Кәсіби практика

Кәсіби практика

   Сан арпалысы астасып жатқан бұл тіршілікте арманға да, мақсатқа да, тәжірибеге де еш шектеу жоқ. Бала қиялын жүзеге асыруға ұмтылып, білім алып жатқан мамандықтың шыңырау шыңына шығу кез келген студенттің асқақ арманы. Әрине, тыныс-тіршілігі сәт сайын жаңаратын бұл өмірде белес те көп, асу да көп. Олардың бәріне бірдей жете беру тек таңдаулы тұлғаларға лайықталған сый болса керек.

   Алайда, әр пенде өмірлік мақсаты үшін, өз таңдауы үшін жан аямай күресуге тиісті. Бұл жолда тәжірибе адамды алға жетелеуші негізгі фактор. Кез келген салада тіс қаққан маман болып шығу біліммен қоса, үлкен тәжірибені талап етеді. Студенттерге кәсіби практика негізінде мамандықтың қыр-сырымен қанығуға мүмкіндік беру өте үлкен қажеттілік.

   Кәсіби практика —  мақсат- міндеттері айқындалған, өз алдына жеке қажеттіліктері мен мазмұны бар кәсіби маман мен студенттің арасындағы дәнекер. Практика барысында студенттер арнайы жоба жоспары бойынша тиісті мекемелерге барып, олардың тұтас қызметтерімен танысып, қоғамдағы маңызын түйіндейді, өз қызығушылықтарын арттырады. Өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, меңгерген теорияларын қызметте қолдануға үйренеді, өзінше сараптайды, пайдаланады. Қызмет- қауызы ашылмаған гүл тәрізді. Оның ішкі құпиясымен көпшілік таныс емес. Дәл сол сияқты, білім алып жатқан мамандықтарына жалпылама сипат беріп келген білім алушыларға кәсіпорын басшылары үлкен жәрдемін көрсетеді. Әуелі, ол мамандыққа деген жауаптылықты бойға сіңірудің, оның бар қиындығын арқалаудың, қара бастың қамын жеуден аулақ болып, қоғам мүддесі үшін қызмет етудің қаншалықты маңызды екенін дәріптейді. Оны түйсінгендер қызметтің әр процесін жіті бақылап, сол қызметке өздерін дағдыландырады.

 Қызметке толықтай үйреніп, істің ауырлығына мойымағандарға, қызығушылықтарын үдеткенде ол студенттерге мекеме басшылары жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Кез келген қоғамдық құбылыстар мамандардың ескерусіз кемшілігінен не сәтсіздігінен туындайды. Ал ол сәтсіздіктерге жол бермеуді әр студент толыққанды ұғынуға тиіс. Ол үшін тек жаттанды теориялар жеткіліксіз. Теорияларды іске асыруда кімнің болмасын қипақтап, қателесуі талассыз. Ал теорияларды жадыға кәсіби практика барысымен сіңіру үлкен тиімділік. Мұны бағалау да, мойындау да артықтық емес.  

                                                                     Амантай Көгершін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *