“Ұшқыр ойлы топ” Интеллектуалды сайыс
КантееваГуландаш Абдрахмановна .
Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы топ» интеллектуалды сайыс.
Мақсаты: Математикалық білімдерін анықтау. Ой ұшқырлығы мен зеректігін дамыта отырып логикасын қалыптастыру.
Білімділік: Оқушылардың бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және олардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекілігі: сөзжұмбақтар, керекті тапсырмалар.
Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін «Ұшқыр ойлы топ» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер!
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін 4 топпен таныстырып өтейін.
«Тапқырлар», «Алғырлар», «Ойшылдар», «Зеректер»
Әр топтан бір бір оқушы шығып, № алады және тобын таңдайды
Бүгінгі «Ұшқыр ойлы топ» сайысымызда ашып беру үшін БЖШО директордың оқу ісінің бөлімі меңгерушісі: Бегимкулова А апайымызды ортаға шақырамыз.
Сайыстың әділбағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар!
БЖШО директордың оқу-ісі меңгерушісі: Бегимкулова А.
БЖШО ұйымдастырушы педагогы: Мамытова Р.
Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.
- Айналым. Таныстыру. Әр топ өзінің атымен таныстырады. «Қалпақ»әдіс.
- Айналым. «Ұшқыр ой» деп аталады. Топтық тапсырмалар «Күшігіңді тамақтандыр»
- Айналым. «Логикалық сұрақтар».
- «Ойымды жалғастыр» мақал мәтелдің жалғасын табу.
- Сөзжұмбақты шеш. суретті сөзжұмбақты шешу
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін 4 топпен таныстырып өтейін.
«Тапқырлар», «Алғырлар», «Ойшылдар», «Зеректер»
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе – бірің еріңдер.
Білім – білікті тексеріп,
Сайысқа қатысып көріңдер!
1Айналым. Таныстыру. Әр оқушы өзінің атымен таныстырады. «Қалпақ» әдісі Олай болса сайысымызды бастайық. Ең алдымен әр топ өздерін таныстырып кетсін. Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар!
№ 1 Ойыншымыз. Есімің кім?
-……..өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің?
– Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім.
– Өте жақсы!
№2 Ойыншымыз. Есімің кім?
– ……………… есейгенде кім боласың?
——————————————————————-
– Керемет!
№3 Ойыншымыз
– … , көңіл-күйің қалай?
– Менің көңіл-күйім өте жақсы.
– Тамаша!
- Ойыншымыз
– бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?
– Мен бос уақытымда ——————————————
– Керемет!
- Ойыншымыз
– бүгінгі сайысқа келіп отырған қонақтарға не тілейсін?
– Денсаулық, амандық тілеймін!
– Тамаша!
- Ойыншымыз
– , сенің арманың қандай?
———————————————–
-Өте жақсы!
7 ойыншымыз …. көңіл- күй қалай?
8 ойыншымыз – қандай пәнді ұнатасың?
9 ойыншымыз – досыңның аты кім?
10 ойыншымыз – Кандай ертегі кейіпкері ұнайды?
11 ойыншымыз – көңіл-күйің қалай?
12 ойыншымыз – сайысқа дайынсың ба?
13 ойыншымыз – Қобалжу бар ма?
14 ойыншымыз – қандай маман иелері ұнайды?
15 ойыншымыз – есейгенде кім болғың келеді?
- ойыншымыз – сайысқа дайынсың ба?
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарыспай.
- Айналым. «Ұшқыр ой» деп аталады. Топтық тапсырмалар «Күшігіңді тамақтандыр» әдісімен. 10минут. Шарты: Балалардың қолдарына қағаздан сүйектің суреті бар есептер беріледі. есепті дұрыс шығарып ойыншық күшіктің алдына жинайды.
- Айналым. «Математикалық викториналық, логикалық сұрақтары». Әр топқа ортадағы таяқшаларда әрқайсыңа сұрақтар бар. Жауап беру уақыты 5мин.
- Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
- Үш сызықтан пайда болған фигура. (үшбұрыш)
- Ұзындық өлшем бірліктерін ата. ( км, м, мм, см, дм)
- 4 аптада күн бар? (28)
- Бөлке нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)
- Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3с
- Төрт қойдың неше аяғы бар 16
- Уақыт өлшемдерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
- 1. 5×7 нешеге тең? (35)
- 2. Санды 0-ге көбейткенде не шығады? (0)
- 3. 1 дм-де неше см бар? (10см)
- 4. . Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 2 сағат
1 Санды 1-ге көбейткенде не шығады? ( сол санның өзі шығады)
- 2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды? 5
- 3. Фигураның ауданын қалай табады? ( ұзындығын еніне көбейту)
- 4. 9*9 нешеге тең? (81)
4 кезеңге де жетіп қалдық.
4- «Ойымды жалғастыр» деп аталады. Бұл кезеңде мақал мәтелдің жалғасын табамыз. Ойымды жалғастыр
уа,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
Келесі біздің сайысымыз «Сөзжұмбақ шешу» деп аталады. Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. Жауаптарын тауып жазу
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жеңген топты марапаттау.
Кантеева Гуландаш Абдрахмановна. Жетісай ауданы Білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы.