Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі

Шакирова Айымкөз Қуатқызы

Бөлім: Адам жанының құпиясы
Сабақтың тақырыбы Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі
Оқу мақсаттары 9.2.4.1 –  автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

9.2.3.1 – шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтау

дың (троп пен фигура) түрлерін талдау

Сабақтың мақсаты автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады

шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдайды

Бағалау критерийлері Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады;

Құбылту мен айшықтау түрлерін анықтайды;

Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы Ширату

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

–         Алдымызда қандай мереке келе жатыр, оқушылар?

–         Ең алдымен біз кімге алғыс айтуымыз керек?

«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлеміз.

Суреттер бойынша өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа көшеміз.

Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады

Сұрақтарға жауап береді, құрастырады, топқа бөлінеді. Суреттер бойынша сұрақтарға жуап береді Жүрек пішінді стикерлер арқылы бағалау Слайд

Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы Жаңа сабақ

1-тапсырма

Білімлэнд

Бейнеролик тамашалау

І топ-Тірек сөздер жазады

ІІ топ Сызба құрады

ІІІ топ Сұрақ құрастырады

2-тапсырма

ПАЗЛ артында құрастырлған мәтінді оқу

І топ

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.

ІІ топ

Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі – Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық.  Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. “Шәмші де,  Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін”- деді. Мұхтар Шаханов

ІІІ топ

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті  ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана

Мұхтар Шаханов

–         Сонда оқушылар «Сағыныш» өлеңі кім туралы деп ойлайсыздар?

Бейнеролик тамшалау. «Сағыныш» әні

3-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу, өлең құрылысына талдау

Шумақ:

Тармақ:

Бунақ:

Буын:

Ұйқас:

Дескриптор:

–         Өлеңді мәнерлеп оқиды

–         Өлең құрылысына талдайды

4-тапсырма

Айшықтау түрлерін табу, автор стиліне баға беру

Айшықтау түрі Өлеңнен мысал
   
   
   

Дескриптор:

–         Айшықтау түрлерін табады

–         Мысалдар келтіреді

5-тапсырма

РАФТ әдісі

Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Р – дос

А – дос

Ф – хат

Т – Сағыныш

Дескриптор:

–         Автор стиліне сүйенеді

–         Шығармашылық жұмыс орындайды

–         Хат жазады

Бейнероликті тыңдайды, топпен жұмыстанады

 

 

 

 

 

Мәтіндерді оқиды, сұрақтарға жауап береді, бейнероликті тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді мәнерлеп оқиды

Өлең құрылысына талдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айшықтау түрлерін табады

Мысалдар келтіреді

 

 

Автор стиліне сүйенеді

Шығармашылық жұмыс орындайды

Хат жазады

Жүрек пішінді стикерлер арқылы бағалау  

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=FPJn2cW7TAo

Сабақтың соңы Бекіту

«Бүгінгі күннің Төлегендері» әр топтан үздік оқушы шығып ортаға отырады, жан-жақтан шеңберде тұрған оқушылар оларға сұрақтар қояды.

Рефлексия

Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып жапсырады

   

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *