Неліктен түлектер мамандық таңдаудан қиналады?

 

Тулектер арасындағы маңызды мәселе – мамандық таңдау. 11 сыныпта түлек өз өмірлік жолын және тұлға ретінде дамитын жерін таңдау керек. Бұл шешім алдағы өміріне әсер ететін жауапты шешім. Кейбір түлектер кішкентайынан қандай мамандыққа түсетінің білетін болса, кейбіреуі тіпті өзіне не ұнайтынын, қай салада жақсы екенін білмейді.

Оның себебі: біріншіден, ештенеге қызығушылық жоқ. Өкінішке орай телефонға ілігіп, одан басқа ештенеге қызықпайды. Ал өсе келе ештенеге қызықпайдц Неліктен түлектер мамандық таңдаудан қиналады? жоқ екенін түсінеді. Дегенмен, қазір ІТ саласын таңдайтын түлектер саны артуда.

Екіншіден, өзінің жақсы қырларын білмеу. Кейбіреуі жастайынан икемі неге келетінің білсе, кейбіреуі әлі білмейді. Немесе “ол барлығынын қолынан келеді” деп, қоя салады. Бұнын салдарында өзіне ұнайтын мамандықты таңдау қиын , әрі мамандық таңдау барысында қателесу қауіпі үлкен.

Үшіншіден, қателесуден қорқу. Барлығы ата-анасының қамқорлығында өскендіктен, көп түлек үшін бұл алғаш маңызды шешім. Көбісі “қателесуге болмайды” , “екінші мүмкіндік болмайды” деп, өзін іштей қорқытады. Кейбір түлектер өзіне ұнамайтын немесе ата-анасы таңдап берген мамандықты оқып шығып, кейін ол мамандық бойынша жұмыс істемейді.

Төртіншіден, грантқа тәуелділік. Грантқа түсемін деп, өзіне ұнайтын емес, грантқа аз баллмен түсіп кететін мамандық таңдайды. Бұл болашақта оқуды аяқтамау немесе жұмыссыздыққа әкелуі мүмкін. Мамандық бойынша жұмыс істейтіндердің статистикасы осындай: “денсаулық сақтау” бағыты – 70% , “педагогика” бағыты – 51%, “құрылыс” бағыты – 34%, ал “ауыл шаруашылығы” бағыты бойынша – тек 7% ғана таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Сауалнама бойынша өкінішке орай көптеген түлектер бұл маңызды шешімге келгенде жүрегін тындамай, ата-анасы немесе достарының кеңесіне жүгінеді. Бұл проблемаларды шешу үшін түлектерге психологиялық көмек беру керек. Себебі бұл қиын кезең түлектің жүйке жүйесіне әсер етеді. Көбірек тегін профориентациялық консультациялар жасау, көп ақпаратпен қамтамасыз ету, жоғарғы оқу орындары “ашық есік” күндерің өткізу, түлектерге мамандықты барынша ашып көрсету. Бұнын бәрі болашақта түлектердің дұрыс шешім жасауына жақсы әсерін тигізеді. Жұмыссыздық пен өз мамандығы бойынша жұмыс істемеу көрсеткішін азайтуға көмек береді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *