Киноматографиядағы сәтсіздік немесе сәтсіздіктегі киноматография

Бүгінде жастардың көбі қазақ киноматографиясындағы көптеген фильмдердің желісі бірдей деп ойлады. “Қазақ комедия түсіруден жалықпайды”, ” Ауыл, келін, енеден басқа тақырып жоқ па? “- деген секілді пікірлер айтылып жатады.

Бірақ, киношежіреге үңілер болсақ, қазақ киносы үнемі мұндай болмағандығын түсінеміз. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы “Амангелді” фильмынан бастау алады. 2-ші дүниежүзілік соғысы кезінде 1944 жылы Алматыда көркем және деректі шежірелік фильмдер студиясы “Қазақ фильм” (1960 жылдан бастап) ашылды. Студия алғаш ашылғаннан бастап 100- ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильмдер шығарды. Ал, 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдарда, заманауи тақырыпқа арналған картиналар түсірілді. Мәселен, ” Менің атым Қожа”, “Атаманның ақыры” , “Махаббат туралы аңыз”, ” Абай” т.б.

Жалпы айтқанда КСРО кезінде цензурамен қазақ киноматографиясын қысып ұстаса да, үлкен мәдени жарылыс жасадық. Ал қазір ше?

 

 

Қазіргі кезде сюжеттері бірдей кинокомедиялар көптеп түсіріліп жатыр. Халыққа өтімдісі де сол болғандықтан, режиссерлар өзінің бағытын соған толық бұрған.

Алайда, соңғы екі жылда елімізде сапалы әрі қызықты сюжетпен көптеген кинолар түсіріліп жатыр. Мәселен, 2023 жылы қазақ кино тарихындағы алғашқы хоррор жанрында түсірілген “Дәстүр” фильмы, боевик жанрындағы “Бүркіт” (2023), “Біздің жігіттер. Афган” (2024) фильмдері, Әйел теңсіздігі, зорлық-зомбылық туралы ашық түсірілген “Бақыт” (2023) фильмы , 90- шы жылдардағы орын алған криминалды оқиғаларға байланысты түсірілген “5:32” (2021-2022), “Чёрный двор” (2023) “Приговор” (2024) фильмдері, заңсыз ақша бақыт әкелмейтіндігі туралы ” Шекер” (2020) фильмы, сондай-ақ патриархатты қоғамды матриархат алмастырғаны жайлы түсірілген ” Менің атым Қызболсын”(2024) фильмы т.б

  • Альфред Хичкан айтпақшы “Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий, сценарий және тағы да сценарий. Заманауи әлемде фильм түсіру оңай, ой толғандырарлық сценарий жазу қиын. Сондықтан, актерлар мен режиссерлардың еңбегін бағалайық!
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *