«SOLANUM LYCOPERSICUM L. VAR. LYCOPERSICUM (ГОРШЕЧНЫЙ ЖЁЛТЫЙ)» ҚЫЗАНАҒЫН ТЫҢАЙТҚЫШ АРҚЫЛЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРУ.
Макенова Әнел, Исаева Аяулым.
«SOLANUM LYCOPERSICUM L. VAR. LYCOPERSICUM (ГОРШЕЧНЫЙ ЖЁЛТЫЙ)» ҚЫЗАНАҒЫН ТЫҢАЙТҚЫШ АРҚЫЛЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРУ.
Маратқызы Н
Ғылыми жетекші, «Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕ АҚ биология кафедрасының оқытушысы, Өскемен қ
Исаева А., Макенова Ә.
Студенттер, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, Өскемен қ
Аннотация
Ғылыми жоба барысында Solanum lycopersicum l.var. lycopersicum (горшечный жёлтый) қызанағын үй жағдайында өсіріп, қолдан жасалған тыңайтқыш арқылы сапалы өнім алуды анықтау. Қолдан жасалған тыңайтқышты нәтижесін көру.
Қызанақты өсіру үшін үй жағдайында жасалған тыңайтқыштың тиімділігі мен пайдасын анықтадық.
Кілт сөздер: Solanum lycopersicum l.var. lycopersicum (горшечный жёлтый), борная кислота, йод, марганец, минералды заттар, су, топырақ.
Біздің мақсатымыз: Қызанақты үй жағдайында, қолдан жасалған тыңайтқыш арқылы қызанақ алу жолдарын зерттеу мен таза өнім алу, бақылау жүргізу. Біздің тақырыптың өзектілігі мен міндеттері: Қазір нарықта немесе дүкенде ағзаға зиянды заттары жоқ көкөністерді табу – нағыз проблема. Таза және сапалы өнімді өзіңіз өсіргенде ғана алуға болады. Қызанақты қолдан жасалған тыңайтқыш арқылы пайдалы және сапалы өнім алу.
Біздің алған қызанағымыз (горшечный жёлтый)- терезедегі құмырада, балконда және ашық жерде тығыздалған екпелерде өсіруге арналған өте ерте (өнуден пісудің басына дейін 83-93 күн) сорт. Өсімдік айқын (биіктігі 30-40 см), өте сәндік және жинақы. Жемістер шие тәрізді, тегіс, салмағы 15-30 г, піскен кезде сары болады. Дәмі тәтті, балды. Жаңа піскен тұтынуға, тұтас жеміс консервілеріне және салаттарды безендіруге арналған.
Ерте пісетін, өнімді сорт. Өсімдік орташа бұтақты, орташа жапырақты.Жаңа піскен жемістердің дәмі керемет. Темекі мозаикалық вирусына және фузариозға сезімтал, кладоспориозға өте сезімтал. Сорттың құндылығы: ерте пісетіндігі, жоғары дәмі,консервілеуге жарамдылығы.
Қолдан тыңайтқыш жасау жолдары:
- Ең алдымен борная кислота, йод, марганецты аламыз.
Сурет 1 – Қоспалар
- 1-1,5 г борная кислотаны алып, ыстық суға(қайнамаған) араластырамыз, марганецты қасықтың ұшымен алып, қоспамызға қосамыз. Келесі 60 тамшы немесе 5 мл йодты жай жылдамдықпен қоспамызға қосып, араластырамыз.
- Тұнбамызды 1 л суға араластырып, гүлімізге себеміз.
Сурет 2 Тыңайтқыш
Solanum lycopersicum l.var. lycopersicum (горшечный жёлтый) қызанағын 14.03.2024 ж. тұқымын алып, стакандарға 2-3 дәннен салып, су құйып, беттерін полиэтиленді пакетпен жауып жылы жерге қойдық.
Алғашында тыңайтқыш қоспай тек сумен суғарып жүрдік. 2 аптадан кейін қызанақтар өсіп бастады.
3 аптада тыңайтқышты қосып бастадық. Аптасына 3 реттен, себелеу арқылы тыңайтқышымызды қосып тұрдық.
Сурет 3 Тыңайтқышты қосу барысы
2-3 апта бойы дәл осы қарқында бақылау жүргізіп, қарадық. 1 аптада 8-7 см-ге өсіп тұрды. Және де тек тыңайтқышпен қаматамасыз етіп қана қоймай, бөлменің ылғалдылығына мән бердік. Суық кезде отырғызғандықтан ылғалдылық беру үшін, сол себепті де дәл себелеу әдісін таңдадық.
Сурет 4 Тыңайтқыштың нәтиже беріп жатқан кезі
Біздің қызанағымыз небәрі 1,5 айда гүл атты. Бұл үй жағдайында өсірілген қызанақ үшін жақсы нәтиже. Бұл нәтижеге тыңайтқыштың әсері маңызды болды. Осы нәтижені көре отырып, үй жағдайында да тез әрі сапалы өнім алуға болатынын көруімізге болады.
Сурет 5 Қызанақтың гүл атқан сәті
Қорытындылай кетсек, қызанақтың жақсы әрі сапалы өнім беру үшін тыңайтқыш қолданған дұрыс. Тыңайтқыш бұл- өсімідіктердің қоректенуіне қажетті және мол өнім алу үшін қолданылатын зат. Біздің жасаған тыңайтқышымыздың ішінде өсімдіктің өсуіне қажетті маңызды элементтер бар, олардың пайдасы:
- Борная кислота өсімдік үшін маңызды микроэлемент ол жемістің дәмін жақсартып, оны тәтті дәм береді.
- Марганец өсімдікті әртүрлі аурулардан қорғайды, бұл қызанаққа өте пайдалы антисептик.
- Йод жас өсімдікті саңырауқұлақтар мен зиянкестерден қорғайды. Йод жетіспесе егеннің өсуі баяулайды, жемісі нашарлайды.
Бұл ерітінді топырақты және өсімдікті тазартады шірік пен күйік қаупін 80% төмендетеді. Жемістердің өнімділігі мен сапасын арттырады.
Жоба барысында қызанаққа ең керек минералды заттарды зерттеп, бір тыңайтқыштың құрамына сыйдырдық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- https://www.hloroplast.com/vyrashhivanie-pomidorov/kak-virastit-pomidori
- https://youtu.be/jgu21ArNIww?si=_gGouB0h-DiAyvXs
- https://youtu.be/DA5pmnJkKss?si=dCSuq7Q5O1jeQKwt
- Ахатов А.К. Жылыжайлардағы қияр мен қызанақ. – 2011.
- 5. Гавриш С.М. Қызанақ. – 2005.
- 6. Тайны выращивания помидор. Энциклопедия Технологий и Методик, Патлах В.В.1993 -2007
- Все о помидорах. Как их самим вырастить и сохранить. Советы огороднику. Рецепты хозяйке. Москва, 1992 год.