Бар жанарды жаулаған-Жайдарман

Жайдарман-бұл талантты жастардың талантын одан сайын ашуға мүмкіндік беретін дамушы орта.Әзіл-оспақты қолдана отырып еліміздің мәселелерін ашуға,тіл мен дәстүрімізді сақтауға, сонымен қатар мәдениетімізді дамытуға,үлкен үлес қосып жүрген ауқымды жоба!

Барша жанға жайдарлы күлкі сыйлап жүрген Жайдарман 2005жылы 20маусымда *Қазақстан КВН Одағы* Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі аясында құрылды.Президенті:Есентүгел Елеукен Баймуханбетұлы.*Қазақстан КВН Одағының*президенті,2016 жылы ҚР Президенті жарлығымен белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет орденімен» Сонымен қатар 2017 жылы мемлекеттік тілге адал көзқарасы және қазақ тілінің дамуына қосқан зор үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.Қазіргі таңға дейін осы *Жайдарман*ойындарын үлкен ауқымда өткізуде.

Елімізге белгілі сатирик, журналист,Қоғам қайраткері Көпен Әмірбек атамыз өз сұхбатында:

*-Жайдарман деген ол -Дән, оны ексең көктеп өсіп шығады.Қазақстандағы әзіл-ысқақ,әзіл-оспақ театрлар жастар үшін универ,үлкен оқу орындары болса,Жайдарман деген ол -мектеп, колледж,яғни болашақ мамандарды дайындап жатыр*-деп пікір қалдырған еді.

Міне сондықтан-да Жайдарманды өнер мектебі деп айтсақта артық етпес.Кез келген өткізіліп,не көрсетіліп жүрген фильм,сериал, бағдарламаларда кемінде бір жайдарманшыны байқауға болады.Сонымен қатар Жайдарман ауқымды серіктестер тауып өз жобасын одан әрі түрлі лигалармен толықтырып,тек елімізде емес, сонымен қатар көршілес елдерменде бірлесіп жұмыс жасауда.Сондай-ақ елімізде орын алып жатқан жағдайларға байланысты әр өңірдегі Жайдарманшылар болып Батыс өңіріне көмектесуде және соңғы ойындарынан түскен қаражатты гуманитарлық көмек ретінде жіберген болатын.Міне мұның бәрі Жайдарманның достық мекені екеніне,жастардың талантын ашуға үлкен мүмкіндіктер беріп жүргеніне айқын дәлел!

20-жылға жуық тарихымен,өздерінің талантты жастарымен қоғамға үлестерін қосып,жалпы жастар арасындағы қозғалысты дамытып, еліміздің рухани байлығын кеңейтуге, мемлекеттік тілді сақтауға үлес қосып жүрген ЖАЙДАРМАН-ның орны әрқашанда ерекше!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *