Мінез құлық

 

Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың ашу-қаһарын тізгіндеу, ортада өзін ұстау, жақсы дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылған. Әлеуметтік ортамен біріге отырып мінез-құлқында қиындық бар балалардың өзін-өзі түсіну әрекетін белсендірудің маңыздылығына  аса назар аударылған. Мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың ашу-қаһарын шығару тәсілдері, тізгіндеп үйрену жолдарын мақсатты түрде сәтті дамыту үшін қажетті жағдайлар жиынтығын модельдеу туралы автордың көзқарасы ұсынылған.

Тірек сөздер: есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалар, кохлеарлы имплант, қалдық есту, есту-сөйлеу ортасы, вербалды қарым-қатынас, активті және пассивті сөздік қор.

 

Ыза, ашу, уайым, қаһар, ұнжырға түсу, байыз таппау, үмітсіздік, қорқыныш, аяу, бауыр басып қалу, арандату, қызығу, дәрменсіздік, мақтау, бас ию, таң қалу, көңіл қалу, көкіректену, менсінбеу, жиіркену, шамдану, теріс айналу, қарғау, ренжу сияқты әртүрлі сезімдер мен әсерлер – кейбір заттар мен әрекеттердің аса маңыздылығына көп мән берудің салдарынан болады.

“Тербегіштер” сіздің жоғарыда аталғандай осал тұстарыңызды жіпке тізіп алып сізді ары-бері “тербей” бастайды да өзінің қуыршағына айналдырады. Маңыздылықты азайту дегенді өз сезімдеріңізді жою немесе олармен күресу деп түсінбеген лазым. Тек оның салдарын жою керек. Аса маңғаздық проблемадан басқа еш нәрсеге соқтырмайтынын түсіну керек те шектен шыққан маңғаздықты азайту керек.

          Kөп ересектер, балалар былай тұрғанда, өз жүрегінде не болып жатқанын, неге көңілі толмайтынын айтып жеткізе алмайды. Ал егер адам жан-дүниесінің жай-күйін таразылай алса, өзіне де, айналасындағыларға да жеңіл болады. Өзін-өзі түсіну қабілетін дамыту үшін келесі тәсілдерді ұсынамыз (баламен бірге жасаңыз): Балаға былай деңіз: «Өз-өзіңе құлақ сал. Егер көңіл-күйіңді бояуға болатын болса, оның түсі қандай болар еді? Көңіл-күйің қандай жануарға немесе өсімдікке ұқсайды? Ал қуанышыңның, мұңыңның, қорқынышыңның түсі қандай?» «Көңіл-күй» күнделігін жүргізуге болады. Онда бала күнде (күніне бірнеше рет болсын) өз көңіл-күйінің суретін салады. Ол бет-аузы қисайған адамның бет-жүздері, табиғат көріністері, адамдар болуы мүмкін, бала өзіне ұнағанын салсын

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *