Ойын-ой өсіреді
Базылбекова Айдана Нұржауқызы
Тақырыбы: «Ойын-ой өсіреді».
Балалық шақ-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы,демек адамгершілік, ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің қалыптасуының ең маңызды кезеңі. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті-ойын.
Ойын дегеніміз- жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды әр уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ,сонда үлкен мәнді де, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын тек баланың дене күшін ,қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ған тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына,есейуіне де пайдасын тигізеді.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті», ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білімге, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктерінің бірі-ұлттық ойындар.
Ойын да халық педагогикасының құрамды бір бөлігі.Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Еңселі ел болып, ана тілін, ата-салтын, дәстүрін қайта түлеуде. Жаңарған елге, жаңа тіл, заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесінде жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.
Ойын –бала табиғатымен егіз. Бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды. Балалардың алғашқы қоғамдық ойындарының бірі-құм кеңістігінде туындайды.Құмда ойнау барысында, бала өзінің қиялға толы және шындыққа жанасқан ішкі дүниесін ашып көрсете алады.Құмды араластыра отырып, бала саусақ моторикасын, ал құмның қалыпқа сиятын мөлшерін анықтай отырып, көз өлшемін дамытады. Бұл ойындар-балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытып, қиялдарын оятады.
Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы-баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыра білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды , жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады. Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген өлең шумақтары тегін айталмаса керек. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан. Баланың қуанышы да, реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде бала ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиялы, шығармашылық қабілеті дами түседі.
Ойын- тәрбие құралы, ақылды, ойды, тілді дамытады, сөздік қорды, сезімді кеңейтеді. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді.Ойын-эстетикалық тәрбие құралы. Балалар негізінен ойын үстенде тез тіл табысады.Баланың ойына қарап, оның психологиясын білуге болады.Кейбір балалар ойын кезінде еркін қозғалып, басқалармен тез тіл табысса, кейбір балалар басқа балалармен араласа алмай, көңіліне ұнаған ойыншықты басқалардан сұрауға батылы жетпей тұрады. Әрине, бұндай кезде педагогтардың көмегі қажет.Ойын кезінде ойыншықтарды өзіне жинап алып, «менікі» дегеннің орнына, «біз», «біздікі»деген ұғымды айтуға дағдыландыру керек.Бала ойыны үшін қажетті құрал-ойыншық.Ойыншық бала ойынын қызықты, әрі көңілді өту үшін оған көп көмектеседі. Мысалы, машинаны ойнап отырған балалар ойын кезінде жол жасап, құрылыспен шұғылданып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болса,қуыршақ ойыны кезінде қыздар өздерін қуыршақпен салыстырып, олармен сөйлесіп тілін дамытады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні- болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, яғни, бұл ойындарда дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады.Қазіргі заман талабына сай қалыптасқан: Әріп таңдау,Сымсыз телефон, Сыңарын табу сияқты ойындармен қатар көптеген спорттық ойында да жиі кездеседі.Әрбір ойын балаларды бір-біріне жақындастырады,қиыншылықты жеңіп, табысқа жетуге баулыйды.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар,сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен,олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысуына көмектеседі. Ойындар баланың зейінін,есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Шағын орталықта болсын,балабақшада болсын балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талапта жоғары болып келеді.Осы орайды тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:
Тәрбиеші мен баланың арасындағы педагогикалық әдеппен ынтымақтастықтың сақталуы;
Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгеру, оның бала зердесіне әсер етуі,қабылдауы,есте сақтауы;
Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;
Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын ныңайтуға әсер ететіндей болуы шарт;
Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып, бірнеше компонеттерін құру. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын ереже белгілейді.Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастармен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді.Жалпы ойынның түрі балаларға адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты-бала бойына нұрын себеді.Ойын арқылы алған тәлім-тәрбие балаға дұрыс жол көрсетеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718