Жақсы кітап – жан азығы
Сыламбек Фатима
Жақсы кітап – жан азығы
Кітап – адам баласының рухани азығы. Адамкітап оқыған сайын оның зейіні ашылып, өміргедеген көзқарасы өзгереді. Кітап оқу – адамдыартық ойлардан арылтып, миын тыныштандырып, рухани жетілуге септігін тигізетін дүние. Адамның білімін толықтырып,ақылына ақыл қосар бірден-бір құрал – кітап.
Жалпы адам мен кітап арасындағы байланыс шытырманға толы жол сияқты, өйткені әр кітап парағын ақтарған сайын жаңа дүниелерге көз жеткізесің. Кітап оқып отырып жылап та, күліпте, қорқып та және сол қорқынышты жеңіп те үйренесің. Қазіргі таңда кітап оқитын адамдарсаны азаю да. Бірақ бұл адамдар мүлдем кітап оқымайды дегендік емес, тек кітап оқитын адамдардың санының кемуінде. Алайда адамға бұл дүние керек болса, қажет етсе, ештеңеге қарамай, кітапқа деген қызығушылығын жоғалтпайды. Әр адам өз қызығушылығына қарай кітап оқиды. Мысалға кейбір адамдарға психология жанры қызық болса, кейбіреулерге көркем әдебиет немесе фантастика сияқты жанр қызық. Заманның дамуына байланысты қазіргі таңда аудио немесе электронды кітаптардың түр-түрі шығуда. Бұл арқылы адамдар кез келген уақытта, кез келген жерде электронды кітапты ашып немесе аудио кітапты тыңдай алады. Бұл адамдар үшін уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізеді. «Кітап – руxани сарқылмас қазына, жанның қазығы» демекші, біз қаншалықты көп кітап оқимыз, соншылықты өмірге деген көзқарасымыз ашық болады. Себебі кітаптан алар ой, түйер мағына – өте мол. Бұл адам баласының болашақта жеке тұлға болып қалыптасуының бір қабырғасы секілді. Жалпы жақсы кітап оқу өмірде жеке тұлға болып қалыптасуға көмектеседі.
Қортындылай келе айтарым, кітап – алтынқазына. Кітап жанның азығы, тәннің тыныштығы.