Кәсіби практика барысы

                     Кәсіби практика барысы

Бүгін 10.06.2024 тандаған мамандығымыз бойынша практикаға шықтық.Практикамызы өте қызықты керемет өтті.Жалпылама алғанда «мамандық» дегеніміз адамның қызығушылығын тудыра білген, кез- келген мамандықты зерттеп, көп тәжірибе жасай отырып, белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін ұғым. Мені өзінің сан-қилы сырларымен, қызығы мен қиыны қатар жүрген, ізденіске толы сырдарымен таң қалдырған мен үшін менің жан дүниеме сай келетін қызмет саласы журналистика мамандығы.

Қазіргі таңда, қоғамда біз білетіндей әрбір жұмыс саласы әр түрлі қызмет жасайды. Әрбір саланың алдыға қойған өзіндік мақсаттары, қызметтерін атқаруға тиісті шаралары бар. Журналист мамандығы- көптеген ізденістілікті және бір кішкене ғана дүние болса да, екі есе жауаптылықпен қарауды қажет ететін, шынайы сезім мен шыдамдылыққа негізделген мамандықтардың бірі.

Өзіндік атқаратын жұмысы арқылы адам өміріне де, жалпы қоғамға да қызмет ететін, ылғи да қателікке бой алдыруды жат санайтын, қашанда жаңа дүниенің, қандай да бір жағымды не жағымсыз жаңалықтармен халықты хабардар етіп отырушы. Журналистика саласына қызыққан әрбір адамды, осы бір бөлек әлемнің тұңғиығына еліктіре алып кететіндей, небір ғажайып тосын сыйларға, қызықты әрі күтпеген кездесулермен және ақпараттар теңізімен тығыз байланысты дүниелермен кезіктіреді.

Журналист болу- әдептілікті, төзімділікті, алдына мақсат қойып соған талпынып жұмыс жасауды бірінші орынға қоятын, адамдармен үнемі оңай әрі шынайы байланыста болатын, шыншыл да сабырлы адам болу.

Қоғамдағы болып жатқан небір құбылыстарды зерттеу барысында ықыластық күшің мен әр минутыңды аямайтындай деңгейге жеткенде,сенің атқарған қызметіңнің нәтижесінде,сен дайындаған жұмыстарының сенің оқырмандарыңның көңілінен шығатындай,олардың өміріне едәуір жақсы жағынан әсер ете аларлықтай жағдайда ғана өзімізді жұмыстың нағыз майталманы ретінде,өз асқақ арманымыздын баспалдағын құрамыз.

Журналист болу деген салғырттылықпен қарайтын жұмыс емес.Ол жан-тәніңді салып жұмыс жасау.Болған тың жаңалықтармен және берген ақпаратыңның қаншалықты шындықты жанасатынын анықтай отырып,оны халықпен бөлісу.Мемлекетте өмір сүріп жатқан кез-келген жанның жүрегінде мәңгілік өшпестей із қалдыра білу. «Мен сіз секілді журналист болғым келеді» -деген,сенің жолыңды жалғаушы жас мамандардың болуы .Міне , осы нағыз мінсіз журналисттің бейнесі деп білемін.Әрине, адам өмірінде кез- келген мамандық саласы болсын немесе бір дүниеге қызығушылық тудырушы себепкер тұлға болады. Менде де солай. Менің өмірімде де менің қызығушылығымды тудырған, осы «журналистика» атты таңғажайып әлеммен қауышуыма себепші болған, менің өмірім де, менің шығармашылығымда алар орны ерекше десемде болатын шығар.Біз секілді ел қамын ойлайтын, білгір, білікті жас мамандар жетіліп өсіп келе жатқанда журналистика саласының алар асулары әлі алда деп нақты айта аламын. Бұл нақты сенім талай белестерді бағындырып, биік шыңдарға шығудағы алғашқы жасалған қадам. Болашақ біз, дарынды жастар тұрғанда қазақ журналистикасы ешқашан өлмейді. Мен журналист болуды бала кезімнен армандадым және сол арманыма жәймендеп қадам басып келе жатырмын. Журналист болуды армандағаныма ешқашан да өкінбеймін, былай айтқанда өкінуге тұрарлықтай мамандық емес деп білемін. Ең бастысы бұл мамандықтың мәртебесі барлық мамандықтан жоғары екендігіне көзім жетті десем қате айтпағандығым. Алдына нақты мақсат қоя білген адам өз жетістігіне жетер жолда алдынан қандай қиындық кездессе де ,ешқайсысына дес бермей,өзінің көздеген нүктесіне еш мүдірместен жетеді.Адам бір дүниені қаласа,оған жету үшін бірнеше қадам кестесін құрады.Ол айнымас мақсат,ешқашан сөнбестей сенім және мықты төзімділік.Ал мен осы кестені құра білдім.Журналист боламын деп армандадым. Ол жолда мақсат қоя алдым.Менің мақсатым,бұл жолда алдымнан шыққан небір сынақтардың барлығын артта қалдыру. Тек қана алға қарай журіп барлық сынақтан сурінбей өту. Тағы бір айтайын дегенім: осы мақаланың алдыңғы тұстарында журналистика адам мен қоғам үшін адал қызмет ету керек дедік қой. Бұл біздің ұстанатын жолымыз, адастырмайтын темірқазығымыз болса ғана көздеген мақсатқа жетеміз.

 Даулетбек Каусар

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *