Рәміздерім – мақтанышым

Сардарова Гулим Жапаровна

Рәміздерім мақтанышым

Мақсаты: Оқушылардың  Отанына адал қызмет етуге ,  елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сурет салу қабілеттерін арттыру.

Түрі: сайыс, көркем – шығармашылықтарын дамыту.

 

Жүргізуші: Құрметті оқушылар,  қонақтар.

Рәміздерім – еліміздің белгісі

Білу керек болсадағы ең кіші

Рәміздерім- Әнұраным, Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білгің – жөн кісі – деп бүгінгі «Рәміздерім- мақтанышым» атты мерекелік іс-шарамызды бастаймыз.

Әнұран орындау.

Балалар, біз  «Рәміздерім- мақтанышым» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын. 3 топқа бөлеміз.

Әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз.

1.Алаңқайымыздың тәрбиеші: Сарбаева Г.Д

  1. «Жас әнші» үйірме жетекшісі : Тәуекелова Д.А
  2. «Жас тілші» үйірме жетекшісі: Айтмбетова Ж.М

Сайыс 4 кезеңнен  тұрады.

I-кезең  «Кім көп біледі?»  сұрақ –жауап

1.Қазақстанның Республикасының астанасы қай қала?

(Астана қаласы)

2.Мемлекеттік рәміздерді ата.

(Ту, Елтаңба, Әнұран)

3.Рәміздер күні қай күні тойланады?

(4-маусым)

4.Республика күні, қай күні тойланады?

(25-қазан)

5.Қазақстан  Республикасының президенті кім?

(Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев)

6.Қазақстан Республикасында елтаңбасында  не бейнеленген?

(Жұлдыз, шаңырақ, қанатты пырақ, қазақ елі екендігін айқындайтын жазу бар)

II-кезең. «Кім тапқыр?»  сурет бойынша мақал –мәтелдерді құрастыру.

III-кезең. «Кіс шапшаң?» (пазылдарды құрастыру)

IV-кезең. «Рәміздерім- мақтанышым, айбыным»

Сайысымыз осымен аяқталды.

Сайыстың қорытындысына баға беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *