Алғашқы қадам
Бүгін 10.06. күні таңдаған мамандығымыз бойынша алғашқы практика сабағы өтті.Сабақ барысында «журналист» маманы болудың қыр-сырымен тереңірек танысып,білістік.
Журналистика – маңызды және күрделі кәсіп. Журналист болу арқылы қоғамға пайда келтіруге, әділдік пен шындықты қорғауға болады. Бұл мамандықтың артықшылықтары көп, бірақ ол жоғары жауапкершілікті, шыдамдылық пен кәсібилікті талап етеді.
Иә,журналист болу біз ойлағандай оңай емес екен.Әсіресе,сұқбат алу кезінде.Сұқбаттасу бұл-тек сұрақ қойып одан жауап алу емес,бұл сұқбат беретін қонақпен әңгімелесу.Оның айтқан әрбір сөзін тыңдай білу.
Практика сабағында осы ақпараттарды білумен қатар,алғаш рет сұқбат алып үйрендік,яғни,университеттегі студенттер мен ұстаздарға кішігірім сауал жүргіздік.Бұл әрине, қызық сезім екен.Қонақпен сұқбаттасу кезінде іштей қобалжу болғанымен,бәрі сәтті өтті деп айта аламыз.
Әреджан Жансая Жаңалыққызы