Тең мүмкіндік

Тең мүмкіндік

Сабит Арайлым

Әйел мен ер құқығының теңдігі жайлы тақырып соңғы уақыттары қатты қызықтыра бастады. Феминистік тұрғыдан да, басқа тұрғыдан да қарадым. Бір байқағаным, көпшілігің ойы екі жақты. Біраз адамдармен пікір алмастым. Солардың ішінде ең елеулі болған пікір өз ұстазымның айтқаны «Қарындасы бар ер адам, феминист болуы керек, менің де өз қарындасым бар, мен де оның құқығы аяқ асты тапталғанын, басқа ер адамдардың алдында төмен тұрғанын қаламаймын. Феминизмді әр кім әрқалай түсінер алайда ол қарапайым өз қарындастарымыздың құқығын қорғау, елімізде сонау ғасырлардан бері феминисттер бар, өздерін жария етіп феминистпіз деп жар салмаса да, шығармаларында айқын қыз тағдырының қиындықтары көрінеді. М.Дұлатұлының бақытсыз жамал Ғабит мүсіреповтың Ұлпан сұлтанмахмұт торайғыровтың қамар сұлу тағы ла басқа ақын жазушылардың шығармалары қыз баласының таңдау құқығынан айырылу сюжетін көп бейнелейді. Бұл бертін келе 18-19 ғасырда көрініс тапқан шығармалар ғой , оған дейін де тіпті хандық дәуірде де заңдар болды емес пе , Тәуке ханның жеті жарғысында әйел адамға зорлық көрсеткенді өлім жазасына кесу туралы заң болған.» деп жауап берген болатын.
Демек, әйел адам да таңдау еркіндігімен өмір сүруге құқылы. Әйел адамның да қолынан карьера қуу келеді. Әйел адам қоғамнан шеттетілуге емес, қоғаммен бірге болуға тиіс.
Сірә, отау құрғанда да, отбасын сақтап қалудағы барлық жүк әйел адамға артылады ма деймін. Ер адам тыстың адамы деп барлық жауапкершілік әйелге қалып қойып жатады. Барған жеріңе тастай батып, судай сің деп жатады. Барған соған лайық па екен, кім білсін? Тастай бату үшін сол жер жұмсақ, судай сіңу үшін топырақтай құнарлы болуы керек емес пе?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *