Ағылшын тілін білудің пайдасы

Сыламбек Фатима

Ағылшын тілі қазіргі таңда әлемді жаулаған тілдің бір десек қателеспейміз. Қазіргі өмірдегі ағылшын тілі адам қызметінің барлық салаларында үлкен рөл атқарады айта кетсек жұмыста болсын, саяхаттау,білім алу саласында да үлкен көмегін тигізеді.Қандай да бір жақсы оқу орнына түскің келсе де,шет елдерде жұмыс істеп  көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізгің келсе де сенің білуің керек зат ол ағылшын тілі.Көптеген ескітерге жол ашатын бірде-бір жол.

Бүкіл әлем қолданысын да бар бұл тілді тек әлемнің 20% адамы ғана сөйлей алады.Ал Қазақстан болса ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша көптеген елдерден артта қалып отыр. 2020 жылы ол әлемнің 100 елі арасында ағылшын тілін меңгеру индексі бойынша 92 – ші орынға ие болды. Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – ы онда еркін сөйлейді.Бұл Қазақстанның арта қалып жатқандығының белгісіме әлде тілді үйренуге қызығушылардың аздығынан ба?

Менің ойымша,бұл адам баласының өз болашағы үшін қам жемейтіндігін де.Иә әрине қазақ тілін ғана біліп қана жақсы жерлерден жұмыс табуға болады бірақ,тіл,білім артықтық етпейді біз қаншылықты бойымызға білім сіңірген сайын біздің болашағымызға үлкен жолдар ашылып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз

Мысалға айта кетсек тіл білу арқылы адам шет елдік адамдар мен аудармашысыз ақ еркін келісім шарттар жасап,байланысқа келе алады. Барлығы ағылшын тіліндене байланып тұр.Әлемдік сауда мен бизнестің негізгі тілін білмесең жоғары мансап пен жалақыдан үміт күту мүмкін емес демес қателеспеспін.

Ағылшынның сіздің қызығушылықтарыңызда да рөлі бар десем сенесіз бе?

Мысалға келтірсем,сіз көретін шетелдік кино,фильм,сериялдардың түп нұсқасымен ешқанда да аудармасыз ақ көре аласыз,оның аудармасын күтіп уақыт жұмсамайсыз.

Пайдаға толы аудармалары кездеспейтін кітаптардан өзіңізге керекісін ойға түйіп,өміріңізде қолданасыз.Шет елдік адамдармен достасып,еркін араласып кетуге де болады.

Шет елге саяхаттаған уақыттада ешқандай қиындықсыз ағылшын тілінде сөйлеп қана еркін саяхаттай бересіз.

Қортындылай келе,міне осының барлығы тек бір ағылшын тілін білгеннен жүзеге асырылатын дүниелер.Тіл-адам жанының тіл шамы.Бос уақытыңды пайдасыз дүниеленге жұмсағаннан уақытыңның бір бөлігін тіл үйренуге жұмсасаң көптеген мүмкіндіктер саған есігін ашады. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *