ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖАЛҒАСУДА

Балсекер Еркеназ Алматқызы

Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жаңа форматта ұйымдастырылды. Мектеп сахнасында Семей шаһары «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагерлері өнерлерін паш етті.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында оқу орнының шәкірттері орталыққа арнайы концерттік бағдарламамен барып, қарттардың көңілін сергітіп қайтқан болатын. Бұл жолы іргелі бастама NIS шаңырағында жалғасты.

Әуелі ата-әжелеріміз мектеп қабырғасына саяхат жасап, оқу орнымен кеңірек танысты. Кейінірек шәкірттеріміз зейнеткерлер әзірлеген концерттік кештің куәгері болды.

  • Бүгін сіздерге қонақ болып келіп қалдық. Мақсатымыз – жасөспірімдердің бойына салт-дәстүр, қазақилығымызды сіңіріп, ұрпақтар байланысының озық үлгісін көрсету. Орталыққа келетін барлық ата-әжелеріміз өнерден алыс емес. Бүгін өнер көрсеткен ең үлкен қариямыз 80 жаста. Осындай мүмкіндіктер үшін мектеп ұжымына, «Алтай» шаңырағына және ұйым жетекшісіне алғыс білдіреміз, – деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының музыкалық жетекшісі Еркежан Темірбекқызы.

Кеш соңында мектеп директоры Наркен Буркенов қонақтарға алғыс хат пен оқушылар дайындаған туындыларды табыстап, ризашылығын білдірді. Қос тарап бұл жобаның әлі талай жалғасын табатына уағдаласты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *