Зұлқашева Райгүл Жақсылыққызы. «Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер»

Аты-жөні: Зұлқашева Райгүл Жақсылыққызы

Тақырыбы:

«Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер»

Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері аркылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.

Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудыңнегізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушыкөптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірак кез келген ақпаратты тыңдауарқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдауарқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, окылым), яғни айтылыпжатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не?

«Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым».

Тыңдай білу — тілдік қатынастарда аса қажетті біліктердің бірі. Бұл біліктіліктің адамныңкүнделікті өмірде атқаратын қызметі аса зор және адамның қатынас икемділігінің негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Арнайы зерттеулердің нәтижесінде адам орта есеппен уақытының 29,5% -ын — тыңдауға, 25,5% -ын — сөйлеуге, 10% -ын — жазуға жұмсайтындығы анықталған.

Іскерлік қатынастар жағдаяттарында жұмыс күнінің 16%-ы* оқуға, 9%-ы жазуға, ал 30%-ы сөйлеуге кетеді екен.

Тіпті ресми емес әңгімелесулердің барысында да адам әріптесінің айтқан сөзінің тек 60-70%-ын меңгеретін көрінеді. Абай Құнанбаев “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иа көргендеғибраттану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек” -дейді.

Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы.

Тыңдалымның мақсаты оқушыны: Аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушініңсөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардыңкөмегінсіз тусінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио бағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.

Тыңдалымның оқыту мақсаттары: сөйлеу дағдыларын дамыту, қарым-қатынас жасауға үйрету, қажетті қабілеттерін және психикалық функцияларын дамыту, сөйлеу материалдарын есте сақтау, мағынасын тусіну, берілген ақпараттан ең маңыздысын табуға үйрету, есту қабілетін дамыту.

Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: Оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.

Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптары:

Тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болуы керек;

Үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет;

Тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі тиіс;

Оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн;

Қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс.

Тыңдалым арналған аудиожазбалар мәтіндері оқылым түрлері оқушының жас ерекшелігіне орай таңдалуы тиіс, таңдалган мәтін оқушыны қызықтыратын тақырыптар болғаны абзал. Қиынмәтіндерді ұсынуда оған жеңіл тапсырмалар құрылады, ал жеңіл мәтіндерге керісінше қиын тапсырмалар құрылады.

Тыңдалым түрлері: мазмұнды толық түсіну, ең басты ойды түсіну, бөлшектеп түсіну, ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну болып табылады.

Тыңдалым оқыту кезеңдері: мәтін алдында, мәтінмен жұмыс, мәтіннен соң.

Тыңдалым – қазақ тілі сабақтарының ажырамас бөлігі болу керек.

Тыңдалымды меңгертуге байланысты білім, білік, дағдыларын дамыту келесі әрекеттермен байланысты: оқушылардың тыңдалыммен жұмыс істеу ережелерімен таныс болып, тапсырмаларды белгілі бір тәртіппен орындауын міндеттеу керек.

Оқытушы сабақты жоспарлаған кезде тыңдалым тапсырмалар оқытудың әр деңгейіне қарай іріктеліп берілуге тиіс. Оқушылардың деңгейіне қарай тыңдалым әрекетіне аутентикалықмәтіндерді міндетті түрде кіргізу керек. Бұларға теле-радио хабарларын, бейнежазбаларданүзінділерді тыңдатуды жатқызуға болады. Оқытушы ұсынып отырған мәтіннің оқушының тілді білу деңгейіне қарай тақырыбын, мазмұнын дұрыс таңдап, тапсырмалардың жеңілден қиынға құрастырылуын қадағалау керек. Аудиомәтінді ұсынғанда оларға арналған мақсат та бірге ұсынылады: Мазмұнды толық түсіну, ең басты ойды түсіну, ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап түсіну, болжам жасай білу және т.б. Тыңдалымды меңгертуге арналған тиімдітехникалық құралдар (аудиодискілер, бейнесюжеттер, ғаламтор мүмкіндіктерін және т.б.) мен оны өткізетін орынды, мезгілді таңдау қажет.

Тыңдалымды жаңа материалды меңгертуде және оқушының білімін бақылау, бағалауда да қолдану керек.

Тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу түрлері оқушының тілді білу деңгейіне, жас ерекшелігіне өмірдегі қажеттілігіне карай құрастырылады.

Сонымен қатар тыңдалатын мәтіндердің тәрбиелік мәні, оқушының қызығушылығын арттыратындай белгілі бір мәселесі және сөйлеудің әр түрінің (монолог, диалог, полилог) қамтылуы – мәтін мазмұнына қойылатын негізгі талаптардын бірі. Тыңдалған ақпарат қарым-қатынас жасауға негіз болу керек.

Тыңдалымды меңгерту де, бақылау мен бағалау да арнайы жазылған аудио, видеокұрылғылар, радио,ғаламтор және электронды оқу құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Бұл – өз алдына үлкен тақырып.

Жоғарыда аталған техникалық және электрондық құралдармен жұмыс істеу тыңдалым әрекетін меңгертуде тиімділігімен қатар, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын,белсенділіктерін арттырады. Олармен жұмысты тек тындалымды ғана емес, сөйлесім әрекетініңбарлық түрлерін меңгертуде, қазақ тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде жүргізуге болады. Әрбір оқытушы оны өз тарапынан қажетіне, өз әдістемесіне қарай қолданады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *