«ОЙЫН МЕН ЖАТТЫҒУ»

Түркістан облысы Жетысай ауданы “Қуаныш”  бөбекжай бақшасы МКҚК тәрбиешісі:Сулейменова Аманкуль Ташановна

Түсінік хат

«Ойын мен жаттығу» таңдау бағдарламасында қазіргі заманауи білім беруде аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады . Таңдау сабағы білім алушылардың ойын мен жаттығу арқылы білімді меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған ортамен байланыс жасай білуге үйренеді.

Бұл сабақ білім алушылардың біліктілігін жетілдіру жеке тұлғаны дамытуда маңызды роль атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да мектепалды балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.

Бағыты: жаратылыстану-математика

Жаңалығы: Мектепалды білім берудің мазмұндық аспектілерін баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін  дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.

Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепалдытәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан)

Ерекшілігі: Дидактикалық ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді;  зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу  т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Педагогикалық мақсатқа лайықтылығы. Бұл авторлық бағдарлама мектепалды жастағы, қоршаған ортасын жаңа танып келе жатқан, балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыруға арналған. Бағдарламада жоспарланған тақырыптар балаларды алған білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдеріне белсенді қатысу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаттары: Дидактикалық ойындарды қолдану және әзірлеу арқылы  мектепалды жастағы балаларды қарапайым математикалық түсініктермен, қоршаған орта және айналамен таныстыру; жеке тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Мектепке алды балаларын заттың түсімен, пішінімен, көлемімен таныстыру, заттардың сипаттамалық белгілерін қабылдауды жетілдіруге бағытталған дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесін құру.

— Балалардың сөздігін толықтыру, дыбысты дұрыс айтуларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді, өз ойын дұрыс айта білуді дамыту;

— Қоршаған заттарға ұқыпты қарау; мінез-құлық ережесі туралы, ересектер және құрдастарымен өзара қатынас туралы, жеке тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы адамгершілік түсініктерін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Мектепалды математиканы оқытудың стратегиялары:

  1. Математика негіздерін практикада қолдану арқылы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;
  2. Түсіндіру, идеяларымен таныстыру, диалогтарға қатыстыру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау барысында коммуникативтік дағдыларын дамыту; өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).
  3. Өзіндік іс-әрекетін, топтық жұмыс, оның барысында бірін-бірі үйретуды ұйымдастыру:
  4. Математиканы негіздерін үйретуде балалардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.

Күтетін нәтиже: Балалар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып,  логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін дамытады; коммуникативтік дағдыларды, психикалық сапаларды, математикалық қабілеттерін дамытады;  өз жұмысын талдауға және түзетуге үйренеді (рефлексия). Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *