«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы: таным және тәрбие

«Мәңгілік ел» идеясы Қазақ халқын бір мақсат пен мүдде жолына жұмылдырған ұлттық идея.Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман еткен тәуелсіз,бейбіт мемлекеттің іргесін мәңгілік етіп қалаған аталмыш идея туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында айтып өткен болатын.2014 жылдың қаңтар айындағы «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында Елбасы «Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деп мәлімдеді.(1)Халқымыздың асқақ арманын тұғыр еткен Мәңгілік Ел идеясы бүгінде ұлт болашағының басты бағдары ретінде танылып отыр.Оның мақсаты-өзге мемлекеттермен тең  дәрежелі,бейбіт,әділетті,қайырымды қоғамды құру.Бұл қоғам білімді,бәсекеге қабілетті,адами құндылықтарды сақтаған,ұлттық болмысымызды ардақтаған халыққа тиесілі.Сондықтан ұлттық идея жолында өткенімізді зерделеп,болашаққа нық сеніммен қарауға тиіспіз.Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың мәңгі мұратын белгілеген «Мәңгілік Елге» бағыт түзеу үшін оның түпнегізі мен болмысын білу және оны ұстану баршамыздың перзент ретіндегі парызымыз.

Ұлтымыздың алтын діңгегіне айналып отырған Мәңгілік Ел идеясы үш негізден құралған деген ғылыми тұжырым бар.(2)Олар: Еуразия жүрегінде орын тепкен Ұлы Түрік қағанаты билеушілері Күлтегін,Тоныкөк,Білге қағанның түркі жұртына арналған патриоттық идеологиясы;Ұлы ұстаз әл-Фарабидің ғылыми еңбектеріндегі «қайырымды қала» келбеті,сонымен қатар мемлекеттің құрылымы мен оның сипаты туралы Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі.Бұл еңбектердің әрқайсысы ата-бабаларымыздың асқақ арманын негіз етіп,оны теория мен дүниетанымдық тұрғыдан дамыта алды.

Мәңгілік Ел идеясының дүниетанымдық тарихын Түркілерден бастай отырып, оның қазығын Ғұндардың дәуірінен қарастырамыз.Ғұн дәуіріндегі ұлттық ұстаным ел бірлігі мен жер тұтастығынан алады(3)Атамекенімізге алғашқылардың бірі болып орын теуіп,ұлтарақтай жер үшін жауына қарсы күрескен Мөде қаған Ел ұстанымының негізін қалады.Осы тарихи кезеңнен бастап Қазақстанды мекен еткен әрбір тарихи мемлекеттің танымдық бағдары белгіленді.Бұл бағдар ары қарай сақтар мен ғұндардың ұрпақтары Ұлы Түрік қағанатының мемлекеттік мұратымен жалғасын тапты.олар Ғұндардың ел мен жерді сақтап қалу деген ұстанымын дамыту отырып,көшпелілерді бір орталыққа бағындыру,қуатты мемлекет құру,алып мемлекеттермен байланыс орнату,түркі халқының тайпаларын біріктіру сияқты мақсаттармен толықтырды. «Мәңгілік ел» деген ұғым қалыптасып,ол алғаш рет барша түркі халқына жария болды.Бұл бағытты әсіресе Шығыс Түрік қағанаты мықтап ұстанды.Оның ішінде Күлтегін мен Тоныкөк,Білге қаған сияқты билеушілерін атап айтқан жөн.Ұлы Түркі кезеңінен бастап жалпы түрік әдебиетінде «Мәңгілік ел» сөзі кездесе бастайды.Осы кезден бастап түркілердің арман мен мақсат жолыныңм бағдары «Мәңгілік Ел» болып қалыптасады. Түріктер халық пен мемлекет атауын «Ел» деп атаған.Сол «Елмен» бірге мәңгіліктің мақсатына жетуді армандаған.

Жырау Иолығ-тегіннің Күлтегін жырында «Мәңгілік ел» сөзін бірнеше рет кездестіруге болады. (2 нің 4-і)

1.Елдігіңді мәңгі сақтасаң,түркі халқында тоқшылық

2. Ол жерге барсаң түркі халқы,өлімшісің сен.Өтүген жерде керуен аттандырып,қойып отырсаң,елде мұң,қорқыныш болмас.Өтүкен жыныста отырсаң мәңгі ел тұтып отырарсың сен.Түркі халқы,сен тоқ та арық иеліксің

3.Мұнда шектім.Не бір айтар сөзім болса,мәңгі тасқа ұрдым.Мұны көріп біліңдер.Түркі халқы ,бектері,бодкс бағыныштылыққа,ебтеріңмен жаңылыш жасайсыздар сіздер.Мен мәңгітас тіктім.

4.Жасаттым.Бұл киелі жер еді.Қазірде киелі жерге айналды.Осында,киелі жерге мәңгітас жасаттым,жаздырттым.Бұл жазуды жазған Иоллуғ-тегін.Тасқа жаздым.

«Күлтегін» жырында кездесетін бұл сөздер түріктердің асқақ арманының айнасы ретінде көрініс береді.Ел мен жері татулықта,жердің бетінен жойылып кетпеуді арман еткен басшы сөзі «мәңгілік тасқа» қашалып жазылды.Расымен  «Күлтегіннің» жазбалары ескерткішке айналып,мәңгілікке бағдар алды,бүгінге жетті. Ұлы билеушінің түркілердің мақсатын айқындаған сөздері «Мәңгілік тасқа» айналып,Атамекеннің заңды иелерінің рухани бағдарын айқындап берді.

Түркі өміріндегі мәңгілік елдің мұраты тек Атамекен мен халықтың амандығы ғана емес,түркілік мәңгілік елдің нысанасы-мәңгілік рухани аңсар.Тәңірінің бұйрығы.Ол аңсар бұдан үш ғасыр бұрын да кейін де алынып отыр.Түркі халқын қалыптастырған мәңгілік аңсар» (5)Түркі халқының елдің елдігін сақтаудағы басты нысана-рухты сақтау.Рухымызды таза,асқақ күйінде сақтау,халыққа қиындыққа қорған болу,елді қорғау,намысты сақтау,міне түркілік мәңгілік аңсар дегеніміз де осы.

Еуразия даласын жайлаған,өз тәуелсіздігін алуға үлкен тәуекелмен барған түркі жұртының «Мәңгілікке» қойған бағдары, міне ,осындай.Жұртты біріктіріп,бір мақсатты арман еткен,небір жаудан тайсалмай, ақ найзаның ұшымен ел мен жердің рухы мен болмысын сақтаған бабалардың ұрпаққа аманаты- «Елді мәңгілік сақтау»

Бұл нысана дәстүр мен сабақтастықты сақтай отырып,одан әрі ойшыл,ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде көрініс тапты.Оның бәрімізге белгілі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Азаматтық саясат» еңбектері Мәңгілікке бет түзеген мемлекеттің келбетін кеңінен сипаттады.Бұл еңбектер  ортағасырлық түркі кезеңіне тиесілі болғандықтан Ұлы Түркі дәуірінің саяси-әлеуметтік қағидаларын негіз етіп алған.Трактат Түркілердің ортақ мұратын мақсат ете отырып,оны едәуір жоғары деңгейге көтерді.әл-Фарабидің бұл еңбектері түркілердің Мәңгілік ел ұстанымының теориялық-философиялық негізін жасады деп айтуымызға болады.(2)Ортағасырда жерімізге түріктердегі Көк Тәңірі,Жер мен Суға сыйыну секілді наным-сенімнің орнын басқан Ислам діні келе бастады. Сондықтан ұлы ойшылдың да саяси-әлеуметтік көзқарасында дін мәселесі шет қалған жоқ.

Ғұламаның саяси еңбектерінде қоғам мен мемлекеттің құрылымы,мемлекет басшысының бойындағы қабілеттер,тіпті, «Қайырымды қаланың» тұрғындарының ізгі қасиеттері туралы айтылған.әл-Фарабидің бұл идеялары «Мәңгілік Ел» ұғымын одан әрі жетілдірді,оған рахани мән қосты.Ғалымның ғылыми еңбектері көбінде адам жанының болмысына үңілді.Қоғамның кемелдеген сипатын адамдардың рухани байлығы мен ілім-білімінің деңгейінен іздеді.Оның еңбектерінде «қала» сөзі өз дәуірінде «мемлекет» атауының орнына қолданылғаны мәлім. «Қайырымды қала» концепциясы арқылы ол кемелген мемлекеттің саяси-әлеуметтік болмасын көрсете білді.Мемлекеттік түрлерін «қайырымды» және «қайырымсыз» деп бөліп алған ғалым олардың әрбіріне теориялық сипаттама беріп отырады.Оның еңбектерінде кемелдеген мемлекеттің тек рухани болмысы ғана емес,оның ішкі және сыртқа жағдайлардағы міндеттері толығымен сөз болады.Әрбір «Қайырымды қала» мәңгілікке аяқ басуы үшін оның ішкі және сыртқы күштері мықты болуы керек.Ғұлама сыртқы күш пен ішкі рух кемелдеген кезден бастап ол елдің «Қайырымды қалаға» айналатынын атап көрсетеді.Мемлекеттің сыртқы күші ретінде мемлекетті басқа жұрттар қорғау,саяси ұтымды келісімдер жасау,өзге мемлекеттермен терезесі тең күйде өмір сүру айтылса,ішкі күш ретінде «қала» басшысы мен халқының рухани  жетілуі,ғылымды меңгеруі сөз болады.Халқы бір-бірімен татулықта өмір сүретін,өзара жәрдемдесетін,ғылымды үздіксіз меңгеретін,дүниетанымы жетілген,басшысы парасатты,білімді,адал,қамқор мемлекет қана кемелдеген мемлекет бола алады.Бұл әл-Фарабидің Мәңгілік Елге» берген сипаттамасы.

Өзінің теориялық-философиялық ойларында ғалым басшы мәселесіне өте кеңінен тоқталған.Осыған дейінгі түркі халқының философиясында басшы Тәңірінің сүйген адамы ретінде танылып,оның билігіне халық толық бағынды.Ал ғұламаның пікірінде басшы бұл тек мемлекеттің басшысы ғана емес,әрбір салада басқалардын қабілеті артық адам өзінен қабілеті төмен адамдарға басшы болады.Осы теория арқылы мемлекет пен оның құрылымдарын басқару туралы ұғым қалыптасты. «Қайырымды қаланың» әрбір мүшесі бір Бақытқа жетуді мақсат тұтуы керек. «Ал қайсыбір қала тұрғындарының іс-әрекеттері Бақытқа жетуге бағытталмаған болса,онда жамандыққа ұшырайды» (6)

Әл-Фарабидің еңбектерінде «Мәңгілік Елдің» құрылымы мен халқының рухани болмысы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап беруге болады.Түріктердің ұғымында «Мәңгілік елді» сақтап қалу,қорғау,халықтың батырлығы мен бірлігі нысанаға алынса, әл-Фарабидің еңбегі оны одан әрі дамыта отырып, мемлекеттің,халықтың,басшының боллмысы кеңінен қарастырылды. Түркі кезеңінде негізі қаланып,әл-Фараби еңбектерінде ғылыми болмысы негіздеген «Мәңгілік Ел» идеясы өзінің мемлекеттік қағидаларын Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны негізінде қалыптастырды.Ортағасырлық Қарахан мемлекетінде мемлекеттік Заңның рөлін атқарған бұл  еңбекте жерді сыртқы жаудан қорғау,шаруашылықты басқару,мемлекеттің құрылымдарын жетілдіру,мемлекеттің ахуалын жақсарту секілді мәселелер айтылады.Бұл дастандағы басты ұстаным мемлекетте әділдікті сақтайтын,бүкіл халық бағынатын бір Заңнаманың болуы.Белгіленген ережелерге сәйкес мемлекеттің әрбір құрылымы басқарылса ғана ол мемлекет «Мәңгілік Елге» айнала алады деген тұжырым айтылады дастанда.Мемлекетті дұрыс басқару да тікелей Елдің басшысына жүктелетін міндет.Ал халқы түрлі әлеуметтік топтарға бөліне отырып,оған жәрдемдесуге тиісті.Шығарма кейіпкерлердің сұхбаты түрінде жазылған.Басты идеясы 4 кейіпкері арқылы кемел мемлкетке керекті 4 негізді көрсету: Күнтуды-әділдік, Айтолды-дәулет, Өгдүрміш-ақыл парасат, Одғұрмыш-қарапайымдылық.Осы төрт жиындық бейне  өзара сқхбаты арқылы мемлекетке керекті сипаттарды көрсетіп береді.Баласағұн мемлекеттің құрылымы туралы сипаттағанда мемелкеттің мықты болуы үшін адамдардың тобын: ел қорғаушылар,елшілер,білімді адамдарды дұрыс іріктей білу керек деп есептейді(2;221)Ал олардан басқа қорғаушы,шаруалар мен егіншілер,басқа да әлеуметтік топтар Әділ заңның айналасына топталуы керек.Әділ Заңның өзі халықтың жағдайын жақсарта алатын дұрыс Заңнама болуы тиіс.   Сонда  ғана мемлекеттік еңсесі биік,шаңырағы берік болады.Халық пен басшының берік қарым-қатынасы,Әділетті заңға бағынған,бір мақсатқа бой түзеген мемлекетке айналу бағыты әлі күнге дейін маңыздылығын жойған емес.Ғалым еңбегінде мемлекет басшысынан бастап,қарайпайым шаруаға дейін болмыс пен бітім,міндеті мен құқықтары туралы толық сипаттаған.Баласағұнның да ұстанған бағыты ел мен жердің ,жұрттың сапалы өмір сүруіне көмектесу,бірлесіп даму,әділетті қоғам құру. «Құтты білікте» әлеуметтік мәселелер де кеңінен талқыланған.Басыт идея-әлсіздерге көмектесу,халықтың жағдайын көтеру.Әлсіз топқа ортаңғы топтың,орташа топқа жоғары топтың жәрдемі арқылы бүкіл халық бір-біріне көмектесіп,дамыған мемлекетті құру.Оның негізі шығармада сөз болатын 4 негіз.Сол негіздердің байланысын сақтай отырып, әділ заңмен өмір сүру ата-бабаларымыздың «Мәңгілік Ел» туралы ережесі болатын. «Мәңгілік елдің» мақсаты «Құтты білікте» былай көрінеді:

Мәңгілік бек болам десең тегінде,

Заңды құр да зұлымды босат еліңде.

Бүгін,Елік,басшысысың халқыңның,

Сақтап елді,парасатпен салтын құр.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *