Пияздың емдік қасиеті

Абдикешова Б.Т

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Қарқаралы ауданы,«Қарағайлы кенті ЖББ№16орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Пияздың емдік қасиеті

 

Секциясы:Медицина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:7«А» сынып оқушысы

Егімбай Бексұлтан Алмасұлы

Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі

Абдикешова Бакытжан Тишбаевна

 

 

 

 

 

 

2019 жыл

 

Мазмұны

Түйіндеме (Аннотация). 3

Пікір. 4

Кіріспе бөлім.. 5

Негізгі бөлім.. 6

Химиялық құрамы.. 7

Пияз өсімдігінің қолданылуы. 8

Пияз шырыны- жастықтың қайнар көзі. 9

Пияз өсімдігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау. 12

Күнделікті тұрмыста халық медецинасының қоспасын дайындау. 12

Пияз сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі. 14

Қорытынды:. 15

Ұсыныстар :. 16

Пайдаланылған әдебиеттер:. 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйіндеме (Аннотация)

 

 

Зерттеу жұмысында халық арасында кең тараған көкеніс дақылы-пияз өсімдігінің емдік қасиеті жайлы толық мағұлұмат беріледі.Бұл жұмыс осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының бірі.Зерттеу жұмысы барысында пияз өсімдігінең емдік қасиеті.қандай ауруларға ем екендігі анықталады

 

Жұмыстың мақсаты:Пияз өсімдігінің қасиетін зерттеп,оның шипалық,емдік қасиетін,медицина саласына қатысын анықтау.Сонымен қатар пияздың адам өміріндегі маңызын ашып көрсету.

 

Жұмыстың міндеті:Пияз өсімдігінің пайдасын түбегейлі анықтау,қандай ауруларға ем,адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін зерттеу.Пияз жайлы деректер жинау.

 

Жұмыстың өзектілігі:Пияз өте пайдалы өсімдікекендігіне көз жеткізу болды.

 

Жұмыстың нәтижесі:Егер күнделікті өмірде және медицинада пияз өсімдігін дұрыс қолдана білсек,атаулы өсімдіктен адам өміріне қажетті дәрі-дәрмектер жасауға деген қызығушылық пен сұраныс артар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

 

 

Халқымыздың ертеден келе жатқан емдік шөптерінің қасиеттерін жаңғыртып,оны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында пияз өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеу барысында 7-сынып оқушысы Егінбай Бексұлтан өзінің қызығушылығы менбілімділішін таныта білді.Бексұлтан бар ынтасын сала ,пияз өсімдігін зерттеп,ол туралы мәліметтер жинақтады.Бұл қызығушылығы пияз туралы материал жинау барысында оқушыға көп септігін тигізді.Сонымен қатар ізденіс нәтежиесінде пияздың адам денсаулығына,бір сөзбен айтқанда,шынайы өмірде пайдасы бар екендігіне көз жеткізді.Осындай жас буын Егінбай Бексұлтанның талпыныс еңбегі жақсы бағаланып,ұсыныстары қабылданып,жастар халқымыздың емдік өсімдіктерін дұрыс пайдаланып,іске асырады деген сенімдемін.

 

 

 

 

 

 

Мектеп директоры:               Акимбаев.М.З

Жетекшісі:                             Абдикешова.Б.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе бөлім

Пияз өсімдігінің емдік шипасы деген қағиданы ұстана отырып атаулы өсімдіктің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым.Бүгінгі таңда қорғағалы отырған Пияз өсімдігінің ерекшелігі және емдік қасиеттері.Бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім мен анам ықпал етті.Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін күтіп баптауды ұнататынмын.Кейіннен өсімдіктердің адам өміріндегі маңызына түсініп,оған еш күмән келтірмедім.Халқымыз өсімдіктердің дәрілік түрлерін танып,оларды өз ретімен қолдана да білген.

Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді.Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер жинақтадым.Емдік өсімдіктердің түрлері өте көп,соның ішінде күнделікті өмірде тағамға көкеніс ретінде қолданып жүрген пияз өсімдігінің көптеген аурулурға ем екенін білгенде,осы өсімдік жайлы зерттеу жұмысын жүргізуге жөн көрдім.

Қазіргі таңда қоғамымызда түрлі аурулар белең алуда.Сол ауруларды емдік өсімдіктерді дұрыс пайдаланып, қолдана білу әрбір адамға тиімді болар еді.Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде демей ме атам қазақ.

Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан емдік өсімдіктерін танып,қасиеттерін зерттеп білу мен үшін алдыға қойған басты мақсатым деп білемін.

Зерттеу мақсаты мен міндеті.

Пияз тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік пияздың емдік қасиеті туралы түсінік беру, насихаттау.Зерттеу міндеттері:-пияздың құрамы мен қасиеттерін зерттеу- пияздың халық медицинасындағы маңызын дәлелдеу-ғылыми жоба нәтижесінде, іздене білсе табиғаттың берері мол екендігіне  көз  жеткізу.Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей мәліметтер қойылады:

  • ғылыми деректерге шолу,мәлімет жинақтак
  • пияз өсімдігінің морфологиясы мен биологиясын анықтау
  • пияз өсімдігінің өсу ерекшелігін анықтау
  • пияз өсімдігінің адам өміріндегі және табиғаттағы пайдасын анықтау
  • пияздың адам ағзасы үшін емдік қасиетін анықтап,емдік шипа ретінде қолдану.

 

Негізгі бөлім

Дүниесі: Өсімдіктер

Бөлімі: Жабық тұқымдылар

Класс: Дара жарнақтылар

Тұқымдас: Лалагүлділер

Туысы: Пияз/сарымсақ

Түрі: Пияз(Allium cepa)

Пияз-жуа туысының көп тараған түрі, мәдени өсімдік.  Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді. Пияздың шыққан жері-Қиыр Шығыс. Бірте-бірте Мысыр, Греция елдеріне жетіп, басқа елдерге тарай бастаған. Қай жерде болмасын, кез келген заманда пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдаған. Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.

Қазір пияз республикамыздың барлық жерінде өсіріледі. Тікелей тамырынан өсіп шығады, көп жылдық шөп тектес. Оның түбір түйнегі домалақ, сыртында қызыл немесе сары екі қабат қабығы бар. Иісі-өткір, дәмі-ащы. Шілде-тамыз айында гүлдеп, түбір түйнегі қыркүйек- қазан айларында қазып алынады.

Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұзындығы 20-50 см, 18-20oС-та жақсы өседі. Гүл шоғыры-шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы-қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5- 4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2- 4oС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы,қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 30С суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді. Тұқымы-қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5- 4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2-40С-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяуөнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі.

 

Химиялық құрамы

Пияздың құрамында (сортына қарай) 2,4-4% қант, 2-13,9 мг% С витамині, 18% құрғақ зат, 2%-дың шамасында белок,эфир майы, жапырағында -25- 47,7 мг% С витамині және 1,3 -5,9% А провитамині бар.

Құрамындағы эфир майының мөлшеріне, дәмінің ащылығына қарай Пияздың сорттарын 3 топқа-ащы, жартылай ащы және тәтті деп бөледі. Ащы сорттарында құрғақ заттың, қанттың және эфир майының мөлшері көбірек болады. Пиязды ауыспалы егісте көкөніс және егіс танабынан кейін отырғызып, жапырақтары сарғайған кезде жинайды. Шабындықта және жайылымдарда Пияз отырғызбаған абзал, өйткені Пияз мал сүтінің дәмін өзгертіп, жағымсыз дәм береді. Пияз ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Пиязға эфир майы ерекше иіс береді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар, ол ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат.

Пияз өсімдігінің қолданылуы.

Пиязды барлық тамаққа пайдаланады десек те болады. Алайда, пияз тағам өнеркәсібінде ғана емес, медицинада да қолданылады. Пияз шырыны іш өтуіне, қуыққа әсер етеді. Фармацевтика өнеркәсібінде «Сцилларе» деп аталатын сұйық дәрі шығарылады. Сонымен қатар пияз кардиологияда да қолданылады. Зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек құрамында да болады. Мысырлық бір шипагер былай деп жазады:-Адамдардың баламның қызуы көтеріліп кетті деп келсе, ашуым келеді, соған бола дәрігер, не болмаса дәрі, екпе салу керек пе екен? Үйлерінде кәдімгі пияз (жуа, сарымсақ, тіпті кей қазақтар лук деп те айтады) бар емес пе?Пікірімнің дәлелі ретінде болған оқиғаны баяндап берейін. Ауруханада қызуы өте жоғары көтерілген бала өліммен арпалысып жатқанда қарт әжесі келіп, шұғыл түрде бір бас пияз әкелулерін өтінеді. Содан пияздың қабығын тазалмастан екіге бөліп, баланың

табанына байлап, шұлығын кигізіп қояды. Ертесіне бала түк болмағандай, дені сап-сау ұйқысынан оянады. Табанына байланған пияздың түсі қап-қара түске айналыпты.

Тағы бір оқиға. 1919 жылы Мысырда тұмау індетінен 40 мың адам көз жұмады. Сол кезде медицина қызметкерлері елді мекендерде үйме-үй жүріп, адамдарға көмек көрсетеді. Қыстақтың шетінде тұратын бір диқаншының үйіне келіп таң-тамаша халге түседі. Себебі жанұя мүшелерінің бәрі дін аман, тұмауратқан адам жоқ.

-Бұл қалай болғаны, елдің бәріне тұмау тиіп ауырып жатыр, сіздің үйіңізде бәрі сап-сау,-деп сұрайды дәрігер.

-Міне, мынау ғой, күнде осылай жасаймын. Үйдің әр бөлмесінде бір пияздан қойылған,-деп үй иесі ортасынан екіге бөлінген пиязды көрсетеді. Аң-таң болған дәрігер пиязды ала сала микроскоппен тексере бастайды. Пияз қабаттарының арасынан тұмаудың вирустарының толып тұрғанын көреді.

Содан, ортасынан кесілген пияз микробтарды өзіне тартып, оларды өлтіретіні мәлім болады.

Өте оңай, бірақ өте пайдалы.Пиязда эфир майларының мөлшері көп. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ пиязды семіздіктен арылу үшін ем ретінде тағайындаған.

 

Пияз шырыны- жастықтың қайнар көзі.

Пияздың антисептикалық, зарарсыздандыру және қабынуға қарсы қасиеттері көп. Ол адамның сүйегін, тістерін және тырнақтарын күшейтуге үлкен үлес қосады. Пияз шашты жақсартып, адамның терісін жібек сияқты жұмсақ болуына көмектеседі. Себебі жуаның ішінде мырыш, күкірт және силикон сияқты пайдалы элементтер мол. Сондай-ақ, салмағыңызды азайтып, келбетті бола түскіңіз келсе пияз жеуден тартынбаңыз.

Пияз құрамындағы мырыш теріні жасартып, оның серпімділігін қалыпқа келтіреді. Пияздан жасалған бет маскасы әжімдерді тегістеп, теріні ағартады.

Түйінді пиязды үккіштен өткізіп, бал қосыңыз. Бетке зәйтүн майын жағып, пияз бен бал тұнбасын жағыңыз. Бет құрғай бастағанда, тұнбаны тағы екі рет жағып, бетіңізде шамамаен 30 минут ұстаңыз. Содан соң бетіңізді жылы сумен жуып, айран жағып қойыңыз. Айран пияздың жағымсыз иісін кетіріп, теріні тыныштандырады. Мұндай масканы араға екі күн өткізіп, жасап тұрған жөн. Маска барлығы 10 мәрте жасалған соң бетіңіздегі әжімдер тегістеліп, теріңіз ағарады, секпілдер мен қара дақтар кетеді. Беттің сопағы тартылып, жинақталады.

Пияз сығындысы-жасушаларды жасартатын сиқырлы сусын. Оның құрамындағы аскорбин қышқылы, йод, фитонцидтер мен кверцетин флавоноиды тері жасушаларының жасару мен қалпына келу процесстерін жылдамдатады.  Пияз тұнбасын ішу арқылы сіз тұмау ауруларының алдын алып, бет теріңіздің реңкін жақсартасыз. Тұнбаны дайындау үшін 10 пияз бен бір тал сарымсақты тазалап, 1л сүт құйып, 1 сағат бойы қайнатасыз. Піскен

сүтті сүзіп, суытасыз. Суыған сүтке 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаны тоңазытқышта қақпағы жабылған әйнек ыдыста сақтау керек.

Сығындыны аптасына 5 рет 1 ас қасықтан тамақ ішералдында  қабылдауыңыз қажет. Иммунитет үшін бұл аса пайдалы.

Пияздың өткір иісі бастың ауырғанын басады. Өйткені пияз құрамында фитонцидтер көп.

Пияз сығындысы тырнақты қатайтады.

Пияз асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартып, ағзадағы улы заттарды айдайды. Пиязды аптасына жеті күн бойы жеген жөн. Ал пияз көжесін ішсеңіз, қаныңыз тазарады, денсаулығыңыз нығайып, артық салмақтан арыласыз.

Пияз сорпасын әзірлеу үшін 6 тал пияз, бірнеше тал қызанақ, 1 тал қырыққабат, 2 тал болгар бұрышы, 1 түйін балдыркөк, бір түйін ақжелкен

қажет. Көжеге талғамыңызға қарай сарымсақ, кәді, қояншөп, сәбіз қосуға болады. Көкөністердің қабығын аршып, турап, дайын болғанша қайнату керек. Піскен сорпаға дәмдеуіштер мен бұрыш қоссаңыз құба-құп.Сорпаны күніне 3-4 рет ішіңіз. Осылайша бір апта бойы жоғарыдағы диетаны ұстансаңыз, салмақ тастайсыз, тамырларыңыз тазаланып, асқорыту жүйесі жақсарып, иммунитетіңіз нығаяды.

Түйінді пияздың әйелдер қауымы үшін пайдасы аса зор. 1 тал пиязда А мен С дәрумендері, кальций, калий мөлшері көп. Бұлар әйел ағзасының тұрақты жұмысы үшін аса қажетті болып саналатын заттар. Сондықтан күніне 1 тал түйінді пияз жегеніңіз жөн.

Ас қорытуды жақсарту жолдарының бірі болып табылады.Пияз майлы тамақ жейтін және ішімдік көп ішетін адамдарға ұсынылады. Ол тек бауырдың жұмысын жақсартып қоймай, ұйқы безіне үлкен әсер етеді, сондай-ақ, ағзамыздағы қант мөлшерін қажетті деңгейде ұстап тұрады. Пияздың осындай қасиеттері семіздіктен, жүйкенің тозуынан қорғап, қанның құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады және жүрек ауыруларының қаупін азайтады екен.

Жаралардың тез жазылуына көмек

Пияз сыртқы дәрі ретінде де пайдалы болып есептеледі. Ол жараның жазылуын жылдамдатады. Пияз компресін безеулер асқынған кезде, тері зақымдалғанда және тері күйіктерін емдеу үшін пайдаланған дұрыс. Қысқы мезгілде пияз адам ағзасының жұқпаларға қарсы тұру қабылетін арттырып, иммунитетін күшейтеді. Қалаған адам пияздың шырынын ішуге де болады.

Біріншіден, ас қорытуға жақсы әсерін тигізеді. Пияздың иісі өте жағымсыз екенін бәріміз жақсы білгілі. Алайда бұл көкөністің бойындағы ең құндысы да осы. Пияздың бойындағы эфир майы ауру қоздыратын-құрт, бактерияларды жояды. Сондықтан оны салатқа, бірінші және екінші тағамға, жалпы сәйкес келеді деген барлық тағам түрлеріне қосып, үнемі пайдаланған жөн.

Атересклероз, ми тамырлары ауруларына пияз сөлі мен балды араластырып (1:1), бір ас қасықтан күніне үш рет ауқаттанардан сағат жарым уақыт бұрын немесе содан екі-үш сағат кейін қабылдайды. Пияз сөлі мен кесінділері әр түрлі жараларға, соның ішінде ұзақ уақыттан бері бітіп болмаған жарақатқа, күйген жерге жақса, тиімді әсері тез байқалады.

Сүйелдер мен іріңді жараларға пияздың жылытылған ұсақ кесінділерін кір сабынмен араластырып (2:1) жағып, үстінен бинтпен орап тастайды. Бинтті күн сайын ауыстыру қажет.

Пияздың сөлі салқын тигеннен болатын ауруларға (тұмау, мұрынның бітелуі т.б) өте жақсы көмектеседі. Ол үшін сөл мен балды 1:1 араластырып, ас қасықпен күніне үш-төрт рет ішу керек. Егер тамақ ауырса, осы қоспаны бір

шай қасықпен күніне үш-төрт рет ішеді. Тұмау болғанда пияздың сөлін мұрынның айналасына жағады немесе туралған пиязды екі-үш минут иіскеу керек. Бұл тәсілді ауру жаңа басталғанда қолданған өте тиімді. Туралған пиязды шағын ыдысқа салып, бала ұйықтаған кезде (тұмау болғанда) бас жағына қойса, мұрнының ашылып, жақсы ұйықтауына көмектеседі.

Қатты жөтелен арылмасаңыз, пияздың көмегіне жүгініңіз. Ол үшін әйнек бөтелкені туралған пиязбен толтырып, бөтелкенің сыртын қамырмен қаптап, духовкаға салыңыз. Сырты пісті-ау деген кезде духовканы өшіріп, суығанын күтіңіз. Содан кейін қамырынан аршып, бөтелкедегіні үлкендер екі ас қасықтан күніне 3-4 рет қабылдайды, ал балаларға бір ас қасықтан берсе де болады. Мұндай ем созылмалы гастриті барларға да зиянын тигізбейді.

Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.

Қан қысымы жоғары адамдарға (гипертоник) күніне бір-екі пияз жеп тұрған өте пайдалы. Бір ескертер жай, асқазаны ауыратындарға пияздың таза өзінің сөлін пайдалануға болмайды. Бірнеше пиязды ұсақтап турап, оны басыңызға қалың етіп салып, он минут шамасында ұстаңыз. Сосын басыңызды шайып,жуасыз.

 

Пияз өсімдігін практика жүзінде қолдана отырып,емдік қасиеттерін анықтау.

Күнделікті тұрмыста халық медецинасының қоспасын дайындау

 

Қоспа №1

Түйінді пиязды үккіштен өткізіп, бал қосыңыз. Бетке зәйтүн майын жағып, пияз бен бал тұнбасын жағыңыз. Бет құрғай бастағанда, тұнбаны тағы екі рет жағып, бетіңізде шамамаен 30 минут ұстаңыз. Содан соң бетіңізді жылы сумен жуып, айран жағып қойыңыз. Айран пияздың жағымсыз иісін кетіріп, теріні тыныштандырады. Мұндай масканы араға екі күн өткізіп, жасап тұрған жөн. Маска барлығы 10 мәрте жасалған соң бетіңіздегі әжімдер тегістеліп, теріңіз ағарады, секпілдер мен қара дақтар кетеді.

 

Қоспа№2

Тұнбаны дайындау үшін 10 пияз бен бір тал сарымсақты тазалап, 1л сүт құйып, 1 сағат бойы қайнатасыз. Піскен сүтті сүзіп, суытасыз. Суыған сүтке 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаны тоңазытқышта қақпағы жабылған әйнек ыдыста сақтау керек.Бұл тұнба тұмаумен ауырғанда көмектесіп,имунитетті көтереді.

 

Қоспа№3

Шамамен 50 грамм мейізге 200 мл қайнаған су құйып, жарты сағат қоя тұрады. Сосын оған бірнеше пияздың сығып алынған сөлін (үш ас қасық көлемінде) араластырады. Бұл тұнбаны жөтел кезінде күніне бір рет жатар алдында бір жұтым шамасында қабылдап алған жөн. Сонда жөтелден тез құтыласыз.

 

Қоспа№4

Жараларға,сүйелге жапырақты ортасынан кесіп,ылғал жағын жағады.

 

Қоспа№5

Пияз қабығы тұмауды оңай жеңеді. Ол үшін қабықты ұсақтап кесіп, 4 ас қасығын қайнаған суға салып, 3-5 минуттай сол судың буымен дем алыңыз.

 

Қоспа№6

Әдетте, кішкентай балалардың бірқатарында аскарида болатыны белгілі. Сондай жағдайда бұрынғылар бір бас пиязды ұсақтап турап, бір стақан ыстық суға 10-12 сағат бұқтырып қойып, 3-4 күн бойы аш қарынға ішкізетін болған.

 

Қоспа№7

Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнату керек. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосасыз. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, түшкіріп, жөтеліп, қызу көтерілгенде, тамақ ауырғанда, бұлшық ет пен сіңір тартылып ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отыру керек. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.

 

 

 

Пияз сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі.

 

Тәжірибе№1

Пияз сөлінің ағзаға пайдасы.

Зерттеу әдісі:Мұрынға тамызу

Мақсаты:Жағдайын жақсарту

Уақыты:25,26,27-қазан2019жыл

Зерттелуші:Болат Жәния

Қортындысы:жағдайы жақсы

Ұсынылады:Пияз сөлі тұмауға қарсы бірден-бір ем болып табылады.

 

 

Тәжірибе№2

Жөтелге.қақырық түсіруге әсері.

Зерттелу әдісі:тұнба жасап,қолдану.

Мақсаты:жөтелді емдеу

Уақыты:15-21қараша 2019жыл

Зерттелуші:Серікбай Гүлім

Қортындысы:жағдайы жақсы.қақырық сұйылып,түсуі жеңілдеді,жөтел басылды.

Ұсынылады:Жөтелмен ауырғанда тұнбаны пайдалану.

 

Тәжірибе№3

Қабығының пайдасын зерттеу.

Зерттеу әдісі:қабығын қайнаған судың буын пайдалану

Мақсаты:мұрынның біткенін емдеу

Уақыты:25-26қараша2019жыл

Зерттелуші:Самат Темірлан

Қортынды:жағдайы жақсы,күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартты.

Ұсынылады:Тұмаумен ауырғанда,мұрын бітеліп ауырғанда пияз қабығын емге пайдалану.

 

Тәжірибе№4

Теріге әсерін зерттеу.

Зерттеу әдісі:пиядың жарты бөлігін жараға,сүйелге таңу

Мақсаты:сүйелді емдеу

Уақыты:19.10-26.10.2019жыл

Зерттелуші:Хайдар Адай

Қортындысы:жағдайы жақсы,сүйел біршама кішірейіп,жойыла бастады

Ұсынылады:Пиязды суық тигенде ғана емес косметологияда да қолдану

 

Қорытынды:

Қорыта келе, пияздың емдік қасиеті мол. Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында пиязбен емдеп жазуға болады. Бұл дегеніміз әр отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз. Міне, осындай емдік қасиеті пиязға адамдар мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Пияздың емдік қасиеті білген адам денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін пияздың маңызы өте зор.Сол себептен пиязды үй жағдайында пайдалануды ұсынамын. Бұл ең қолжетімді әрі үй жағдайында ем жүргізудің қарапайым жолы дер едім.

 

 

 

 

Ұсыныстар :

Осы зерттеу жұмысымды қортындылай келе,өзімнің замандастарыма, достарыма үндеу тастағым келеді Химикат дәрілерді пайдаланғаннан гөрі пиязды пайдалану арқылы көптеген ауруларды емдеуде денсаулығымызға зиян келіп жатады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда пияздың денсаулыққа пайдасының көптігін біле отырып, күнделікті тұрмыста жиі қолдануға кеңес беремін.

Мектеп оқушылары өз аймақтарында өсетін дәрілік өсімдіктерді танып білу үшін жазғы демалыстарында мамандармен,мұғалімдерімен топсеруен құрса.

Тек дәрілік өсімдіктерді насихаттайтын дәріханалар ашылса.

Халық еміне байланысты қоспалар жасайтын зертханалар ашылса.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *