31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өз деңгейінде аталып өтіле ме?

Турсунбаева Забира Кудайбергеновна

Тарих-педагогика факултетінің 1 курс студенті, магистрант

Ғылыми жетекшісі:

Картабаева Ерке Тамабекқызы

Тарих ғылымдарының профессоры

 

31 мамыр саяси құғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні… Атының өзі адамның денесін дір еткізіп көз алдыңнан азап шеккен аналар мен айдалада ит жеккенде азап шеккен азып тозған әкелермен зіңгіттей жап-жас азаматтар елестейді, жаның түршігеді.

Бұл қиямет заман әр қазақтың отбасын айналып өтпеді. Кімнің не үшін айдауға кетіп немесе, ату жазасына не үшін бұйырылғанын да білместен өтіп кеткен мұңды жанарлар елестейді. Жәутеңдеп бір үзім нан мен қара суды аңсаған қаршадай баладан қартайған қарияларға дейін осы азапты бастан өткерді ау!  Қайран қазағым не көрмедің! Қаңғып азық іздеп шеткері елге қаншама қазағым қоныс аударып кетті. Қазақ халқының мәжбүрлі түрде ата қонысын тастап ауа көшуін жан жақты зерттеп жазылмай жатқаны анық. Қазіргі қоныс аударушыларға «оралман» деп ат қойып көмек көрсетілгенімен олардың жан жарасы жазылар ма екен?

1928 жылы 27 тамызда «Байларды тәркілеу» туралы бұйрық шыққаннан «Байлар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп таныған қолында он бес жиырма   тұяғы бар орташадан төмен елге қадірлі адамдарды да қудалау басталған кезде көбі өре көшіп өз наразылықтарын солай білдірді. Басқа жерге барғанда оларды біреу құшақ жая қарсы алмаған. Қытай шекарасынан өткен қазақтарды жоңғарлар мен қалмақтардың қалған қалдықтары шекара аймағынан өткеннен бастап тонап, қолына түссе өлтіріп жіберуге дайын тұрды. Ресей жаққа азық іздеп жосылғандардың күні оданда жаман. Қақаған қыста да босағасы тұрмақ қорасынан да орын бермей қаншама аш жалаңаш адам үсіп өлген. «”Батыс Сібір өлкелік атқару комитетінің бірінші хатшысы Р.Эйхе өңірдің әлеуметтік ахуалын оңалту мақсатымен босқын қазақтарды 24 сағаттың ішінде қуып шығуға бұйрық береді. Бұл бұйрық жергілікті үкіметке қазаққа қарсы ашық жауыздық жасауға жол ашты. Өлкелік милиция қазақтардың жеркепелеріне, тұрған орындарына бұзып кіріп, қуып шығуға белсене кірісті. Тіпті, жұмыс істеп жүргендерінің есеп айырысуларына да мүмкіндік бермеді. Жергілікті тұрғындар арасында босқын қазақтар бай-кулактың тұқымы, тығып жүрген байлықтары бар деген сөзді таратты». Ол-ол ма, “аш қазақтар орыстардың балаларын жейді екен” деген өсек шықты. Осыдан кейін тұрғындар қазақтарды ұстап алып, өлімші қылып сабап кететін болған”, деп Дәулетқалы Асауов тағы бір деректерді келтіреді» «Айту да, есту де қиын. Зұлмат статистикасы мен деректер, ашаршылық нәубетінен аман қалғандардың естеліктері» Махат Садықтың ФБ парақшасынан алынды.

Енді өзімнің естігендерімді де айта кетейін. 1931-1932 жылдар шамасында шекарадан бес алты әулет өткен екен. Бұрынғы естіген әңгімелер тек еміс-еміс қана есімде қалыпты. Әліде Нарынқолдан қытайға өткен қазақтар туралы мәлімет жоқтың қасы. Сол кезде мұқият тыңдап естігенімізді жазып алмаптық.

Досжанұлы Тұрсынбай атамыз туралы естеліктерден  біраз естігендерімді жаза кетейін. Тірі кезінде біраз елі үшін игі істер атқарған екен. Қытай, орыс тағы басқада көрші елдердің тілін еркін меңгерген екен.

Ашаршылық кезінде досымен бір түнде қытай шекарасынан ары-бері бір түнде атпен өтіп азық әкеліп ауылын асыраған екен. Содан бір А. Есімді досы көрсетіп беріп «қытай шпионы» болып қамалып кеткен екен,  кейін нақты дәлел жоқ болған соң атамыз 1954 жылдары ақталып шығыпты. 1972 жылы 50 жасқа жетер-жетпес жасында қайтыс болыпты. Оны кейін әжеміз Әшен апамыздың аузынан естідік. Әкеміз бен сол көрсетіп берген кісінің балалары да егесіп бір біріне тіс қайрасып өтті. Себебі кеңес өкіметі адамды сатқындыққа бір-бірін аңдуға итермелеп тұрғандай әсер етеді. Бірақ әкеміз жуас адам еді, жуас болсада ешкімге өз есесін жібермейтін қайратты кісі болатын.

Қамауда жатқанда бір қытай дәрігерімен бірге жатып біраз қытай медицинасын, тілін меңгеріп, тамыр ұстап диагноз қойып емдікті үйреніп қайтыпты. Өзінің анасы да Маржан апамыз кербез кесірлі кісі болған екен. Ол кісі де сол тек емдікпен ғана айналысып ем домын жасаған сол кісіден де біраз емшілік дарыса керек. Кейін шыққан соң шөп дәрі қайнатып біраз адамды аяққа тік тұрғызып емдік жасап ел аузында қалған кісі еді. Оны осыдан біраз жыл бұрын бір үлкен кісі іздеп кеп рахметін айтып әңгімесін айтқан еді. «Ол кезде біз жастау едік балаларымда жас еді. Уақытында іздеп бара алмадым. Алғысымды да айта алмадым, бұл менің көкейімнен кетер емес. Міне сол кісінің арқасында қазір немере шөбере сүйіп отырмын» деп біраз сыр шертіп көз жасына ерік берген еді.

Саяси құғын сүргіндер мен ашаршылық құрбандарын еске алу 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде. 1993 жылы 14 сәуірден «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданғалы бері біраз жұмыстарда атқарылды десек те болады. 1927-1953 жылдары 125 мыңнан астам адам құғын-сүргінге ұшырап оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген екен.

Қазіргі таңда  құғын сүргінге ұшыраған қазақ халқының бетке ұстар қаймақтары ақталып мектеп оқулықтарында, жоғарғы оқу орындарында оқытылуда. Алайда сол 25 мыңнан астам атылған ақтаңдақтардың аз ғана бөлігі ақталды. Қуғын сүргін жылдары қазақ даласының ғана өзінде  953 лагерь болған екен. Әлі қанша азаматтарымызды ақтап тиісті бағасын беруіміз керек деп ойлаймын. Осы мақсатта мектеп бағдарламасына сәйкестей отырып «Алаш арыстары «аңыз бен ақиқат»» атты элективті курс құрастырып дайындадым ондағы мақсатым осы ақталған зиялыларымызды жас ұрпаққа жан жақты дәріптеу, әділ бағасын беруге үйрету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

“Adyrna” порталында жарияланған профессор Зиябек Қабылдиновтың  “Алаш автономиясы тәуелсіздігіміздің тарихи тамыры мен тұғыры” атты мақаласында біраз қызықты деректер берілген. 1909 жылы екі рет Ресей империясының депутаты болып сайланған, атақты Шәймерден Қосшұғылұлы Осман империясының патшасы Сұлтан Абд ал-Хамидпен 1909 жылы кездесіп, қазаққа жәрдем сұрағаны да тарихта болған оқиға.

Мына бір тың құжатқа назар аударсақ: халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен өткен «Әуезов, Алаш және Күншығыс елі» атты zoom-конференцияда жапон ғалымы ғылыми жаңалыққа толы баяндама жасаған екен. Жапон тарихшысы Рёсукэ Оно мен Уяма Томохико Райымжан Мәрсековтің 1919 жылдың қаңтарында Жапония Үкіметіне жолдаған үндеуіне талдау жүргізген екен. Ол үндеуде алаш қайраткері Жапониядан Алашорданы мойындап, көмек көрсетуін сұраған және қару жарақпен медикаменттер сұрағандығы жазылады. Жалпы қарасақ “жапон тыңшысы” деген қауесеттің тууына да осы жағдай себепші болуы мүмкін.  Міне осындай тың деректермен оқушыларды таныстырып қазақ зиялыларының жанкешті еңбегінің куәсі ету.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Аманжолова Д.А. Алаш в этнополитической истории Казахстана Алматы: Издательский дом «Таймас», 2009. – 412 с
  2. Қабылдинов З. Е.Алаш автономиясы – тәуелсіздігіміздің тарихи тамыры мен тұғыры | “Адырна” ұлттық порталы (adyrna.kz) 2022 жыл
  3. Райымжан Мәрсеков Жапонияға Алашорданы қарумен қамдауды сұрап үндеу жолдаған – Уяма Томохико | Qazaquni.kz | Қазақстан жаңалықтары | Қазақ үні сайты
  4. Сақ Қайрат Өмірбайұлының ғыылми жетекшілігімен құрастырылған «Алаш көсемсөзі: жер мәселесі» атты көптомдықтың алғашқы томы «Қазақ энциклопедиясы» 2014 жыл

Смағұл Елубай, “Ақ боз үй” — 2011 жылы Алматы қаласы “Жазушы” баспасы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *