Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Алиева Камшат Махмудовна
Пәні: Математика 4-сынып
Сабақ тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткен тақырыптарды ұлттық ойындарды ойнату арқылы, берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығарту; қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақия,асықтар, теңге, орамал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, ой қозғау, ұлттық ойындар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, логика
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды сабаққа әзірлеу
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
ІІ. Қайталау сабағы.
Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
Мақсат қою:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, – дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».
1-тапсырма: «Тақия тастамақ» ойыны.
Шарты: Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Тақия тастамақ». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбер бойымен жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей, таияны тастап кетеді. Екінші бала біліп алып ойынды жалғастырып кетеді.
Берілен өрнектерді ауызша шығар
«Тапқырлар» 5х5=25 25х5=125 125х5=625
«Білгірлер» 800:2=400 400:2=200 200:2=100
«Ойшылдар» 500х7=3500 3500:70=50 50х50=2500
2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, – деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар асықтарды таңдап алады. Асыққа жазылған есепті шығарады
1-асық №1
а)есепті шығар
Қарындасы 8 жаста. Ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?
Қарындасы-8ж. 3 жас кіші
Ағасы-? Ш: 8+3=11 Ж: Ағасы 11 жаста
ә) Есепті теңдеу құру арқылы шығар.Екі тәсілді салыстыр.Қай тәсіл қолайлы?Неліктен?
Х-8=3
Х=8+3
Х=11
—————-
11-8=3
2-асық. №2.Теңдеу құру арқылы шығар.
Шаруа бірнеше жабағы және 16 торпақ өсірді.Жабағылар санын 2-ге арттырса,ал торпақтар санын 3-ке кемітсе, олардыңсандары бірдей болады. Шаруа неше жабағы өсірді?
Х+2=16-3
Х=13-2
Х=11
—————–
11+2=16-3
13=13
3-асық.№3. Теңдеу құру арқылы шығар.
Ауылдан қалаға дейін 300 км.Олардан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан жеңіл машина мен жүк машинасы 2 сағаттан кейін кездесті.Жүк машинасының жылдамдығы 60км/сағ болса, жеңіл машина қандай жылдамдықпен жүрген?
60х2+Хх2=300
120+2хХ=300
2хХ=300-120
2хХ=180
Х=180:2
Х=90
———————
60х2+90х2=300 Ж: жеңіл машина 90км/сағ жылдамдықпен жүрген.
3-тапсырма: №4.«Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Ойын ережесі бойынша шабандоз жігіттер бір шапқанда жерге алдын-ала шашылған барынша көп теңгені жерден іліп алуы керек. Әдетте бір шапқанда орамалға түйілген теңгенің барлығын іліп алу мүмкін емес, сондықтан ойынға қатысушылар бірінен соң бірі артынша шабады. Осы теңгелерді алу үшін
№4.Кестені толтыру.
Ұзындығы | 6дм | 6дм | Х дм | ? 6м | 5м | 6 м |
Ені | 3дм | Хдм | 29дм | 3 м | 4 м | 4 м |
Аудан | ? 18дм(кв) | ? 6дм(кв) | ? 29дм(кв) | ? 18м | 20м(кв) | 24 дм(кв) |
Периметрі | ? 18дм | ? 12хдм | ? 57хдм | 18 м | 18м | 20дм |
4-тасырма: «Аламан бәйге». Мұнда жүйрік аттар жарысып 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
(топ басшыларға тапсырма)
Әр топ 30 секунд ішінде бірнеше сұрақтарға жауап беру тиіс.
- Бүгін 9 – шы қаңтар болса, түнгі 12 – де нешінші қаңтар болады? 10 қаңтар
- Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
- Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті. - Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш - Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? Жауабы: 7
- Аспазшы шұжықты төрт рет бөліп кескенде, неше бөлік шықты? Жауабы: 5
- Қаз бір аяғымен 5 кг, екі аяғымен қанша кг?
- Марат Қуанышқа қарағанда мектепке жақын, ал Батырға қарағанда алысырақ тұрады. Кім мектептен алыс тұрады? Жауабы: Батыр
- Сағат 22-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе? Жауабы: 24 сағаттан соң түн болады
- Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? Жауабы: 2
- Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. 1 ат неше шақырым жүрді? Жауабы: 40
- 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? Жауабы: 4
- 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? Жауабы: тең
- Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Жауабы: алмұрт
- Бір айда 5 жексенбі бола ма? Жоқ: жоқ
5-тапсырма: №5.«Көкпар»
Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” жеткізсе, сол жеңіске жетеді.
Сендердің көкпарларың мына есеп. Қай топ оны бірінші шешеді. Сол жеңімпаз.
Жол жөндеушілер ұзындығы 80 км жол жөндеуге тиіс еді.Бірінше күні олар жолдың бестен бір бөлігін ,ал екінші күні жолдың төрттен бір бөлігін жөндеді. Жолаушылар екі күнде неше километр жол жөндеді?Әлі жөнделмеген неше километр жол қалды?
Ш: (80:5)+(80:4)=36 80-36=44 Ж: екінші күні 36км ж.ж. Қалды: 44 км жол
Ауызша. Суретте барлығы неше кесінді бар? Түзу нешеу,Сәуле нешеу? Сурет бойынша а)кесінділерді; Ә) түзулерді; б) сәулелерді тауып көрсет.
Кесінділір: ОЕ;ОК -кесінді; ЕВ;КД,ОА,ОС -сәулелер, АВ,СД -түзу.
Тақтаға орындау. №7
Суретте көрсетілген арақашықтығы 300км А және В қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-км/сағқарсы екі машина шыққан. Олардың неше сағаттан кейін кездесекін тап.
Ш: (70км/сағ+80км/сағ)х2 Ж: 2сағатта кездесті
№8 Ауызша.Әр бағандағы мысалдардың нәтижелерін салыстыр:
900:3х2=600 900:(3х2)=150 (900+100): 2=500 900+100:2=500
ІҮ. Қорытындылау
–Сабақ ұнады ма?
– Не қызықтырды сендерді?
– Қиыншылық болды ма?
Үйгн тапсырма: №8
Ү. Бағалау