БІЗДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Суйменова Маржан Кузембаевна
«Құрылыс инжиниринг» кафедрасы
Есенов университеті, Ақтау
БІЗДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында сәуірдің 25-26 аралығында да пәндік олимпиада өткізілді. Республикалық олимпиада студенттерге болашақ мамандардың арнайы кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және дарынды студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылып, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысатын команданы қалыптастыру болып саналады. Олимпиада 2 кезеңде өтіп бірінші кезең-университетішілік, екінші базалық жоғары оқу орындарында өтті. Олимпиадаға еліміздің 29 ЖОО келген 254 студент «Сәулет», «Қала құрылысы», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс технологиялары» бағыттары бойынша өз білімдері мен біліктілігін көрсетті.
Қатысушылар 19 пән бойынша бәсекеге түсіп, керемет қабілеттері мен таланттарын көрсетіп «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының 6В07303 –Құрылыс инжиниринг білім беру бағдарламасының студенттері техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Нигметов Мермурат Жалеловичтің ғылыми жетекшілігімен Арманд Рысты, Аманжолов Ақансері, Қуатов Жалғас, Мусаев Мейірбек қатынасты.
Олимпиадаға қатынасқан 25 ЖОО команда ішінен студент Арманд Рысты білім және зерделілігін көрсетіп, комиссия шешімімен «Құрылыс конструкциялары» пәні бойынша III орынды жеңіп алды.
Осы аталған студенттердің арасынан өзінің білімін ерекше көрсеткен «Құрылыс инжиниринг» кафедрасының 4-ші курс студенті Арманд Рысты болды. Арманд Рыстының білімге деген құштарлық, өз ойын анық жеткізе білу, үлкендерге деген құрмет, адамдармен тіл табыса білу, жауапкершілік, сенімділік, адалдық, алға қойған мақсатына қол жеткізе білуі және жан жақты мүдделері бар студент ретінде көремін.
Білімге деген құштарлық- адам әрқашан білім алуға, үйренуге, дамуға құштар болу керек. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»,-деген сөз бар. Сол себепті білім алудан жалықпаған дұрыс. Рыстыны белсенді студенттердің қатарынанда көре аламыз. Арманд Рысты тек білім жағында ғана емес университет қабырғасында болып жатқан әртүрлі шараларғада белсенділік танытып жүрген студенттерінің бірі.
Осындай жетістіктерге жеткен Есенов университетінің «Құрылыс инжиниринг» кафедрасы студенттеріне алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай жағымды жаңалықтарымыз көп болғай!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718