Менің тарихым

“Менің тарихым”

Мен үшін менің тарихым – менің тарихым. Болды. Себебі тарихты мактан тұтуға,біріншіден ұяламын, екіншіден бос мақтаншақтардың  қатарына қосылып кетемін деп қорқамын.Неге екенін түсіндірейін.

Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, хандарды ақ киізге салып ұлықтау тоқталғанға дейін,қазақ халқы біраз атақты да ардақты хандарды бастан кешірді. “Қасым ханның қасқа жолы”

“Есім ханның ескі жолы”Тәуке ханның«Жеті жаргысы»-мен, ұйыған ұлт,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған замандармен әлі күнге дейін мақтанамыз. Ал өзіміз ше? Халык пен биліктің арасындағы ауызбіршілікті жоғалтып, кемел ел бастаушыларымыз бар деп ауыз толтырып айта алмайтындай деңгейге жетіп отырмыз. Өңкей өтірікті судай сапырған әкім-сымақтар мен өзін қарапайым елден жоғары санайтын депутаттардан бір көз ашпадық.Әрине, өткенді еске алып, рухымызды жоғары, еңсемізді тік ұстағанымыз қашан да абзал.

Бірақ кейде ойлаймын, егер жөні дұрыс билікке қол жеткізсек, заманы ғасырлар бұрын өтіп кеткен хандарды мақтан ете бермей, бүгінгі күнімізге де көңіліміз толар ма еді деп.

Ол үшін халыктың көбірек окығаны, ерінбей ел ішіне араласқаны керек, әрине. Оқу демекші, біз тарихта аты алтынмен қашалған деп Абай атаның есімін де көп атаймыз. Абай Кұнанбайұлы сонау 19 ғасырдың соңында атаған проблемалары бүгінде әлі өзекті. Ашығында, бүгінде ұлы ақын мақтан тұта алатын, алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек еді. Құмырсқадай тырмысып, еңбегі де адал, жүрегі де таза бірен-сараңы болмаса, қалғанымыз «баяғы жартас – сол жартас» болып жүргеніміз рас.

Бұрындары, біз мақтан ететін тарихи тұлғалар нағыз еңбекқор болса, қазіргінің адамдары дайынға келіп, қарны тоқ,уайымы жоқ жүре бергісі келетіндей.

Тарихта болған қанды да қасіретті оқиғалардың бірі- Екнші Дүниежүзілік соғыстағы жеңісті,жыл сайын 9-шы мамырда атап өтеміз.Сол күні Отан үшін жанын пида еткен ата-әжелерді қорлап не көрінді?Тоғызыншы мамырда бір колына ақ-қара сурет ұстап , бір қолына арақ ұстап, көлігіне ұялмай «Можем повторить» деп жапсырып қоятындар мақтан мен мазақты шатастырып алғандай. Ал көзі тірі согыс ардагерлерінің жағдайы анау… Мына ұланғайыр жерді сақтауга өмірін қиюға дейін барған адамдар бүгінде не үйі жоқ, не күйі жоқ қараусыз қалған.

Екі жүз жыл армандап, талай атамыздың қанын, анамыздың жасын төккен Тәуелсіздікті алғанымызға да мақтанамыз. Ресей әлі күнге дейін бізге тимді экономикалық жолдарды жауып, жіпсіз байлап отырғаны, өз жерімізде, Байқоңырда табиғатты құртып, өз валютасын енгізіп, басынып отырғанына көз жұма карайтындаймыз. Өз елімізде, тіліміз байланып, өз ойымызды үркіту-қорқытусыз айта алмайтындығымыз ше? Қағаз жүзінде не болса о болсын, іс жүзінде халық егемендікті әлі толық сезінбегендей.

Айтайын дегенім, бүгінімізге жауап бере алмасақ, өткен тарихымызбен бос мақтана беруді койған дұрыс. Бүгінгісі – мейрам, ертеңіне бейғам ұрпаққа бос сөзді көкітіп, кеудесіне нан пісіре берген оңай іс. Қазіргі біздің жағдайымызды ата- бабаларымыз көрсе уяттан өртенетін шығар деген ой мені ғана емес, барлығын жиі мазалайды. Менің ойымша, олар ұялса, біздің олар жасаған жетістіктермен мақтануымызға құқығымыз жоғ. Бәлкім, «Айзат, сен сонда ата-бабалардан ұялатындай не істеп қойдың? Әлде өзіңе сонша сенімсізсің бе? Өзін сай болып тұрсаң, мақтан етуге жол ашық емес пе» деп ойлауға болатын шығар. Дегенмен, жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас демекші, мен өз басым қанша жетістікке жетіп, алға жылжысамда, тұтастай коғам әлі артта қалып жатса, оның мәнісі болмайды. Осындай бай, талай өкінішке де, қуанышқа да толы тарих тұрғанда, тұтас қоғам ретінде бір «нәтиже» шығармау – ұят. Сол тарихтың дәрежесіне жетпейінше, кеудемді кағып мақтан етуге дәтім жібермейді, сондықтан әзірге менің тарихым – менің тарихым болып қала бермек.

Ахметқали Айзат Рауанұлы

Өскемен,45-ші Орта мектеп,”11-А”

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *