Неліктен қателік жасаудан қорқамыз?

Сайлау Әсел Алтынбекқызы

      Неліктен қателік жасаудан           қорқамыз?

Қателік жасау қалыпты жағдай.Неге ендеше шалыс басудан соншалықты

қорқамыз?Бес саусақ бірдей емес.Сол секілді адамзаттың да қорқынышы

әртүрлі.Көптеген адамның моральдық қорқынышы – белгілі бір нәтижеге

жетпей қателік жасау.Ол қорқыныш адам ішіндегі эмоциялар мен

уайымдаулардан тұрады.Адам өз миында әрбір іс-қимылын саралап

отырғандықтан , кері тарту процесстері де болып жатады.

Егер тәуекел етіп,алдыңызға үлкен мақсаттар қойып,жетістікке жетуді

ойлап жүрген болсаңыз,ішкі түйсігіңзіңде артқа тартушы факторлардың

болуы сөзсіз.Міне,қорқыныш осында.Өзіңіз қалаған нәтижеге жету үшін

міндетті түрде үлкен уайым мен депрессиядан өтудің қажеті жоқ.Қолыңыздан

келгенше іштегі қорқынышты сейілтіп, алға қарай ұмтыла берген абзал.Ал

қалғаны өз ретімен болады.Қателік жасаудан еш уақытта қорықпағаныңыз

жөн.Өйткені әрбір адам қателік арқылы өседі ,дамиды және жетіледі.

Адам баласы жасайтын қателік саны шексіз десекте болады.Кейбірі

қателіктен соң қайта тұрып ,оны қайталамауға тырысып,ары қарай өмірін

сүре береді.Ал кейбіреулері қателікті барынша түзетуге тырысып ,уақытын

өткізеді.

Сіз қателік жасаған соң өмір ағыны тоқтап қалмайды.Ол нарсені өзіңізден

басқа бәрі қысқа уақыт ішінде ұмытып кететін болады.Сондықтан ондай

уайымдардан арылып, барынша өрескел қателік жасамауға,жасаған күннің

өзінде қайталамауға тырысқаныңыз жөн .Ал үлкен істің бастамасында тұрып

қателік жасаймын деп қорықсаңыз -сіз жеңілдіңіз.

Аты-жөні:Сайлау Әсел Алтынбекқызы

Нөмірі 28Абылай хан атындағы ж.о.м 11-сынып оқушысы

Шымкент қаласы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *