Мектепте білім беру мазмұнын жаңартудың оқу тілі орыс тілінде жүретін қазақ тілі сабағындағы тиімділігі

 Қабыл Динара Төлендіқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі                                                        Астана қаласы, Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейі                                                                           Қазіргі таңда бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптар енгізілуде. Техникалық прогрес пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, оқытушылардың білім беру мазмұнын жаңа қарап, оқу үдерісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігіне баса көңіл бөлінуде. «Технология» гректің  «teche»-өнер, шеберлік және «logosсо»-ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «нені оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Яғни, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру болып табылады.             

     Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту керектігі айтылған. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды білім беру салаларында үлкен талап қойылуда.

    Ал  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу  де ұстаздық шеберлікті талап етеді. Өзім осы жаңартылған білім мазмұнын жаңарту аясында оқыған курсымның арқысында ұстаз шеберлігін арттыратын көптеген жаңалықтармен танысып өз іс-тәжірибемде қолданудамын. Жаңартылған білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Тілдік мақсаттар 4 дағдыға сәйкес табыс критерийлермен бағаланады. Бұл тіл үренуші жас жеткіншектерге 4 дағдысын дамытуда септігін тигізеді. Тіл оқытуда нағыз осы 4 дағдыға көп назар аударған маңызды болып табылады. Тіл үйренуші оқушылар табысты оқу үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасы бойынша, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске асыруы қажет болып табылады.  Мен қазіргі кезде өз сабақтарымда айтылым, жазылым, оқылым мен тыңдалым мақсаттарын іске асыру үшін сабағымда жаңа  интерактивті әдіс-тәсілдерді тиімді  қолданудың арқасында жетістікке жетудемін. Яғни менің оқушыларым сабақ барысында табыс критерийлеріне жету үшін тапсырмаларды орындау арқылы айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары қалыптасуда. Әсіресе ауызша айтылым дағдысы  қарым-қатынастық оқыту түрі, «Диалогтік оқыту» технологиясын мемлекеттік тілде сөйлемейтін тіл үйренушілерге үлкен көмегі тиетініне көзім жетті.

Осындай көкейде жүрген үлкен мәселенің шешілетініне  жаңа бағдарлама бойынша 1-сыныптарды оқытқанда түсініп едім. Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама  әсіресе қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына толық әсері мол. Өйткені Осы мақсатқа жету үшін жеті  модульмен қоса «Диалогтік оқыту- сабақта итербелсенді әдістерді(стратегияларды) қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру барысында жақсы нәтижеге жетуге болатындығына көзім жетті. Яғни тілді жетілдіру адамдар мен қарым-қатынаста, әрекеттестік арқылы,  жақын арада даму аймағында, оқушылардың интербелсенділігін арттыру арқылы көздеген мақсатыма қазір өз іс-тәжірибемде  қол жеткізіп жүрмін.   Мысалы, біз сабақта «Бірлік болмай, тірлік болмас» – деген  әңгімені оқыдық. Тақырып бойынша оқушылар сурет салып қорғады. Постерді қорғаған Владислав : «Егер  адамдар достасып, бірігіп   жұмыс жасай білсе жақсы болады, ешкім оларға тимейді, ешкімнен қорқпайды, бірлік болады… » – деген өзге ұлт оқушым қазақ тілінде сөйлеуді қасындағы жүрген достарынан үйреніп, сөйлейтін болды. Осы сияқты дәлелдер сабақ үстінде көп болып жатады. Өйткені өзімнің теориядан алған білімімде …Выготский танымдық дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. Жақын арада даму аймағында, яғни балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында баланы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды орындаған уақытта жанындағы адамдардың көмегіне сүйенеді. Демек сабақ барысында мұғалім оқушыларға кедергі жасамай оқушыларға еркіндік беруі тиіс. Біз көбінесе оқушыларды сабақта сөйлетпей, еркіндік бермегендіктен оқушылардың еркін сөйлей алмайтындығына көзім жетті. Сол себепті, оқушылaрды жаңа заманауи біліммен дaйындап, олaрдың бойынан сaбаққа деген қызығушылықтарын дамытып, ой-өрісін, танып-түсініктерін кеңейтіп, сыни тұрғыдан ойлауға, сөздік қорын молайтуға, алған білімдерін жаттанды түрде емес, болашaқта пайдaлануға мүмкіндік алатын жұмыстар жүргізуді басшылыққа алу керектігіне  толық күмәнім жоқ. Әдіс-тәсілдерді қолдану барсында  оқушының  қайталап айтатын айтылым, сөйлесім әрекеттер арқылы оқушының итербелсенділігі артатындығы байқалды.  Қарым-қатынас әрекеттері көп болғандықтан оқушы бір-бірімен сөйлесулері арқылы тілдік қорлары дамыйтындығы,  әрбір тақырып бойынша сөздер қайталанады, қайталау арқылы сөздер жатталады, оқушының қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдылары қалыптасатындығын және жүйелі түрде өз ойын жеткізе білетінін байқадым. Сабақтағы қолданылатын стратегиялар тиімді қолданылса оқушыларда төмендегідей дағдылар қалыптасады:

– Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай білуге үйренеді.

– Оқушының танымдық қабілетін байытады, сол танымды қазақша жеткізе білуге үйренеді.

Сабақ өту барысында  әр түрлі стратегияларды қолдануда оң нәтиже       берген тұстарды атап айтсам, Мысалы:

Мәтіналды тапсырмаларда “Мадақтар бұрқасыны” мұғалімнен естігісі келетін сөздерді қағаздарға жазу.

“Ішкі және сыртқы шеңбер”  стратегиясы шеңбер жасап тұрып, бір-бірінен меңгерген сөздерін тексереді.

«Қос жазба күнделігі» мәтіннен алынған үзінді, түсініктеме.

“Броундық қозғалыс”: топ мүшелері тақырып бойынша сыныпты аралап мәлімет жинайды;

“Құнды пікір” стратегиясы: топтағы ең үздік пікірді анықтап, бағалайды;

ПОПС  формуласы-тақырып- 1) Пікір, 2) Дәлелдемелер, 3)Мысал, 4)Қорытынды бұл әдіс белгілі бір тақырыптың мазмұнын жүйелі жеткізуге үйрететін әдіс.

“Екі жақты күнделік” сабақтан алған әсері мен ұсыныстарын жазу, тиімді, тиімсіздігі. «Т»-кестесі, «Алты қалпақ», «5 жолды өлең» әдістері оқушыларды шығармашылыққа баулиды.

Сабақ барысында оқушылардың өздеріне  тақырып аясында оқушылар мәліметтер жинап, фотоколлаж арқылы әкелген материалдары бойынша сипаттама жасап, әңгімелеп беру, эссе жазу, тақырып аясында диалог, әңгіме-дебат, кумилятивті әңгіме, пікір айтуға үйренеді.   Осындай стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтары артып, тілдік қоры молайды.  Бұл оқу құралдарын пайдалануда қандай жетістікке жетіп жатқандығымды байқау үшін оқушыларды Блум таксаномиясының ойлау деңгейлері арқылы (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) бағалап, критерийлер қойдым. Оқушының білімін де, сөздік қорын да бағалауда табыс критерийлеріне жету үшін оқушы өз бетімен ұмтылатындығын байқадым. Яғни сабақ барысында сабақтың мақсатына қарай оқушылар өздері бүгінгі табыс критерийлері «не?» және оған қандай дескрипторлар қою керкетігін өздері болжап айтып отырады. Бұл үдеріс әрине әр күндік қалыптастырушы бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін тоқсан аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізілетіндігін ескере отырып  әр тоқсан аяғында оқушылардың тілдік қорын да  лексикалық минимумының нормасына сәйкес критерийге енгізіп балл қойдым.

 I жартыжылдық соңында оқулық туралы ата-аналармен оқушылар пікірін білу мақсатында  сауалнамалар жүргіздім. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушының ойын айта кететін болсам, ойын тапсырмалары, әңгіме-дебат,анықтамалар, кестелер, ойын тапсырмалары тілдік қорын дамытатындығын, сөздерді еркін қолдана алатындығын айқындадым. Ата-аналар пікіріне сүйенсем, әсіресе, 2-сынып ата-аналарының айтуына қарағанда оқушылар үйлеріне барғанда, сыныптағы үйренген сөздерін қайталап айтып, сыныптағы ойындарды ойнап болмай қоятынын айтты.  Осы орайда менің айтайын дегенім жаңартылған білім мазмұны тек оқушылардың ғана емес ұстаздардың да дағдыларын арттырмақ. Менің түсінуім бойынша ұстаздар келешекте көп мойнына алған жүктерінен арылады, әсіресе «Баға» қойып қана қоймай оқушыны табысты оқуға жетелейді, ал оқушы «Баға» үшін емес табысты оқу, жетістікке жету үшін оқиды.  Сонда баға үшін мұғалім, оқушы, ата-ана арасында дау-дамай тумайды. Бұл үшін ұстаздар да оқушы да осы жүйеге әбден үйреніп дағдыланып алуы қажет. Өз сөзімді Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі ынтамен, шын көңілмен істеуіміз шарт дегім келеді. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 ж.
  2. Авторлары: Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Ж.Ш.Саметова  «Қазақ тілі» оқу кешені.
  3. А. Әлімов, «Интербелсенді әдістемені оқыту мәселелрі» оқу құралы. Алматы-2013ж.
  4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы 2016 ж.

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *