Түймедақ гүлі
Адамның жанарына күлкі силайтын қасиеті бар гүлдің сан алуан түрі бар және әр гүлді баптаудың өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы менің сүйікті гүлім түймедақты баптау өте оңай ол топырақ талғамайды, күнді жақсы көреді , күн ара су құйылуы тиіс. Түймедақ қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі оның әдемілігімен қатар пайдасы да мол, себебі бойындағы эфир майы тұмау, бас ауру, ішек ауруы, асқазан ауруларына пайдалы. Түймедақ махаббат, үміт, жылулықтың нышаны.