Ерекше балалардың қоғамдағы орыны

Ерекше балалардың қоғамдағы орыны

Ерекше балалардың қоғамдағы орны ерекше.Қоғамда өздерін еркін сезіне білуі керек.Сол себепті де олар үшін қолайлы орта қалыптастырып,медициналық көмек беру үшін мамандырылған сауықтыру орталығын салудың маңызы зор.

Жасыратыны жок,дүниежүзі бойынша ерекше ауруға шалдыққан сәбилердің саны жылдан жылға өсіп келеді.Ерекше ауытқуы бар балалар Қазақстанда да аз емес.

Ауытқуы бар балалардың мүмкіндіктері шектеулі.Атап айтқанда өзгелермен араласуы,бірдей білім алуы,жұмыс жасауы, олар үшін қиынның қиыны.Мүмкіндігі шектелген бала әрине ерекше күтімді қажет етеді.Ерекше ауытқуы бар балалармен көп практикалық жұмыстар жүргізу қажет.Осы бағытта Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша көңіл бөлінген.Бұл балаларға қатысты мектеп алдында тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік бейімделуіне,қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың болашағы мен тағдыры ата-анасының да басты мәселесі болғандықтан,ата-аналарды қолдау мақсатында,педагогикалық,психологиялық,құқықтық кеңестер үнемі беріліп отыру нәтиже береді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың ең жоғары көрсеткіштеріне жетуге,барлық адамдардың толыққанды білім алуға толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына,мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қарым-қатынас қалыптастыруға, инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге,нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе «бала тағдыры-ел тағдыры»дей отыра,сәбидің өмірге келген сәтінен бастап ,тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік өмірге дайындап,еліміздің  дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек,ол үшін де бала,ата-ана,педагог,отбасы және білім беру мекемесі айрықша жұмыс жасауы қажет.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *