Менің мамандығым
Заңгер мамандығы – менің бала кезімнен арманым болатын. Заңгер сөзі латын тілінен аударғанда- “құқықтанушы”, заң орнында жұмыс атқарушы әділ адам дегенді білдіреді. Мамандық таңдау деген- өзің айналысқың келген жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау.
Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек, бірі жар таңдағанда, екіншісі- мамандық тандағанда -деп бекер айтпаса керек. Мамандық сөзі жұрт алдында сөйлеу, жариялау дегенді білдіреді. Бұрынғы кездерде, қазіргідей мамандықтың түр түрі болмаған, әр адам сол кезеңге сай жұмыстармен айналысқан. Кез келген еңбек мамандық деп аталуыныңда өзіндік шарттары бар, бірі маман атауымыз үшін білім алып, қолымызда сол саланың дипломы, куәлігі,біліктілігің дәлелдейтін құжатымыз болуы керек. Мамандығым бойынша таңдаған білім ордасы Каспий өңірі Болашақ колледжі, енді азғантай уақыттан соң маман екенімді дәлелдейтін құжатымды алып, арманымды іске асырамын.
Мен білікті заңгер болып қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағым келеді. Қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі-заңгер мамандығы. Менің алға қойған мақсатым, оқуымды жақсы аяқтап, белгілі бір маман иесі, яғни заңгер болып, ата анама, кіші бауырларыма, туыстарыма көмектесіп, қамқор болатындай, мені мақтан тұтатындай және еліме Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бір үлесімді қосып, биіктен көріну.