Жарқын күнге жол ашады «Жас Ұлан»

Ұзақбаева Шарапат Қойшыбайқызы

Өскелең жас ұрпақтың бойында  патриоттық, білім мен өзін-өзі  жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан  тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Елбасының  тікелей бастамасымен «Жас  Ұлан» құрылды.

Жас Ұлан  өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен  бірлесе жүзеге асырды. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше  жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білеміз.

Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба  дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні  Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде  біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.

Еліміздің   Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл  Қазақстанның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатарына қосылғандығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі – еліміздің  тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.

Мәңгілік елдің тірегі  Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!- деп болашақ ұрпаққа үлкен  сенім  артқан. Иә бүгін  біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы  ата –  бабаларымыз қол жеткізген  Тәуелсіздіктің әрбір   арайлап  атқан   таңы біз үшін  бақыт, әрбір  мерекесі- ұмытылмас ұлы күн. Ел ертеңі, ұлт болашағы біз- бүгінгі күннің жастары.

 

Сондықтан, елімнің патриоты ретінде  Қазақстанның  жарқын болашағы мен ата – бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш – жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тырысамын. Алтын күмбезді  көгімде  қыран  құсты  байрағы  желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңты  Қазақстанның  Жас Ұланы екенімді мақтан тұтам .Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып,сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші ?! Мінекеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген  мемлекет орын алды.

Қазақ елі қайсары да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай  еңсесі іргелі, тұғыры нық , ырыс  пен ынтымағы , береке мен бірлігі  жарасқан елдің ұланы  екенімді мақтаныш етемін. Ата – бабамның қажыр қайсарлығынан  қуат, өрелі  өшпес  сөздерінен   өнеге, тығылымды  тәрбиесінен тәлім, батылдығынан  бойымызға  жігер жинап, керегесі мықты қазақ  елінің ұлжанды қыраны боламын. Болашақтың  іргесін біз секілді туған елімнің  Жас Ұландары  құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ  емес.

Біз бүгінде мектепішілік түрлі  шараларға , сенбіліктер мен кездесулерге, қайырымдылық акцияларына белсене қатысамыз. Жұдырықтай  жүрегіміздің түбіндегі Отанымызға  деген асқақ сүйіспеншілік бізді алға жетелеп, дәйім « Өз елінің – патриотты ұланы бол!» деп  дем беріп келеді. Арына жанын садаға еткен «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңты тарихымызды сақтайық.

Елге деген ыстық сезімімді  жетесіне жеткізген, бодандықта  бор болған  төзімділікті қыл  көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті  жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш – жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің  еңселі  байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған- Тәуелсіз  елдің Жас Ұланымын.

Біздің ел дамудың жаңа кезеңіне енді.  Мемлекет алдында  жаңартудың  жаңа, көлемді міндеттері тұр. Мықты әрі гүлденген  Қазақстан – Ұлт  Көшбасшысы, Президенттің жобасы, оның ойларын  жүзеге  асыруда  негізгі  рөл  ең  алдымен қазақстан  жастарына жүктеледі. Еліміздің жастары мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастыруы  керек, жаңа идеяларды бағыттап, Қазақстанның дамуына апаратын негізгі күш ретінде көрінуі қажет. Сол үшін  де біздің Президент  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  жастардың дамуына негізгі көңілін бөледі.  Нақ осы жастар қазірде азаматтық қоғамның белсенді бөлігі саналады: жас қазақстандықтар түрлі саладағы инновациялық  жобалар мен технологияларды игеруге бейімделген , жаңа білім мен идеяларды қуаттауда өмірге  күш – қуаты зор.

Елбасы  айтқандай : «Тәуелсіздік кепілі – бірлікте . Болашақ  ұрпақ өз елін көзің қарашығындай сақтауы керек.  Тек осындай жағдайда ғана біздің халық дамитын болады. Жастар аға буын өкілдерінің ісін  лайықты түрде жалғастырулары тиіс!»

Бүгінгі  Қазақстан – қоғам өмірінің  барлық  салаларында оң өзгерістерге  жетіп, саяси тұрақтылығы  қалыптасқан, экономикасы бірлік нығайып келе жатқан еңселі ел.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік- экономикалық дму үрдісіне қол жеткізгенімізді төрткүл дүние  түгел мойындады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *