Сардарова Г.Ж Рәміздерім – мақтанышым
Рәміздерім мақтанышым
Мақсаты: Оқушылардың Отанына адал қызмет етуге , елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сурет салу қабілеттерін арттыру.
Түрі: сайыс, көркем – шығармашылықтарын дамыту.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар.
Рәміздерім – еліміздің белгісі
Білу керек болсадағы ең кіші
Рәміздерім- Әнұраным, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білгің – жөн кісі – деп бүгінгі «Рәміздерім- мақтанышым» атты мерекелік іс-шарамызды бастаймыз.
Әнұран орындау.
Балалар, біз «Рәміздерім- мақтанышым» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайысымызды бастамас бұрын. 3 топқа бөлеміз.
Әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз.
1.Алаңқайымыздың тәрбиеші: Сарбаева Г.Д
- «Жас әнші» үйірме жетекшісі : Тәуекелова Д.А
- «Жас тілші» үйірме жетекшісі: Айтмбетова Ж.М
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
I-кезең «Кім көп біледі?» сұрақ –жауап
1.Қазақстанның Республикасының астанасы қай қала?
(Астана қаласы)
2.Мемлекеттік рәміздерді ата.
(Ту, Елтаңба, Әнұран)
3.Рәміздер күні қай күні тойланады?
(4-маусым)
4.Республика күні, қай күні тойланады?
(25-қазан)
5.Қазақстан Республикасының президенті кім?
(Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
6.Қазақстан Республикасында елтаңбасында не бейнеленген?
(Жұлдыз, шаңырақ, қанатты пырақ, қазақ елі екендігін айқындайтын жазу бар)
II-кезең. «Кім тапқыр?» сурет бойынша мақал –мәтелдерді құрастыру.
III-кезең. «Кіс шапшаң?» (пазылдарды құрастыру)
IV-кезең. «Рәміздерім- мақтанышым, айбыным»
Сайысымыз осымен аяқталды.
Сайыстың қорытындысына баға беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718