Тәуелсіз Қазақстан
Жиенбаева Жаңалық Мұратқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік – бұл бір сөзге ие болған күллі қазақ халқының аңсаған арманының жемісі.
Тәуелсіз болу мағанасы өте тереңде жатқан еркіндік пен бостандық ұғымдары іспеттес. Тәуелсіз болуды кім болмасын қалары анық.Тіпті енді ес біліп, сөйлей бастаған кішкентай баладан бастап өзінің еркімен жүріп тұрғысы келетіні секілді, барлық адам өз қалағанын істеп, өзіне би , өзіне қожа болғысы-ақ келеді. Ал ондай бақыт екінің біріне бұйырмайды. Адам баласы тәуелсіздігінен айырылған күні-ақ тап бір қалың қапас темір торға түскен құс секілді күйде болары анық.Біреуге жалтақтап өмір сүруде адамның ой-санасын мәңгүрттікке айналдырары сөзсіз. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан мына үлкен әлемде де тәуелсіздігінен айырылып, отарға айналған елдер қаншама.Ал бұндай жай біздің елді де айналып өтіп кетпеді.Әрине, ел болғасын жанданатын да, құлдилайтын да сәттер болады. Ал осындай сәттерде міндетті түрде өзіңе тірек , қорған іздейсің.Бірақ сол таңдаған қорғаның қаншалықты саған қамқор, сенің пайдаңды ойлайтыны өзіңізге де мәлім болып отырған болар. Бірақ не жасыратыны бар. Жерімізді, еңбегімізді өзге елмен бөлістік. Тіліміз бен дініміз де бұрмаланды. Қай елде болмасын бірінші кезекте өз елінің мүддесін ойлайтыны айдан анық. Оған тіпті таласымызда жоқ. Бір мемлекет ішінде біргіп күш жұмсаймыз деп біріккен елдердің қабылдаған шешімінің астында жоспарланған үлкен саясаттың жатқаны да,қорғаныш керек елдің ойына кіріп те шықпағаны белгілі.Күн артынан күн өткен сайын дамымаған елімізбен, бұрмаланған тілімізді көрген кезде, өзіміздің біртіндеп отар елге айналып бара жатқанымызға көзіміз анық жетті. Әрине, бұл жағдай халқым деп басын бәйгеге тігетін өрен ерлерімізді бір орында ұстап тұра алмады.Оған Алаш зиялылар, қазақтың үш бәйтерегі мен бес арыстары сынды батырларымыз дәлел болады. Бірақ бұл зиялыларымызды да Ресей саясаты бей-жай қалдырмады.Оларды өз заманында қуғын сүгінге ұшыратты.
Алайда қазақ халқын тарих сахнасынан жойып жіберуге деген іс-әрекеттер мұнымен шектелмеді. Бұл істің жалғасы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне ұласты. Көтерілістің бастауы да бодан болып келген халықтың тәуелсіздікке қол жеткізуінің көрінісі еді. Қазақты азат етудің, қыспақ пен бодандықтан шығудың жалғыз жолы да осы болатын. Бұл жолда қанша жастарымыз құрбан болды.Қақаған қыстың аязы, желтоқсанның ызғарлы суығы ешкімді де аямады. Елім деп алаңға шыққан жастардың барлығы жан тапсырды.Міне, бүгін сол күнігі жастардың ұрпағы мына бізбіз . Азатпыз, тәуелсізбіз.Шүкір, бүгін еркінбіз.Әрине, біз тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқпыз қаншама адамның қанымен қанша адамның терімен келді жеңіс.
Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдында бір төбе.халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет – қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады .
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Бұл құбылыстың өзі тап бір ой санаңның еркіндігін , бостандығын паш етіп жатқандай.
Бүгін міне, тәуелсіз ел болғанымызға көзді ашып-жұмғанымызша 30 жыл толды .30 жылда көптеген жетістіктерге жетіп , биік асуларды да бағындырып үлгердік. Қазақстан дейтін алып кеменің тізгінін жаңа жолдармен үлкен бағыттарға бұрдық. Бүгінгі күні үлкен мемлекетке айналмасақта, өзге елдермен тереземіз теңесетін, шүкір, тәуелсіз мемлекетпіз.
Тәуелсіздік – Қазақстан қақпасын 1991жылы ызғарлы да, қаһарлы желтоқсанында қақан еді. Алай-дүлей болған қыстың қатулы аязымен бірге келген еркіндік күллі әлемді мойындатқан үлкен қуанышқа ұласты.
Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн біз үшін.
Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718