«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ»

Отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық, сүйіспеншіліктің, құрмет пен берекенің ошағы. Ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен имандылықтың, ізеттіліктің бастауы да – отбасы. Ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет – біздің қанымызға сіңген қасиет.  Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыптасуына отбасындағы жағдай айрықша әсер етеді. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп-өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды»  деген болатын.

    Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік қонақжайлылық, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасыларымыз көп-ақ. Сондай үлгілі отбасылардың бірі бүгінгі кейіпкеріміз, дарынды балаларды тәрбиелеп отырған ана – Капизова Бибинур Сагынгалиевна. Отбасында отағасы Капизов Оралбаймен 3 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Бибинур өзі Ақжайық ауылы МКҚК «Айгөлек» бөбекжайының жоғары санатты тәрбиешісі болып еңбек етсе, жолдасы Оралбай зейнеттегі полиция қызметкері, қазіргі таңда Ақжайық ауылының Казпочта фельдъегері. Үлкен ұлдары Дәулет Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі болып еңбек етуде. Екінші ұлы Адлет  бұрынғы Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, қазіргі Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп – гимназия – интернатын ерекше атестатпен бітіріп, Алматы қаласындағы Г.Даукеева атындағы Алматы қалалық энергетика және байланыс университетіне оқуға түсіп, үздік аяқтаған. Қазіргі таңда  Ақсай қаласындағы CHI ELECTRIC компаниясының КИПИА – инженері . Кенже қыздары Жібекте осы  Абай  гимназиясының  8-сынып оқушысы. Оқуда озат , үлгілі оқушылардың қатарынан. Жібек облыстық «Балдәурен» ән байқауының жүлдегері, Облыстық ақындар сайысының ІІ орын иегері және де 2017 жылы «Жыл оқушысы» номинациясын жеңіп алды.

   Ұжымда да, достар, туысқандар арасында да үнемі жарқын жүзбен сыпайы, кішіпейіл, сыйлы жүретін олар отбасында бір-бірімен тату. Балалары сабақтан кейін үй шаруасына көмектесіп, үйде бос уақыттарын көңілді өткізіп, өздерінің сүйікті, пайдалы істерімен айналысады. Ата-анасы балаларының жан-жақты дамуына барынша жағдай жасауға тырысады. Ерекше атап өтетін  күндері -Наурыз мерекесі, Аналар мейрамы, әрқайсысының туған күндері, мектептен жеңімпаз атанған күндері  бәрі – бәрі атаусыз қалмайды екен. Жақсылап дастархан жайылып, шағын мереке ұйымдастырып, отбасылық құттықтаулар мен «тосын сыйлар» жасалынады  дейді анасы.

    «Жыл сайын жазғы демалыстарын отбасымен бірге еліміздің үлкен қалаларына саяхаттауды әдетке айналдырған. «Балаларымыздың танымдылығы артып, болашаққа нақты жоспар қоюы үшін, жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндігінше, жақсы оқып, көпті білгендерін қалаймыз. Сол мақсатта олардың тәрбиесіне, оқуына, денсаулығына аса мән береміз. Олардың әрбір жетістігіне қуанамыз.бала деген – біздің болашағымыз!», – дейді дарынды балалардың анасы Бибинур.

   Осындай үлгілі жас отбасылардың арамызда көп екені белгілі. Бірақ жасыратыны жоқ, жақсы отбасыларды дәріптеуде кемшін түсіп жатамыз. Жақсымызды асырып,бір бірімізді ұлықтай жүрсек,қоғамның жақсы жағына өзгеруіне септігіміз тиеді.

  Жақсы адамдар жанымызда жүр. Отбасы құндылықтарын сақтай жүріңіздер, жас отбасы.

 

 

БҚО, Теректі ауданы,

 Облыстық дарынды балаларға арналған

Абай атындағы мамандандырылған

мектеп – гимназия – интернатының

кітапхана меңгерушісі Шолпан Шаяхметқызы

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Дана:

    Шолпан жарайсың!
    Шығармашылық табыс тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *