Мен таңдаған мамандық.

       Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

       Қазіргі таңда мен журналистиканың ошағы яғни, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде  журналистика мамандығы, медиакоммуникация саласында оқып жатырмын. Бұл мамандыққа ойда жоқта келген болатынмын және бір жыл ішінде журналистика жайлы көптеген ақпараттарды білдім. Медиакоммуникация сөзі медиа саласы мен коммуникация яғни қоршаған ортамен, қоғаммен байланысты ұштастыра отырып, халыққа қызмет ету. Бағдарлама тек шығармашылық және технологиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар басқару дағдыларын меңгерген медиа-продюсерлерді, әмбебап медиа мамандарын дайындайды. Бағдарлама журналистика, БАҚ менеджменті, деректерді талдау, режиссура және медиа өнімді жасау негіздері бойынша оқытуды біріктіреді. Оқу бағдарламасы веб-дизайн, медиа экономикасы, шығармашылық салалардағы жобаларды басқару, медиамаркетинг, шығармашылық жазу, аудиомонтаж, фото және бейне түсіру, музыкалық бейне өндірісі және фильмдер өндірісі сияқты пәндерді қамтиды. Бағыттың түлектері БАҚ әлемінде жұмыс істей алады: тележүргізуші, радиожүргізуші, продюсер, редактор, дизайнер, бренд-менеджер, оқиға-менеджер, арт-директор, IT маманы және т.б. Бұл дәстүрлі журналистика мен аналитика, менеджмент, жарнама, цифрлық платформаларда кітап шығару, компьютерлік ойындар, анимация шығаратын компаниялар, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен мобильді қосымшалар болуы мүмкін. 1 курста негізгі деген пәндер медиакоммуникация негіздері (бұл пәнде постмодернизм, журналистік этика және адалдық, кәсібилік, сыни пікірлер және оған қарсы тұру), Қазақ журналистикасының тарихы (бұл пәнде алғашқы газет, журналдар, радио орталықтар, руна және алғашқы қазақ журналистері) өткен болатын.

Бұл мамандық белсенді, ізденімпаз, көпшіл адамдарға өте қолайлы. Кең дүниетанымы бар және соңғы оқиғалардан хабардар болуға ұмтылатындар үшін. Дегенмен, мұндай жұмыста шығармашылық жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен үйлесетінін түсінуіңіз керек. Кәсіби журналист материалда жазылған немесе айтылған әрбір сөз үшін жауапты, ол ақпаратты аудиторияға объективті түрде жеткізе білуі керек.  Медиакоммуникация мамандығы болашақ журналистерге көптеген мүмкіндіктер сыйлайтыны анық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *