренингтер, оқушылар мен ата-аналардың бірлесіп өткізген отырыста мұғалімнің де, ата-ананың да осы бағыттағы жұмыста көмекке зәру екендігі көрініп,ұлтының әдет-ғұрпын, салтын сақтаудың отбасынан бастау алатындығына көз жеткізіледі. Оқушының еліне деген сүйіспеншілігі , ұлттық тәрбие негізінде ана сүтімен даритын киелі ұғым екендігіне « Отан-отбасынан басталады » атты отырыста ұтымды ойлар айтылуы тиіс. «Ұлттық тәрбие » ұғымын,ата-ана, оқушылар,мұғалім төмендегідей кестеге түсіруді ұсынуға болады:
Мұғалім | Ата- ана | Бала |
Бүгінгі,өткен тарих,
Отбасы,мектептің ынтымақтастығы өз халқының, елінің тәуелсіздігін аянбай қорғау |
Сыйластық
Ата тегін білу Тыныштық Достық қарым-қатынас Салт-дәстүрді білу |
Жақсы оқу
Спортпен айналысу әдептілік шындықты айту еліңді сүю
|
Бұл кесте бойынша мынадай қорытынды жасалады: Қазақстан халқының бойындағы ұлттық тәрбие беруді жетілдіруде Ел Президентінің «Ұлттың болашағына, оның өзіндік «Мен » дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау керек » деген сөзінен, баланың өздігінен дұрыс шешім қабылдап, өз өзімен жұмыс жасауына негіз салатын ата-анасынан көрген үлгісі мен тәрбиесі екендігін пікір алысу арқылы дәлелдедік.
« Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К. Ушинский. Сол айтпақшы,оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімге ең алдымен көмекке келетін ата-ана екендігін әрдайым түсіндіріп отыру қажет. Ата-ана- ел болашағы үшін қажетті, маңызды міндеттерді арқалаған , жауапкершілігі зор, бейнеті бел қайыстыратын күрделі және қажетті орта. Оның мәселелері де сан саналы, сан қилы. Ата-ананың мектеппен бірлескен қимылының арқасында ғана нәтижеге жетеміз.
Ата-аналар- халықтың бір бөлшегі.
Ендеше, ата-аналармен бірлесе отыра, ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға арналған шаралардың алатын орны ерекше екендігіне іс-тәжірибемде көз жеткіздім . Бұл ретте Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаевтың « Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту– қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» дегені еліміздің ұлттық тәрбие берудегі – басты ұстанымымызға айналуына бағытталған іс-шаралардың ерекшелігіне басты көңіл бөлеміз.
Ұлттық тәрбиенің басты көрінісі- қазақтың ана тілінде сөйлеуі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыс әдетін қалыптастыру,ізет, құрмет, қайырым,мейірім тағы басқа сезімдерін дамытуы мектеп пен ата-ананың сабақтастықтағы жұмысының нәтижесі екендігіне күнделікті жұмыста көзіміз жетіп отыр. Ел Президентінің « 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және дамушы елдерге үлгі болады» деген асқақ сезімді сөзімен аяқтауды жөн көрдім.
Назарларыңызға ұсынылған тақырыптағы мәселелер бойынша бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі жаңаша оқыту бағытындағы ұлттық тәрбиенің алатын орнына ерекше мән берілді деп есептеймін. Мектепте тәрбиенің белгілі бір мақсаты болмаса ,онда жүйелі жұмыс жүргізу мүмкін емес. Тәрбие жүйесінің негізгі қозғаушы күші – сынып жетекшісі және ата-ана. Бала өмірінде еліктеудің маңызын аша келіп «үлкен кісі не істесе, бала да соны істеймін деп талпынады» , сондықтан тәрбиенің басты мақсатының бірі – «жетіліп, өсіп келе жатқан баланың балдырған табиғатына азық беру, әуес қылған нәрсесін тәжірибе еткізу» деп ойлаймын.
«Зерттей отырып-тәрбиеле, тәрбиелей отырып- зертте»- бұл педагогиканың басты ұстанымдарының бірі. Әр ата-анаға ұлттық тәрбиенің негізін тәрбиелеп отырған баласы арқылы қалап, қажет жағдайда талап қоя біліп, ескерту жасау-салауатты да, сауатты ұрпақ тәрбиелеудегі басты парызымыз болып қала беретіндігіне жауапты екендігін түсіндіру, Бала әрекеттерінің мазмұнын және оның өсіп- даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу- тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, оны дұрыс жолға қоюға болады.