Патриотизм

Патриотизм

Жалпы “патриот” сөзін әр адам әр қалай түсінеді.Бұл өмірдің өзіндік заңдылығы іспеттес.Менде “Патриот”сөзін өзімше түсінгім келді,және менің ойым мынадай.Құрметті оқырман алдын-ала айтарым Абай атамыз айтқандай “Керегі болса алып,керексіз болса өз сөзім өзімде қалады”

Патриот деген кім? Қандай адам? Менің ойымша патриот-өз елін қандай жағдайда тастамайтын,өз елін сүйетін адам! “Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол!” демейме халық даналығы?Жақсы жұмыс,жақсы жағдай,өзіне лайық жалақы іздеп,отанын тастап кеткендер қаншама?Шет елдегі қандастардан сұрағанда”Өз елімді сағынамын,бірақ осы елдегі жағдай маған ыңғайлырақ”деп жауап қайтаратыны анық.Бұл адамдар патриот емес пе? Меніңше, бұл “амалсыздық.Біз ХХI ғасырда өмір сүреміз, ал ХХI ғасырда барлығы жақсы жағдайда өмір сүргіміз келеді.Мәселен Тұрар Рысқұлов өз халқының аштықтан қырылғанын көріп, 1933 жылы Сталинге ашық хат жазды.Сол жылдары Кеңестік билікке қарсы шыққандарды ату жазасына кесетінін білесіздер.Тұрар Рысқұлов билік басындағылардың “ақ дегені алғыс,қара дегені қарғыс” демей әділеттілік үшін ашық күрес жүргізді.Тұрар Рысқұлов өз елін азаттыққа жеткізу жолында қазақ зиялыларымен бірге көш басындағы саяси жетекшілердің бірі және бірегейі.

Сөз соңында айтқым келетіні:еліміздің мәңгілік,тәуелсіз,бейбіт, әділетті ел боліп өсуіне,келер ұрпақтың қамсыз өмір сүруіне жағдай жасау жастардың қолында. Тәуелсіздік тұғырын биік ұстайық!

 

Назарларыңызға рақмет!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *