«Үздік жас маман- 2024» колледжішілік байқауының өткендігі жөнінде анықтама

«Үздік жас маман- 2024» колледжішілік байқауының өткендігі жөнінде анықтама

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің жас мамандармен жұмыс жоспары бойынша 31 мамыр айында жас ұстаздардың біліктілігін, жан — жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман — 2024» байқауы өткізілді. Байқау 3 кезең бойынша ұйымдастырылды.

Бірінші – «Сәлем-сөздің анасы» сайысы (өзін-өзі таныстыру)
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
Екінші «Білікті маман – ел тірегі» (Мастер-класс, жас мамандар портфолиосын, сабақ барысында қолданып жүрген көрнекі құралдарын көрсетеді)
Үшінші «Психологиялық тренинг»
Байқауға 7 жас маман қатысты:
1. Уәлиханова Г.С.
2. Өмірғазы Т.
3. Сағынбай А.С.
4. Ахтанбай Н.З. қатыспады
5. Қалтай Е
6. Айғожаева М.
7. Әмірғазы А
8. Ширалиева Ж
Әділ қазы алқасы:
1. Арнайы пән оқытушысы: Дүйсенбай Д.Т.
2. Арнайы пән оқытушысы: Қайыпбекова Л.М.
3. Тарих пәнінің оқытушысы: Азимханов И.К.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру, сабақта қолданатын бір тиімді әдіс, жас мамандардың құжаттары. Байқаудың әр кезеңінде жас мамандар өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Әділ қазылар алқасының мүшелері 3 кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Бағалауға электронды түрде қатысқан әріптестер де қатысып, жас мамандарға қолдау көрсетті. Әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жарияланып марапаттады.
1-орын ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Уәлиханова Г.С.
2-орын арнайы пән оқытушысы Әмірғазы А
3-орынды өндірістік оқыту шебері Айғожаева М.
Қалған қатысушылар Алғыс хатпен мараппаталып, сыйлықтарға ие болды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *