Тәрбиеші-болу бір бақыт.

 

Түселбай Майра, Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы    «Еркемай» бөбекжайының педагог-модераторы  Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы

Тәрбиеші – болу бір бақыт.

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істегеніме еш өкінбеймін. Тәрбиеші- ол балаға бағыт-бағдар, тәлім тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы.Тәрбиешілер-ішкі жан-дүниесі бала жандар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді,кішкентай алақандарын менің алақаныма қойып өз құпияларын айтып маған сенім білдіреді. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Осы жолда жақсы нәтижеге жету үшін – ізденіс, талапшылдық және шығармашылық.

Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі көп деп ойлаймын. Әр баланың мінезі әр түрлі болып келеді. Бірі жылдам болса, бірі баяу, бір бала өз-өзімен отырғанды жақсы көреді.Балабақшадан балалардың алатын тәрбиесі өте-көп. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет.Ендеше тәрбиеші әр күнді үлкен ізденіспен өткізу керек деп ойлаймын.

«Ұзтасдық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осы мамандық иесі атағаныма сегіз жыл болыпты. Шын жүректен қалаған мамандығың әр кезде де жақсы жетістіктерге апарары сөзсіз.Ал тәрбиеші болу – айтуға оңай болғанымен , қиыны мен қызығын қатар алып жүретін, елдің ертеңгі болашақ азаматтарын тәрбиелейтін тәрбиелі адам болу. Білдіршіндеріміз балабақшаға бар ынтасымен, қуанышты көңілмен келсе, мақсатымыздың орындалғаны деп есептеймін. Өзімді бақытты ұстаз, бақытты тәрбиешімін деп сезінемін.Өз мамандығымызды сүйе білейік!

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *