Топ-5 қазақстандық спортшылар

Спорт-белгілі ережелермен жарыс күйінде өтілетін әрекет. Физикалық қозғалыс маңызды болғанымен, ақыл-ойды да қажет етеді. Адамзат спортпен денсаулығын жақсарту және өзін өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорт сөзі Көне Француз тілінен басталады. 19 ғасырдың соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастады. Тарихқа зер салсақ 4000 жыл бұрын Қытай жерінде қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің пайда болғанын байқаймыз. Ал қазір спорт және спортшылар даму үстінде.
Қазіргі күнде адамзаттың даму деңгейіне сәйкес , әсіресе БАҚ пен жаһандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.
Қазақстандық спортшымыз деп мақтанып айта алатын спортшыларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейлерін атап өтсем. Бірінші – Геннадий Головкин. Геннадий Головкин – қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Екінші – Бекзат Саттарханов. Қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Өкініштісі спортшымыз қазіргі сәтте арамызда емес. Үшінші – Денис Тен. Денис Тен – қазақстандық мәнерлер сырғанаушы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлты қазақ болмаса да көк туымызды желбіретті. Спортшымыздың қазірде арамызда жоқтығы еліміз үшін үлкен қайғы. Төртінші – Илья Ильин. Қазақстандық зілтемірші, қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол үш салмақта (85,94 және 105 келіге дейін) әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы. Бесінші – Жанқош Тұраров. Ол қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Міне, Қазақстанның көк туын желбіретіп, даңқын көтеретін спортшыларымыз жетерлік.
Спорт – әлемдік аренада ел абыройын асқататын, ұлттың атын шығаратын сала. Спортқа көңіл бөлу – елдің абыройына назар салу деген сөз. Еліміздің спортқа көңіл бөліп жүргендігінің айқын дәлелі осы және басқа да спортшыларымыз. “Жеңіс бар жерде – жеңіліс те бар” демекші спортшыларымыз сан мәрте құласада, қайта тұрып, өрлеуді тоқтатпайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *