Қазақ тілі халықаралық аренада – құндылықтар мен ерекшеліктері

Болат Жібек Махсатқызы 

Қазақстан- 130-дан астам этнос өкілдері тұратын көп мәдениетті мемлекет. Бұл Қазақстанның барлық резидент этностарға қатысты демократиялық саясатының негізгі тіл саясаты құжаттарында ұлттың тілдік әртүрлілігі мен ерекшелігін сақтау мен дамытудың маңыздылығына назар аударуымен байланысты. Біздің міндетіміз – полиглоттар мен патриот азаматтардың саның арттыру, болашақ ұрпақты тәрбиелеу және бұл қағиданы насихаттау. Ұлт тілі, қазақ тілін халықаралық қатынастар мен өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін де маңызды болып табылады. Бұл мақалада Қазақстандағы қос тілді тұлғалардың, яғни полиглоттардың тілдік ерекшеліктерін байыту және бір ғасырға жуық уақыт бұрын басталған тілдік шиелістерді шешу жолдарын қарастырамыз. Сондай-ақ қоғамдық және саяси нәтижелер тұрғысынан, тарихи оқиғалармен және одан кейінгі бастамалармен тығыз байланысты тіл саясатына тоқталатын боламыз. 

   Кілт сөздер: қазақ тіл, ұлттық болмыс, ұлттық тілдің әртүрлілігі, патриотизм, орыстандыру саясаты.

Кіріспе

Тіл мәселесі тақырыбын таңдауымның басты себебі – туған тіліме деген патриоттығым. Мен бала кезімнен интернационалдық ортада өстім, бірақ соған қарамастан мен өз ана тілінде сөйледім. Уақыт өте келе мен ана тілімнің маңызы мен құндылығын, сондай-ақ ата-бабаларымыздың мәдениет пен тілдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен себептерін түсіне бастадым. Соның салдарынан мен өз елімнің тарихына, әсіресе қазақ тілінің шығу тегіне қызығушылық таныттым. Оның үстіне басқа қазақтардың ана тілінен орыс тіліне ауысуы итермелейтін факторлар.

 Қазақстан көпұлтты және тәуелсіз ел, сондықтан барлық 130 этностың жеке құқықтары мен бостандықтары сақталған.  Бақыланатын және енгізілетін негізгі мемлекеттік құжат – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Елдің бұл тілдік көптігі мен мәдени бірегейлігі әртүрлі бағдарламалық құжаттармен және заңдармен реттеледі. Сонымен қатар, қазақ тілі – еліміздің ресми мемлекеттік тілдерінің бірі, орыс тілі – ұлтаралық, ағылшын тілі – халықаралық қарым-қатынас тілі. Заңдар мен Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілі деңгейінде орыс тілі қолданылады (5-бап).

Тарихи оқиғалар

   Бұл параграфта мен Қазақстан тілдерінің маңызды мәселелерін баяндайтын әлеуметтік әдебиеттер мен тарих кітаптарының тарихи негіздеріне қатысты өзімнің негізгі көзқарасымды зерттеймін. Талдауға кірісе отырып, біз қазақтың көпмәдениеттілігін және тілдік ерекшеліктері мен құндылықтарын тереңірек бағалай аламыз.  

  1731 жылы Әбілқайыр хан тұсында олар Ресей империясына ант беріп, сол арқылы Қазақстан мен Ресейдің аннексиялануының басталғанын білдіреді. Біздің азаттығымызға және егемендігімізге әлі 260 жыл бар еді, үш ғасырға жуық уақытта басымыздан не өтпеді, ұлттың жоғалуына дейін барған ұлы қазақпыз. Ұлт болмысын сақтауда, ел мен тарихи қайраткерлердің рөлі біз үшін ерең. Мыңдаған ұлы алтындай есімдерді айтып, тоқталу мүмкін емес, бірақ әрқайсысының есімі мәңгі жүрегімізде. 

 Ресей патшалығына қараған кезеңде қазақтың тілдік құқығы шектелді. Азаттығынан айрылып, бодандыққа бойсұнған халықтың тілдік құқығының сақталуын үстемдік етуші мемлекеттен талап етіп, мәселені күн тәртібіне шығару оңай іс емес. Сол уақыт аралығында, Алаш Орда құрылып, халқын тәуелсіздік жолындағы күреске дайындаған аса көрнекті қайраткерлер тарихқа өз үлестерін, қан мен терін аямай төкті. Ер деген тұлғалардың еңбегі мен қосқан ерең үлестеріңе қарамастан, халықтың тілдік құқығының бұзылуы, тілдік теңсіздік дербестігінен айырылуы үлкен мәселеге айнала түсті. Қазақтың басындағы сондай халді көріп қана қоймай, cол теңсіздікті жою мәселесін алғаш көтерген де алаштың Әлиханы. 1917 жылы алғашқы Қазақ газеті басылып, қазақ тілінің басымдылығы айқындалған секілді еді.. Бірақ, тәуелді және отар екенімізді ұмытпассын деп пе, Ресей басқыншылығынан түрлі шектеулер мен түзетулер келді. Қазақ тілін жою, қазақтарды ешсіз қалдыру жоспарлары іске аспағандығы айқын байқалатын сәт, ол 1917 жылы Орынборда “Қазақ” газетнің №251 санында жариялаған бағдарламалар еді. Дәлірек атап өтсек,«Би һәм судия жергілікті жұрттың тілін білуі; Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы; Присяжныйлар қазақтан алынуы» керектігі («Билік һәм сот» бөлімінде), «Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; Қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы» («Ғылым-білім үйрету» бөлімінде) қажеттігі айқын әспеттелген еді. Осы бағдарламадан кейін, Алаш көсемі мен оның үзеңгілерінің жоспары мен мақсатын лезде байқауға болатын еді.  Қуантарлығы, бұл жоспар тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде іске асты, жалпы жүз пайыз емес,әрине. Бірақ, қазақтардың сауаттылығын арттыруда және орыстандыру саясатын барыншы азайтуға титтей болсын үлесі тиді. 1989 жылы Тіл туралы арнайы Заң қабылдап, қазақ тілі ерекше мәртебеге ие болды. 2 жылдан соң, егемендігімізді алсақта, бұл мәселенің толыққанды шешілуіне жетпедік. Тәуелсіздік алғаннан 33 жыл өтсе де, қәзіргі таңда бұл тілдің ерекшелігі мен қолдауына нұқсан келтіруде. 

 Шешім және барлығы жастар қолында!       

Тарихи сәттерге сүйеніп, мәселенің түпкі тарихын қарастырып алдық. Енді қалғаны, бірегейлікті күшейтіп барыншы шешім табуға күш салу. Бұл тақырып бойыншы мен құрбы-жолдастарымнан кішігірім сұрақ-жауап алған болатынмын. Жауаптарға аңғарып зер салсақ, әрбір Қазақстан азаматы бұл мәселеге барынша байсалдықпен қарайтынына көзім жетті. Қасымда осындай патриот жолдастарым барына қатты қуандым. 

 Барлығы ата-ана мен түп тамырдан басталады,әсіресе отбасыдан. Сондықтан, үй ішінде қазақ сөйлеуді көбейтіп, паразит сөздерді күнделікті ауыз-екі сөйлеуден қысқартып, насихаттау. Қазақ тілінде веб-порталдар санын барыншы көбейту және оны қолданысқа енгізу. Мемлекеттік тілді қоғамдық орындарды қолдануды көздеу, әлеуметтік желілердегі медиа тұлғалардан бастау алу керек,себебі жас жеткеншектер мен балалар оларды көріп өсуде.. Тілдік процесттерді цифрландыру және ұлттық санын арттыру жайында республикалық жарыстарды жиі өткізіп тұру. 

  Қазақстан болашағы – қазақ тілінде. Өзге тілдің бәрің біл, өз тіліңді құрметте демекші, рухтылық пен ұлтымызды сақтауда қазақ тілінің орны мен берер пайдасы бөлек. Ол болмаса, біз құримыз. Жарқын болашақтың кепілі ол азаматтар мен саналы ұрпақта. Саналы ұрпақты өсіру үшін, қазақ тілін жетік меңгеру!

Вам может также понравиться...

комментария 2

  1. Жанібек:

    Жибека, молодец! Ойлағанның бәрі орындалсын! Алға 🔥

  2. Жулдыз:

    өте күшті статья!!🔥🔥

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *