ШЫҒАРМАШЫЛ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адамның бала кезінде креативтіліктің дамуы екі түрлі болады. Біріншісі, қандай да бір бағытты таңдағаны көрінбейді. Бала мәдениеттің әр түрінің басын шалып жүреді. Бірақ есі кіріп өсе бастаған сайын баланың ойы жүйеленіп, өзін бір бағытқа бұра бастайды. Міне, бұл екінші түрі болады. Шығармашыл дарынды балалар туралы сөз қозғағанда, оның дұрыс бағыт таңдауы туралы айтамыз. Яғни, оқушы өзіне керектіні анықтай алды ма, жоқ па? Бүгінгі күнге дейін қаншама ғалымдар, педагогтар, психолог, әлеуметтік педагогтар, тағы да басқа арнайы мамандар дарынды оқушылардың психологиялық ерекшеліктері туралы қарама-қайшы пікірлер айтуда. Ең кең тараған пікірлердің бірі интеллектуалды және шығармашыл дарынды оқушылардың академиялық пәндерден немесе керісінше өнерге қатысты пәндерден үлгерімі жақсы бола бермейді, қоғам өмірінің ерекшіліктеріне ілесіп кете алмайды, құрдастарының арасында өзін еркін ұстай алмайды, психикасының тұрақсыздығымен ерекешеленеді дейді. Бұндай зерттеулер осы балалар ортаға бейімделе алмайды деген қорытындыға келтіреді. Мысалы, баланың креативтілік деңгейін жоғарылату мақсатында өтікізілген кейбір зерттеулерде балаларда төмендегі ерекшеліктер байқалған: агрессия, сезімталдық, депрессиялық сезімі жоғарылаған. Зерттеушілер креативтіліктің басым болуы балалардың қандай да бір невротикалық әлсіздікпен қатар жүретінін айтады. Олар невротиканың негізі: креативтіліктің қалыптасуы, қоршаған ортаның проблемалық жай-күйін қабылдау механизміне жатқызады. Өз мүмікіндігінің жан-жақты қырын іздеу, оқушының таңдау үдерісі, шешім қабылдау, тіпті психологиялық қорғанысы да әлсірей түседі. Мұның барлығы жеке тұлғаның өміріне өз әсерін тигізеді. Бұл үрдіске жауап та бар, баланың психикасы креативтіліктің қалыптасуындағы өзергерістерді тепе-теңдікте ұстап тұруы үшін қажет.
Креативтіліктің жоғарылауында бұзылған тепе-теңдікке назар аударудың екі түрі бар: креативтілікті төмендету арқылы бастпақы қалпына келтіру, креативтілікті әлсіретпей жаңа тұрақытылыққа ие болу. Соңғы қорытынды ретінде барлық бала бірдей креативтілікті оңай арттыра алмайды, кейбіреуінде эмоцияналды қолайсыздық болса, кейбіреуінде позитивті эмоциялар арқылы жүреді. [2.54]. Бұл зерттеулердің қорытындысы кейбір себептерге алаңдаушылық тудырады. Ал, жалпы шығармашылық-кез-келген дені сау баланың міндетті сапасы, ол арқылы бала өзінің туған ортасына тез бейімделе алады. Бұл тұрғыдан шығармашылық-баланың жас мөлшеріне сай болмаса, әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетеді. Бірақ ауруға жас мөлшеріне сәйкес келмейтін сапа- дивергентті ойлау алып келетіні тағы бар екенін ұмытпау керек. Осыған орай Д. А. Богоявленскаяның [1] зерттеуі мысал: бастауыш сынып балаларына тапсырмаларды орындауға бірнеше болжам берген. Ал нәтижесіндже үздік оқыған қыз тапсырманы орындай алмаған. Себебі ол қыз нақты бір шешімге келе алмаған. Бірақ қасындағыларға кеңестер беріп, тапсырамны орындауға көмектескен. Оқушының таңдаған бағыты проблемалық жағдайда жүйкесіне кері әсер етіп, оның шығармашылығына залалын тигізеді. Бұл жастағы балалардың ойлау ерекшелігі қарама-қайшылықтарды сезінбеуі. Оқушы екі болжамды да оңай әрі жеңіл қабылдап, өзінің әлем туралы түснігіне енгізе алады. Бала өзін қоршаған ортаның талабымен және ата-анасының көзқарасын қабылаудымен негізделеді. Ол біреуін ғана таңдап, екіншсін ысырып тастай алмайды. Бұл жаста таңдау жасау оқушының жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Таңдаудың болмауы- шынайылыққа невротикалық көзқараспен негізделеді. Таңдау талабының болмауы- балалық елестің шынайылылығы, оны ерескетер жоюға тырыспай, керісінше қорғаштауы керек. Бала таңдауға дайын болуы керек. Бұл оның өсуі мен толық дамуы негізіде пайда болады. Бірақ бұл жағдайда үлкендерге көмек беретін кейбір әдістер балаларға әсер етпей, олардың невротикалық күйге түсуіне де йін әкеліп соғады. Бұл Пиаженің баланың интеллектісіне қатысты генетикалық теориясын тағы да дәлелдей түседі. Ол теорияның негізі бала баспалдақпен өткендей деңгейлеп дамуы керек. Егер баспалдақтың біреуін тастап кетсе, ол невротикалық күйді әлсіретіп, оның тоқтап қалуына немесе ауруға шалдығуына әсерін тигізеді. Интеллектуалды және шағырмашыл дарынды оқушылардың проблемалық жағдайын Д.В. Ушаков та дәлелдей түседі. [3]. Ол көпсалалы пәндер марафонына қатысушы 800-ден астам дарынды баланы зерттеуден өткізген. Анықталғандай, 10-11 жас аралығындағы ұл балалардың жалғыздық шкаласында тапсырмаларды жақсы әрі нәтижелі орындауы байқалған.Себебі, бұл балалар достарымен қарым-қатынасқа кеткен уақытын сол пәндерден академиялық білімін жақсартуға арнайды екен. Бұған дәлел атақты адамдардың жазбалары, мысалы суретші С.Дали, шахматист Г.Каспаров, математик Н.Винер өздерінің автобиографиялық әңгімелерінде балалық шақтарының бірдей болғаны, балалықтан гөрі, тез жетілу болғандарын айтады. Мысалы Н. Винер: « Бала кезімде, мен барлығының миын жеп, қайдағы жоқ сұрақтарды қойып, бәріне жекөрінішті болдым. Сонымен қатар, жалғыздықты жақсы көріп, үнемі жалғыз отыратынмын, нәтижесінде адамдармен тіл табыса алмайтын, әлеуметпен қарым-қатынасқа түсе алмайтын адам болып өстім.»-дейді. Бұл жерде Винер өзінің ойлау қабілетіне емес, осыған жол-берген ата-анасы мен тәрбиені кінәлайтындай. Бұған қарамастан кейде интеллект бейімделудің жақсы жақтарын көрсетеді.
Яғни, дарынды балалар белгілі бір жағдайда тәрбиеленсе тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ, бұл жерде «оқымыстылар/ботаниктер» бейімделуге икемсіз, себебі олардың ата-аналары әлеуметтік дағдылардан гөрі, қарапайым өмірден гөрі, тек құрғақ білімге бағыттап, соны ғана талап етеді. Д. А. Богоявленскаяның айтуынша баланың даму шартының негізі жеке тұлғалық дамуы болып табылады. Егер оқушының креативтілігі жоғары болса, онда 7 жасқа келген баланың жеке тұлғалық мінезі жақсы болады. (өз-өзіне, қоршаған ортаға жақсы қарым-қатынас,өзіне-өзі есеп беруі ), ал орташа және төмен креативтілікте жеке тұлғалық даму деңгейі де орташа немес төмен болады. Ендеше дарынды оқушылармен жұмыс жасағанда креативтілігіне назар аударып, оларға құрғақ біліммен қатар жеке тұлғалық деңгейінде көтеруге арналған жұмыстар жасау керек. Ғылым мен өнерге де қаншама таланттардың осы жеке тұлғалық қасиеті төмен болғандықтан зардап шеккеніне тарих куә. Себебі дарынды баланың ақыл-ойы тез әрі жылдам дамығанымен жеке тұлғалық қасиеті баяу әрі шала дамиды. Нәтижесінде баланың бойында «психоәлеуметтік сезімталдық» пайда болады. Бұл дегеніміз, әділдік сезімінің жоғары болуы, жеке жауапкершілігі, адамгершілік қасиетінің дамуы, жоғары эмоционалды сезімталдығы өзгеріске ұшырайды деп білгеніміз дұрыс.
Дарынды оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуы тікелей ата-анасына байланысты. Бірақ бұған ғылыми дәлел болмаса да тарихи дәлеледер өте көп. Дарынды балада бейімделуі болғанымен оны тәрбиелейтін арнайы әдістің болуы да қажет. Мысалы, көптеген атақты музыканттар музыкаға ерте жастан келген: Моцарт-3 жастан, Мендельсон-5 жастан, Гайдн мен Гендель-7 жастан, Шуберт-11 жаста, Вебер-12 жастан, Керубини-13 жаста композитор атанған. Тура сол келесі суретшілер де Рафаэль мен Грез ( 8 жастан), Джотто мен Ван Дейк — 10, Бернини — 12, Микеланджело — 13, Дюрер — 15 [128]. Қазіргі балалар бұлардан қарағанда өздерін ерте көрсете біледі. Себебі бұл балалар көпбалалы, күнделікті күйбең тірліктен аса алмайтын ата-анасы болған. Ал бүгінгі отбасыларды 1,2 бала ғана, барлық тұрмыстық жұмысты машиналар жасайды. Яғни, анасы, әкесі балаға көп көңіл бөле алады. Сондықтан дарынды баладан нәтиже шығару үшін, оның әлеуметтік бейімделуіне назар аудару қажет.
Бірақ проблемалар болатыны анық, ол тек бала мен мұғалімнен ғана емес, тікелей ата-анасына да байланысты. Егер олар авторитарлық жағдайда тәрбиелесе, ол баланың невротикалық жағдайына қауіп төндіреді.