Журналистика- мен таңдаған мамандық

Сабитхан Балнұр Шеризатханқызы

Журналистика- мен таңдаған мамандық

Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.

Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн.

Баспасөздерде (газет- журналдарда) қазақ тілінің грамматикасына, жинақылыққа, емле дұрыстығына, тақырып қоюға үлкен шеберлік қажет.

Ал радио-телевизия саласында қызмет атқаратындар әр сөзінің дұрыстығына әрі тұнықтығына, тұлғасы мен әлпетінің сәйкестігіне айрықша назар аударуы тиіс.

Қорыта айтқанда, білікті журналист болу үшін біз көп оқып, көп біліп жалпы жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз, шындықты ту етіп халыққа жеткізу арқылы ғана мәреге жете аламыз.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *