ЕБҚ ететін оқушыларға ППҚ көрсету барысында арнайы педагогтың іс-құжаттары
Мақсаты:
ЕББҚ бар баланы мектептің және сыныптағы жалпы білім беретін кеңістігіне табысты қосу үшін жағдайлар жасай отырып,мұғалімдерге көмек беру.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
- ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Лауазымдық міндет;
- Арнайы-педагогтың құжаттар тізімі
- Жалпы білім беретін мектептің
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕЖАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ - АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.Балаға дұрыс диагностика жасай алу
- Оқу бағдарламасын дұрыс құра білу
- Ата-анамен тығыз байланыста болу
- Циклаграмма дұрыс жоспарлау
- ҚМЖ құүрастыру
ППҚҚ- психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі.
Мектептің арнайы педагогы 6-шы және 338 бұйрықты,2019,2020,2021 жылғы әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып жұмыс атқарады.
ППҚҚ 6-шы бұйрыққа сәйкес, 2019 ж әдістемелік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. ППҚҚ басшысы ДОІЖО болады және оның құрамына мектеп психологы, арнайы педагог, әлеуметтік педагог және логопед мамандары кіреді.
ППҚҚ қызметі 2019 жылғы әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген 12 қадам бойынша іске асырылады. 7 форма бар, сол формалар толтырылады. Бұл формалардың үлгісі 2019 ж әд. нұсқаулықтың 32- бетінде берілген.
1-ші ППҚ бұйрығы бекітіледі.
2-ші ППҚ -ның жылдық жоспары жасалады.Жоспарда бір жылдағы істелінетін жұмыс жоспарланады.Бұл жоспарды ППҚ құрамына кіретін барлық маман бірігіп отырып құрады. Осы жоспарды негізге ала отырып әр маман өз жылдық жоспарын құрады.
3-ші мұғалім және ППҚ мамандары ЕБҚ бар оқушылармен танысады, балаға ПМПК қойған қорытындысы мен ұсыныстарын зерттейді. ППҚ мамандары ЕБҚ балалардың тізімін құрады. Бұл қыркүйек айының 1-ші аптасында жүзеге асырылады.
Осы уақыттан бастап формалар толтырылады
Оқу бағдарламасын бейімдеу:
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы – бір тоқсанға жоспарланады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. Қиындық туғызатын пәндер бойынша ғана оқу бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу бағдарламаларын арнайы педагог пен мұғалім бірге бейімдейді.
Жоғарғы сынып мұғалімдеріне жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу үшін бастауыш сынып мұғалімдері көмектеседі.
Оқушыларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай) бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Зерде бұзылыстары бар оқушыларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
ПМПК ұсынысында: “Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту» деп беріледі. Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқу жоспарын дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе шет тілі) айқындаудан тұрады.
- Ұсыныс:
- Ата-ананы психологиялық-педагогикалық біліммен қаруландыру;
- Ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру;
- Ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту;
- Баланың ғаламтордың шырмауына түсіп кетпеуін қадағалау.
Нәтиже:
- Өзіне-өзі есеп беріп,ойлары мен әрекеттерін талдай білетін;
- -Өзін-өзі бағалай алатын;
- -Өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, дамыта
- білетін;
- -Өз өмірі мен іс-әрекеттерін ешкімге де жүгінбей, өздігімен
- жоспарлай алатын жауапкершілігі жоғары және өзін-өзі
- реттей алатын тұлға қалыптастыру.