Мектеп жасында дейіңгі балалардың мнемотехнологиялар арқылы (байланыстырып сөйлеу) тілдерін дамыту

Түркістан облысы Жетісай ауданы “Қуаныш” бөбекжай бақшасы МКҚК тәрбиешісі:Ахмедова Фатима Абдувалиевна

Мектеп жасында дейіңгі балалардың  мнемотехнологиялар арқылы                    (байланыстырып сөйлеу) тілдерін дамыту

  1. Балабақшада тіл дамыту арқылы мнеомотехника әдісін пайдалану 

Мнемотехника дегеніміз не? Ол балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі.

Мақсаттары мен міндеттері:

– Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру.
– Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.

 

Алғы сөз

Тілді меңгеруде пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады, сабақта өткізілген тақырыптар дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, ағылшын тілі, тіл дамыту, математика сабақтарында бекітіледі. Осындай біртұтастық жұмыс, балалардың сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді.

Балабақшадағы тәрбиеленушілерді мектепке даярлау сұрағы үлкен маңызға ие болуда. Әсіресе, үлкен қазіргі бастауыш білім берудің мазмұны өзгерген шақта 1–сыныпқа барушы балалар алдын –ала сауатты, оның ішінде дамыған, дыбыстарды қолданады, ауызша сөйлеу, сөйлемді дұрыс құру, сөздерді буынға бөлу, қарындашты ұстай білу және дәптердің жолын айыра білу – осыларды мектеп қызықтырады. Осындай дайындықты меңгерген балалар оңай және жеңіл оқу мен жазу процесін меңгереді.

Психологтар мен педагогтардың бақылауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген ынтасы ерте пайда бола бастайды. Егер отбасында және балабақшада балаларды жазу мен оқуға үйретпесе де, олардың кейбіреулері оқуды меңгеріп, жеке әріптерді тани бастайды. Өз беттерімен оқуды меңгергенше, балалар ең алдыменәріп бойынша оқиды. Бұл әріп бойынша оқу қанағаттанғысыз. Ол бойынша оқығанда балалар көптеген қателіктер жіберіп, не туралы оқығанын білмей, оқу ырғағын жайлайды.

Педагогика ғылымдарымен балаларды 6 жастан бастап оқытуға үлкен жұмыс жүргізілуде. Балалардың балабақшада сауат ашу пікірі өте ерте қалыптасқан.Психологтармен, педагогтармен бұл бағытта үлкен эксперименттік жұмыс жүргізілді. Бұл зерттеу жұмысының ғалымдары Я.С.Выготский, Л.И.Божовин, А.П.Усова, мектепке дейінгі тәрбиелеу методистері Е.М.Тихеева, Ю.И.Фаусектер мынадай қорытындыға келді.

Балабақшада сауаттарын ашу мүмкіншілігі мол 1956 – 1959 ж көрнекі совет методисі А.И.Воскресенская үлкен эксперименттік жұмыс жүргізді. Оның мазмұны балаларда сауат ашу жұмысы еді. Балалар ерте балалық  шағынан бастап, өз ана тілін қолданады, бірақ ол өз сөйлеу тілінің пайда болуының әдістерін білмейді. Ол бірте – бірте тілінң дамуы сөйлемдерден құралып, оның өзі жеке сөздерден, ал – сөз буыннан, буын – дыбыстан құралатынын біледі. Дыбыстар жазуда әріппен белгіленеді. Жазумен оқытуға үйрету үшін, бала тілдің өзі сөзден туатынын, дыбыстардың әріппен белгіленетінін түсіну қажет. Тіл дамыту дегеніміз – бұл сөзбен, сөйлемдермен, айтылумен жұмыс.

Қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болып саналатын тілдің балаларды оқыту, білім беру, тәрбиелеу саласындағы орны ерекше. Өйткені баланың сәби шағынан басталатын түрлі іс-әрекеттері, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы осы тіл арқылы жалғасып, жетіле түседі. Сол себепті де баланың ойлау, сөйлеу дағдыларын арнайы зерттеген көрнекті ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың сөдік қорының даму мөлшерін, екіншілері олардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін, сөзді түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды игеруі, жүйелі сөйлеуді меңгеруі туралы мәселелерді, үшіншілері баланың ойлау қабілетін, психикалық процестерін дамытуда тілдің ролі сияқты әр тарапты проблемаларды қарастырады.

Одақ көлемінде жүргізілген зерттеу нәтижелері осы заманғы балалардың өсу, даму дәрежесі әлдеқайда жоғары екенін, олар күнделікті өмірден алған әсері, көрген-білгені жайында өздігінен қарапайым ой қорытындыларын жасауға, талдап, жинақтауға қабілетті екенін дәлелдейді. Республика көлемінде жүргізілген кейбір бақылау, зерттеу жұмыстарының қорытындысы балалар бақшасында тәрбиеленушілердің мектепке белгілі дәрежеде даярлықпен келетіндіктен, олардың оқу барысында  толық үлгерім беріп отырғанын көрсетті. Мектепке балалар бақшасынан келгендердің лексикасы жетілген, көрген-түйгендерін, оқығандарын әңгімелей біледі. Ауызша санап, есептей білуге жаттығып келеді.   Тілдің өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болатыны белгілі. Оның бірі – тілдің негізін қалайтын  сөздік қор, екіншісі – оның грамматикалық құрылысы. Тілдің осы екі саласы баланың жас кезінде жүргізілетін тәрбие тәсілдері, айналасындағы адамдардың баламен қарым-қатынасы нәтижесінде дамып, қалыптасады. Ал балалар бақшасындағы арнайы топтарда, мектептегі даярлық сыныптарда педагогикалық процесс сабақ арқылы әрі қарай, тереңдете, жаңа мазмұнда жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмыстық қажетке байланысты сөздік қоры жеткілікті. Бірақ сол сөздердің грамматикалық формаларын толық меңгеріп үлгермейді. Сондықтан 6 жастағы баланың сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған тілдік жұмыстар жүйелі, бір-бірімен сабақтас жүргізіледі.

Жалпы сөздік қорды дамыту: үйренген сөздерді дұрыс, анық айтуға, ол сөздерден өздігінен сөйлем құрай білуге, сөздерді грамматикалық формаларда (септеп, жіктеп, тәуелдеп) айта білуге, сөз тудыру тәсілдеріне, диалог, монолог түрінде сөйлей білуге үйрету. Бұл жұмыстар мұғалімнің басшылығымен сабақ процесінде және сабақтан тыс жұмыстарда іске асады.

Оқу жылының алғашқы кезеңіндегі мұғалімнің міндеті – семьядан мектепке келген балалармен жекелей сөйлесе отырып, олардың сөйлеу дәрежесін, жеке сөздер мен сөйлемдерді айта білуі, әңгімелеу дағдыларын, сөз ішінде дыбыстарды дұрыс айтуын, дыбыс, әріп танитын бала санын анықтау. Ол үшін мұғалім ауызекі әңгімелесу, сурет көрстеіп әңгімелету, ойыншықтар мен дидактикалық ойын ойнату әдісін қолданады.

Тіл дамыту сабақтарында үш мәселе бір-бірімен байланысты жүргізіліп отырады. Олар: сөздік жұмысын жүргізіп, сөз тіркестерін айта білуге үйрету, жалаң, жайылма сөйлем құрап айтуға және байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сондықтан арнайы өтілетін сабақтарда бақылау, экскурсия кезінде жаңадан үйренген сөздерін күнделікті өмірде, жолдастарымен, мұғаліммен, сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде орынды қолдана отыруға жаттықтыра беріледі. Грамматикалық формада байланыстырып сөйлеу тәсілдерін жетілдіруге төселдіреді.

     Сөздік қорды дамыту тәсілдері мынадай:

– Күнделікті іс-әрекет, сабақ мақсатына қарай жаңа сөз үйрету, сабақта сөздік жұмысын ұдайы жүргізу.
– Үйренген сөздерін сабақ үрдісінде, сабақтан тыс уақытта әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы бекітіп, тиянақтап отыру.
– Жаңадан үйренген сөздерді белсенді сөздік қорғаенгізу, орынды қолдана білуге жаттықтыру.

Сөз үйрету жұмысы жеке заттық атауларға ғана тән емес, сол заттардың санына, ретіне, сапасына, қасиетіне, жеке бөліктеріне, қажеттігіне, кеңістікте орналасуына қарай нақтыс түсіндіріледі. Таныс заттарды дара және жалпы түрде атап айтуға жаттықтыра отырып, жалпы ұғым беретін сөзде үйретіледі.

 

Антоним (ұзын-қысқа, кең-тар, үлкен-кішкене, биік-аласа, қалың-жұқа, алыс-жақын).

Синонимдер (көрік-ажар, келбет, пішін; тез-жылдам, шапшаң, т.б.), көп мағыналы сөздерді (түс-мезіл, түс көру, машинадан түс, суретке түс т.б.).                                                                                Ауызша сөйлесу, әңгімелесу, әңгімелеу кезінде ол сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп қолдана білу тәсілдеріне (ереже айтылмайды) жаттықтыру.                                                                                  Балаға жаңа сөз үйретудегі басты объекті – айналадағы дүниені, қоғамдық өмірді,  адамдардың еңбегін, мамандығын таныту.                                                                                                                           Сөздік жұмысын жүргізу әдістері: затты көрсету, түсіндіру, бақылату, әңгімелету.                                    Сөздік қорды байыту, тіл дамытуда қолданылатын көрнекі құралдар: жеке зататрдың суреттері, шағын сюжетті суреттер (үлестірмелі), дидактикалық ойыншықтар, қуыршақтар, сюжетті ойыншықтар. Балаларға  заттарды жекеше, көпше түрде айтқызуға арналған суреттер.

Сөздің дыбыстық құрамы – ауызша сөйлеуге тән құбылыс. Айтылатын ой тыңдаушысына түсінікті, анық болуы қажет. Сөздің мәнерлі айтылуы да ауызша айтудың негізгі шарттарының бірі. Ал сөзді мәнерлеп сөйлеу үшін сол сөзді құрап тұрған дыбыстардың айтылу ерекшелігін жете меңгерту қажет.  Дыбыстарды әр түрлі көңіл-күйге байланысты құбылтып айтудың нәтижесінде сөздің әсерлілігі де түрліше болады.                                                                                               Ойын дұрыс жеткізе білу сөзді өз бояуымен айту, нақышына келтіре сөйлеу дағдылары балада мектепке дейін-ақ белгілі дәрежеде қалыптасып бітеді.                                                                         Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Дыбыс деген ұғымнан бастап, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтінмен жұмыс жүйелі түрде бір-бірімен байланыстырыла қалыптастырылады.

  1. Сөздегі дыбыстардың айтылуына, яғни дыбыстардың сөз ішіндегі артикуляциясына назар аудару.

Ол үшін жеке дыбыстарды айтуда ерін, езу, тіс, тіл, мұрын т.б. дыбыстау мүшелерінің  қызметіне байланысты.

– Керекті дыбысты күшейтіңкіреп, буынды созыңқырап анық айту.
– Дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсамайтын дыбыстарды салыстыру.
– Сөздегі түсіп қалған дыбысты тауып, орнына қойып айту.
– Айтылуы ұқсас дыбыстарды салыстыра айту.
– Керекті дыбысты қатыстыра сөздер жасау.

Жалпы балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген, лесикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сын есім, етістік, синоним, омоним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіру.

Міндеттері:

– Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
– Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
– Сөздік жұмыс.
– Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (диалогты және монологты).
– Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.
– Сауат ашу.
– Көркем әдебиет шығармаларын таныстыру.

Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету – мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену – оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.

Мнемотехника – балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.

– Сөздік қорының кемдігі;
– Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
– Дыбыстау кемшілігі;
– Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
– Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.

Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.

Мнемотехника – балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.

Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *