Алматы қалалық «STUDENT LIFE» ойынының 1/4 кезеңі өтті.
21 мамырда Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының @jas.almaty қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ @jaidarman_almaty мен «Асыл қазына» қоғамдық қорының @asyl_qazyna_qory бірлесе ұйымдастыруымен «STUDENT LIFE» республикалық NOMAD лигасының 1/4 финалдық ойыны өтті. Іріктеуден өткен 16 команда бақ сынаған ойында 8 команда жартылай финалға жолдама алды. Құттықтаймыз! Сонымен қатар ойынның өтуіне ықпал білдірген Алматы технологиялық университетінің басшылығана алғыс білдіреміз!