Абизова Алия Маханбетжановна. Қызылорда медициналық жоғары колледжі. қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы. “ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ”

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал, бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Әр мұғалім қазіргі заман талабына қарай өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибиеге, жаңа қарым- қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр оқытушы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.
Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатып, дәріптеу, қолдану аясын кеңейту жолында қолданысқа еніп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды, әсіресе, интерактивті тақтаны жиі қолданамыз.
Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, «жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны білдіреді.
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты жаңалық әртүрлі түрде қолданылуында. Практикалық идея, лабораториялық іс – тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Білім беру жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.
Инновациялық процестің дамуына 2-фактор ықпал етеді:
Объективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау.
Субъективті фактор – инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог – ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады.
Педагогикалық инновацияларды жіктеу нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.
Әдістемелік инновациялар – бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу -тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді, тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени- әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез-келген жағдайда өз іс – тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни, ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі, оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой – пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни, жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.
Сөзімді «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»,- деген президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *