Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Баймедел Ақбота

Мамандық таңдау әрбір адамның өміріндегі ең басты шешімдердің бірі. Сүйікті ісің мен сүйікті жұмысыңды істеу өмірде үлкен бақытқа жетелеп қана қоймай өмірге деген ынтаңды оятары анық. Әрбір оқушы жоғарғы оқу орнына түсер алдында өзінің болашағы туралы ойланып, бас қатыратыны бар. Кейбіреуіне көптеген істер ұнап, өзін қай саладан көретінін білмей жүрсе, ал кейбіреуі тіптен өзінің неге қызығатынында білмейді. Өзі ұнатқан мамандыққа түсейін десе, ол мамандықтан болашақ көрмейді, ал өзі ұнатпайтын мамандықтан үлкен үміт күтеді.Бұл жағдай көптеген түлектерге таныс та шығар. Ойыңды барынша жинақтап, өз жүрек қалауыңды таңдағаның абзал. Мен де осындай күйді басымнан кешіріп, болашақ мамандығым туралы біраз ойландым. Жүрегіме жақыны журналистика саласы болды.

Бала күнімнен жазуға, ақындыққа, сөзге шешен болдым. Есейе келе осы дарынымды жоғалтпаумен жұмыс істедім. Қазіргі күнге дейін әртүрлі газет-журналдарда есімім жарияланған, өзімнің авторлық кітабімді шығардым. Бұл журналистика саласына деген алғашқы қадамдар еді. Осындай титтей ғана жұмыстар менің журналистика саласына деген махаббатымды күннен күнге оята берді. Міне, бүгінде арман қуып арман қала Алматының төрінде журналистиканың қара шаңырағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің түлегімін. Алғаш осы университетке келгеннен бастап, өз жолымды тапқанымды іштей сездім. Барлық қиыншылықтар мен күрестерді артқа тастап, арманымнын жолында жеңіске жетуге талпынғаным үшін өзімді мақтан тұттым. Ешкімнің сөзін елемей, өз таңдауыма адал болғаным үшін осы университетттің табалдырығында тұрып шүкіршілік еттім. Алғашқы өткен сабақтардан бастап, журналистика мамандығы туралы сыр-құпиялармен таныстым. Бұрын соңды білмеген, естімеген ақпараттармен алмастым. Медиакоммуникация мамандығының жаңа сала екеніне, болашағы жарқын екеніне көзім одан әріжете түсті. Алғаш университет табалдырығын аттаған сәттен бастап топтағы студенттермен жақсы тіл табысып, арман мақсаттарымыздың бір екенін ұғындық. Өмірлік жолдарымыз тең келетін болғандық, біз үшін бір-бірімізбен тіл табысу қиынға соқпады. Өмірімді өзгертіп, жаңа парақтардан бастайтын сәттің басталғанын іштей ұғындым. Өмірге деген көзқарасым мен талпынысымды арттырған өзім қалаған мамандығым. Бұл мамандықтың болашағы көп. Мәселен радио, телеканал, баспа ісінде және т.б жерлерде жұмыс істесеңіз болады.Мамандық таңдауда тек өз жүрегіңді тыңда. Өз таңдауыңды жасағаның үшін ешқашан өкінбейтінің анық. Сондықтан ешкімнен, ештеңеден қорықпа. Таңдау тек өзіңде.  Журналистика сенікі емес, жұмысы қиын, қолыңнан келмейді деген сөздер айналамда айтылып жатса да, бул мамандыққа деген махаббатымның күшінен ештеңе де естімедім. Өз арманыңды орындау өз қолыңда. Айналадағы сөздер мен біреудің пікірі сенің арманыңа, сенің өмірлік жолыңа, мақсаттарыңа кедергі келтірмеуі керек. Сен жеке тұлғасың және сенің өз тағдырың, өз таңдауың бар екенін ұмытпа. Сенің болашақ жұмысыңды жасайтын тек сенсің. Сол себептен, арман мақсаттарыңа адал бол!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *