“Ұлы дала тарихы” сайыс сабақ
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.
Мақсаты: Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу
Көрнекілік: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері)
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және де сайысқа қатысушылар. Апта басында айтып өткеніміздей осы аптада «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге» атты тарих апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала тарихы» атты интеллектуалдық сайыс өткелі отыр. Осы сайысқа әр сыныптан 1 топ шығып өзара сайысқа түспек ендеше сол сайысқа қатысқалы отырған топтармен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
1. Алтын орда
2. Ноғай орда
3. Бөкей орда
4. Алаш орда
1-жүргізуші: Сайыс болған жерде оның қатысушылары мен қатар білімі мен білгірлігін сынайтын ақылды да әділ әділқазылар алқасы бар. Енді сол әділқазылармен таныстырып өтейін.
1. Тасжанова Қ.Т.
2. Айткен Е.Қ.
3. Искакова Б.О.
4. Шангельбаева К.А.
1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз 4 турдан тұрады
1. Біліміңді сына
2. Тарихқа саяхат
3. Мәнді цифрлар
4. Тұлғаны таны
І тур «Біліміңді сына»
Бұл кезеңде әр топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Топ басшысы ортаға шығып жауап беруі сұралады. Топтарымыз дайын болса 1 топ басшысын ортаға шақырамыз
1 топ басшысына
1.ХҮІІІ ғасырдың басында Қазақстан аумағына қауіп төндіріп тұрғандар ?,
Еділ қалмақтары, жоңғарлар, башқұрттар, орал казактары, сібір казактары
2. Жоңғар шапқыншылығы кезінде бүкілхалықтық әнге айналған ән?
Елім-ай
3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы болған жыл?
1723-1727 жж
4.Миграция дегеніміз не? Адамдардың тұрғылықты мекенінен әртүрлі себептермен басқа жерге өоныс аударуы, көшіп-қонуы
5.1723 жылы көктемінде қазақтармен болатын соғысқа мықтап әзірленген жоңғар басшысы?
Цеван-Рабтан
2 топ басшысына
1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы қазақтың қай дастанында суреттеледі? Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман Мамыр»
2. 1726 жылғы күзінде Бүкілқазақтық құрылтай өткізілген жер?
Ордабасы тауы (қазіргі Шымкент қ.)
3. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырлар ерлігін өз шығармалары арқылы жеткізген ақын жыраулар?
Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар жырау және т.б
4.Аңырақай шайқасы болған жыл?
1730 жылы көктемі
5.Жоңғар шапқыншылығында ортақ жауға қарсы қазақтармен бірге аянбай соғысқан халық?
Қарақалпақтар мен қырғыздар
3 топ басшысына
1. 1723 жылы жоңғар шапқыншылығының «Ақтабан шұбырынды» аталуының себебін түсіндір
2. 1710 жылы болған оқиға.
Қарақұмда қазақ ақсүйектерінің құрылтайы болды
3. Аңырақай шайқасындла тікелей басшылық еткен кіші жүз ханы
Әбілқайыр хан
4. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде қазақ хандарының,сұлтандарының, билері мен батырларының балаларын кепілге алатын болған. Кепілдікке берілген адам қалай аталды? Аманат
5. 1716 жылы Ертістің жағалауына салынған бекіністі ата
Жәмішев және Омбы
4 топ басшысына
1. «Қазақ қайың сауғанда» тіркесіне түсініктеме бер
Халық ашаршылыққа душар болды, өлмей аман қалу үшін қайыңнын сөлін ішкен «Қайың сауған» деген сөз содан қалған.
2. Жоңғар басқыншыларына қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың қай батырлары ерен ерлік көрсетті?
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Батыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек
3. 1717 жылы салынған бекініс Железинск
4. 1730 жылы Әбілқайырдың елшілігі Ресейдің қай қаласына келеді? Петербург
5. «Аңырақай» шайқасы болған жыл? 1730 жыл
ІІ тур ТАРИХҚА САЯХАТ
Бұл кезеңде Тарихи қайраткерлер, Шайқастар, Тарих, Аралас сұрақтар бөлімдері бойынша 20,30,40 ұяшықтары берілген. Топтарымыз осы ұяшықтардың бірін таңдап сұрақтарға жауап береді.
Тарихи қайраткерлер:
20: Дарабоз аталған батыр? Қабанбай
30: 1635 жылы жоңғар хандығының негізін салған? Батыр Қонтайшы
40: Жоңғар қонтайшысына: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз ……» деп айтқан кім? Қазыбек би
Шайқастар
20: 1723 жылы қазақ жеріндегі шайқас?
30: 1728 жылы қандай шайқас болды, қалай аталды? Бұланты шайқасы
40: 1730 жылы Итішпес Алакөл жерінде болған шайқас? Аңырақай шайқасы
Тарих
20: Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресіне байланысты есімдерді ата Әбілқайыр, Бөгенбай, Қарасай, Қабанбай,… Абылай
30: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді»- деген сөздермен халықтың есінде қалған хан? Әбілқайыр хан
40: Абылай хан қай жылы дүние салды және ол жерленген кесене? 1781 ж, Қожа Ахмет Ясауи
Аралас сұрақтар
20: Сепаратизм – өзінше бөлініп шығуға, жеке билікке ұмтылу
30: Жеті жарғының авторы – Тәуке хан
40: Үш бидің қайсысы жоңғар қоңтайшысына барып, қазақтарды сипаттап берді? Қазыбек би
ІІІ тур МӘНДІ ЦИФРЛАР
Тақтада көрсетілген цифрды таңдап, сұраққа жауап табу
1. Абылай хан жоңғарларға қай жылы тұтқынға түсті?
a) 1741 ж
b) 1742ж
c) 1743ж
2. Абылай хан қай жылы ел биледі?
a) 1671-1771
b) 1771-1785
c) 1771-1781
3. Абылай хан дүниеге келген жыл?
a) 1709 ж
b) 1710 ж
c) 1711ж
4. Қырғыз-қайсақ (Орынбор) экспедициясы құрылған жыл?
a) 1724 ж
b) 1734 ж
c) 1744 ж
5. Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қай жылы қол қойды?
a) 1729 ж
b) 1730 ж
c) 1731 ж
6. Әбілхайыр Елшілігінің Петербургке келген жылы
a) 1730 ж
b) 1731 ж
c) 1734 ж
7. Аңырақай болған жыл ?
a) 1734 ж
b) 1730 ж
c) 1731ж
8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталған оқиға қай жылы болды?
a) 1723-27ж
b) 1825-27ж
c) 1720-25ж
9. Қарқұм маңында құрылтай өткен жыл
a) 1711ж
b) 1710 ж
c) 1712 ж
10. Біріккен қазақ жасақтары жоңғарларға тойтарыс берген уақыты
a) 1711 ж
b) 1710 ж
c) 1712 ж
ІҮ тур ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ
Тақтада белгілі бір қайраткердің портреті жасырынған. Портреттің бір жақ бөлігі ашылғанда қай топ бірінші болып таныса сол топ қайраткерге сипаттама береді.
1.Нұрсұлат Назарбаев
2.Шыңғыс хан
3. Махамбет Өтемісұлы
4.Әль-Фараби
5.Ыбырай Алтынсарин
6.Міржақып Дулатов
7.Абылай хан
8.Абай Құнанбайұлы
9. Әбілқайыр хан
10.Ахмет Байтұрсынұлы